7


  • Учителю
  • Доклад на тему Мнемотехника арқылы жаттау

Доклад на тему Мнемотехника арқылы жаттау

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Мнемотехника арқылы жаттау

Мақсаты:

Балаларды мнемотехника әдістері арқылы мәнерлеп оқуға және жедел жаттауға үйрету.

Міндеттері:

  • Балалардың мнемокесте арқылы тақпақ жаттауға деген қызығушылығын арттыру.

  • Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға

жаттықтыру,ойлау,көру,есте сақтау қабілеттерін дамыту.

  • Тақпақ жаттау арқылы байланыстырып сөйлеу тілін жетілдіру.

«Өлең, мақал, жаңылтпаш, ертегі, жыр -

Мұның бәрі жанды сөз, ішінде сыр.

Елдің сәні сақталар жақсы сөзбен Қай жұрт болсын толассыз осыған құл» -



демекші ана тілінің құдіретін қанша айтсақ та тауыса алмайтын жыр.. Туған тілге деген сүйіспеншілік бала кезден басталады, бұл кезеңнен басталмаса қиынға соғады. Жас бүлдіршіндерді өз тілін құрметтеуге үйретіп, ұлттық тәрбие беру әр ұстаздың міндеті. Ұстаз мамандығы - үнемі ізденісті қажет ететін, қызығы мен қиындығы көп жұмыс. Қызығы баламен бала болып, оның көңілінен шыға білу болса, ал қиындығы қазақтар арасында біріңғай орыс тілін үйренуге бой бұрып, ана тілін жатсыну тәрізді жағымсыз тенденцияға байланысты бүлдіршіндердің тілі орысша шығып, балабақшада орысша сөйлесуі . Әрине мұндай балаларға қазақ тілін үйрету оңай емес және сонымен қатар орыс топтарының балаларына қазақша дәріс беріп, оларға тілдің мәнісін ұғындырып, қазақ тіліне аз да болсын үйретіп, ат салысу да оңай емес. Сондықтан бұл мәселеге дұрыс назар аудару керек.



Балалармен бірге тақпақ жаттау.

Балабақшада балалармен бірге тақпақты көркем сөзге деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу мақсатында, поэзияның ең жақсы үлгілерін қабылдауды байыту үшін қолданылады. Сондықтан балалармен жатқа жаттау үшін эстетикалық тәрбиелік мәні бар тақпақтарды таңдап алу керек. Балаларға арналған тақпақтар көбінесе балалар өмірінен алынған. Олар қызықты ойындар туралы, ойыншықтар мен үй жануарлары туралы, туған табиғаттың жүрекке жылы, жайлы суреттері туралы болады.

Сәбилер тобында балалардың алдында тек жатқа жаттап алу мақсаты ғана тұрады, бұл жерде айта кететін жағыдай бала бұл жастағы өлеңнің толық мазмұнын түсіне алмайды, сондықтан болар олар тек тақырыбымен өлеңнің өзін ғана сартылдатып жаттап алады. Егерде мұғалім әртүрлі ойын жағдайларының көмегімен көптеп, бірнеше рет өлеңді қайталап жіберсе, онда бала қалай жаттап алғанын білмей де қалады. Мысалы,сәбилермен «Қуыршақ» туралы өлең жаттауда бастамас бұрын сызбаға қаратып өлең жаттауды бастайды және бір баланы шақырып алып қуыршақты ұстатып қоюға болады. Балалар әрі сызбаға қарап отырып тіпті бірнеше рет қайталап тастағанын білмей қалады. Өйткені қуыршақты ұстап отырғысы келетіндердің қатары көбейіп кетеді. Әрбіреуі оқыған сайын қайталай берілсе, еріксіз есте сақталынып қалады. Ал егер құр ауызбен жай ғана қайталай берілсе, онда ол балаға ұнамай, қызықсыз болып кетеді және тез зерігіп кетеді. Ал қуыршақпен ойнай отырып, әрі қызықты сызбаға қарап отырып жаттау - ол әрине бір басқа іс. Сонда біз бұл жерде ойын әдісін қолдануға болады. Ал осы жаттап жатқан процесте мұғалім балалардың мәнерлеп жаттау процестеріне де көңіл аудару керек. Балалар жанын беріп жаттап жатқанда, өлең бір қалыпты жатталынып кетпеу керек.

Бала үлкен бола бастаған сайын екі етпеуге тырысады, сондықтан мына ережені есте сақтайық:

1. Қарапайым, бала бірден түсінетін тілмен айтуы қажет, яғни өлең жолдарының мазмұнына қарай оқу мәнерлілігі де өзгеретініне көңіл аударса болғаны.

2. Ойын жағдайларын қолданғанда, олар ең оңайынан басталып жатталынуы қажет, мысалы, жоғарыда айтылған «Қуыршақ» сияқты немесе «Нан қоқымын шашпаңдар» өлеңінде: 1. (Кесте.суретін көрсету)

Нан қоқымын шашпаңдар,

Жерде жатса баспаңдар.

Теріп алып қастерлеп,

Торғайларға тастаңдар - деп оқығанда мұғалім алдымен кіріспе әңгіме жүргізе отырып, мәнерлеп оқуға да тоқталады (дауыс ырғағын өзгертеді). Бірден тәрбиелік мәніне де тоқталады.

Естияр жастағы балалардың өлең жаттау барысы қалай өтеді?

Сабақ басында балалардың өлең жаттауға деген қызығушылығын арттыру керек әрине, сұрақтар қойып ашып алуға тырысады немесе ұқсас бейнелерді іздейді. Содан кейін мұғалім өлеңді өзі оқиды. Бір рет оқығаннан кейін өлең жатқа жатталатыны туралы айтып өтеді. Бұл жерде сызбаны бірден көрсетіп жаттатуды қоя тұру керек, сызба бір сиқырлы сәт болып көрінетіндей болу керек. Тағы да айта кететін нәрсе, бұл жерде мұғалімнің өзінің әртүрлі әдісті өзінің қалауы бойынша қолдануына байланысты, мысалы, бірнеше рет оқығаннан кейін, тез жаттайтын балаларды шақырып алып сызбаның көмегімен айтып беруді ұсынады немесе қалауы бойынша шақыруға болады, тіпті жай ғана бір-бірден шақырып алуға да болады. Осындай жеке-дара оқыту мұғалім мен тәрбиешінің өзімен ғана болуы керек. Басқа сабақтарда шақырылмаған балаларды шақырып алып оқытуға болады, өйткені жаттау процесі бірнеше сабаққа созылуы керек және үнемі қайталап отыруды талап етеді. Қайталауға 10 минут қана уақыт беріледі, сонда әр баланың жаттауына мүмкіндік туады.



Ересек және дайындық топтағы балалардың өлең жаттаулары.

Сызба арқылы жаттағанда да, мұғалім алдымен балалардың мәнерлі оқуына көңіл болу керек, бала оқығанда табиғи өз қалпында болса, яғни өте ақырын, асықпай, айқайламай айту керек. Балаларға сызба арқылы өлең ұсынғанда барлығын бірдей сурет арқылы жасамай, жартысын сөз арқылы жасауға болады. (Үлгілері керек)



Жоғарыда айтылғандай, тақпақтар үнемі қайталанып отыру қажет, айына 1-2 рет. Тіпті құр қайталауға арналған сабақтар құруға болады. Осындай қайталау сабақтарында тақтаға басқаларынан гөрі баяу жаттайтын балаларды шақырып отыру керек. Қайталау арқылы балалардың есте сақтау қабеттері дамиды.

Балалардың есте сақтауға қалай үйрету керек? Сәбилер жасынан бастап біртіндеп, жоғарылай бастаған сайын қиындата түсуге болады. Ең алдымен есте сақтау және еске түсіру деген мағыналарды түсіндіру керек. Алдымен бұл сөз «Қайталау» деген сөздің синонимі ретінде көрінеді. Қайталау арқылы көп нәрсе еске түседі, сызба арқылы қолданған суреттер көз алдыңа елестейді, ерікті есте сақталынғаны білінеді. Сонымен ерікті есте сақтаудың әдістері:

  • өлеңді қайталау;

  • өлеңді еске түсіру;

Бірақ бала қайталағысы келмеуі мүмкін және есіне түсіруге әбден ықыласы болмайды, сол кезде небір ойын жаттығуларын қолдану керек. Ол мұғалімнің біліктілігіне байланысты.

Дайындық тобының балаларына сызба арқылы қолданған талдау - жинақтау әдісі - негізгі әдіс болып саналады.

Талдау-жинақтау әдісі қалай жүргізіледі?

Сызба арқылы жаттау кезінде талдау мен жинақтау бір-бірімен тығыз бірлікте, байланыста жүргізіледі. Балалар талдау арқылы сөздерді суретке қарап қайталап, ажыратады, ал шала жүргізілетін жинақтау арқылы сөздерден сөйлем құрастырып үйренеді, яғни жаттап үйренеді, сөйтіп сөздерді жеке-жеке оқымай, бір-бірімен қосып, сөйлем етіп, өлең жолдарын оқитын болады.

Талдау-жинақтауға жаттықтан кезде, мына жағдайларға сүйену керек:

1) Керек сөзді бірден тауып алып, сол сөзге жүгіну;

2) Өлең құрамындағы үйретілуге тиісті сөздің айтылу процесімен таныстыру. Мысалы, мұғалім нақты бір сөзді суретке сүйене отырып бөліп алып, айтқызып көреді де, ол сөзді айтқанда сөздің анық шығуын қадағалайды, тіпті кей кезде өздерің байқаңдар дейді, яғни сөзді қайта-қайта өздеріне айтқызып көру арқылы, естеріне сақтап қалғанын байқайды. Сөйтіп өздеріне айтқызу арқылы, қалай жаттап алғандарын да білмей қалады.

3) Өлең жолдарының соңындағы немесе басындағы дыбысты түсіріп айтып, балаларға тапқызу. Мысалы, мұғалім «кірпінің» суретін көрсетіп «кір» дейді де, мен сөзді дұрыс айттым ба? - деп сұрайды. Балалар «пі» буынын қосады. Сөйтіп, суреттегі заттың, не айтылған буын (немесе сөз) құрамындағы дыбыстарды жинақтау арқылы қандай буынды қосу керектігін саналы ұғады.

4) Буынды немесе сөзді есте сақтау арқылы оқу.

Жалпы сызба арқылы жаттау кезеңінде мынадай жұмыстарға баса көңіл аударылады:

  1. Балалардың сөздік қорын анықтау.

  2. Балаларға қысқы-қысқа сөздерді оқытып, қайталатып, өз ойларын айтып беруге дағдыландыра бастау.

  3. Балалардың тіліне, сөйлеу мәнеріне көңіл аудару, тіл мүкістіктері, кейбір дыбыстарды анық айта алмау жақтарын жою бағытында жұмыстар ұйымдастыру.

  4. Мұғалімнің және жолдастарының сөзін тыңдай білуге дағдыландыра бастау.

  5. Өлең жолдары туралы, сөйлем, сөз туралы ауызша түсінік беріп, сөйлем, яғни өлең жолдарын сөздерге жіктеуге дайындық.

  6. Егер мұғалім өлең жолдарын дұрыс салаға бағыттап отырмаса, тіл дамыту құр мылжың болып кетеді.

Мұндағы негізгі міндеттің өзі - балаларды белгілі бір жүйемен сөйлеуге үйрету.

Келесі бір мәселе, ол дауыс. Дауыстың белгілері бар, олар: күші жоғарылығы, қарқыны (шапшаңдық), тембрі (құбылуы).

Мысалы, Мен тиінмін, тиінмін

Қысқа жылы киіндім.

Қоймам толы жаңғаққа,

Іші жылы үйімнің - деген тақпақтың бірінші, екінші жолын қаттырақ, көтеріңкі дауыспен, ал үшінші, төртінші жолдарын жай, баяу сөйлеп оқуға болады. Бұлар әр адамның дауыс қарқынына байланысты. Мұғалім жаттығу арқылы өз дауысының орташа қарқынын анықтай алады. Ол жылдам сөйлеуден аулақ болғаны жөн. Егер жай сөйлей алмайтын болса, жаттығуы қажет. Дауыстың тыңдаушыға әсерлі болуы тембріне (құбылуына) байланысты. Құбылта оқу, дауыс ырғағына келтіре оқу да жаттықтыру, дағдыландыру арқылы қалыптасады. Тақпақ жаттауда дикцияның мәні зор. Сөйлеушінің ашық, анық, айқын айтуы соның айтқанынан ұғуға, оның әсерлі болуына ықпалын тигізеді. Сонымен қатар тағы да бір маңызды жайт - интонация. Интонация дегеніміз - сөйлеу сазы. Ол сөйлеудің ырғағы мен үнін, дауыстың бірде жоғарылап, бірде төмендеуін білдіреді. Интонация мына элементтерден тұрады: сөз бен ой екпіні, сөйлеудің қарқыны, ырғағы, кідірісі, сазы. Өлең жолдарын жаттағанда осы жағдайларға көңіл бөлу әбден лайық.



Доклад на тему Мнемотехника арқылы жаттау













































Тағы да айта кететін жағдай, жаттайын деп отырған өлеңді (тақпақты) дұрыс қабылдау үшін негізінен мынадай жұмыстар жүргізіледі:

  1. Өлеңді қабылдауға балаларды психологиялық дайындау.

  2. Өлеңге байланысты сөздік жұмысын жүргізу.

  3. Өлеңді мәнерлеп оқу.

  4. Мазмұнын айту.

  5. Өлеңнің мазмұны бойынша жүргізілетін шығармашылық жұмыстар.

Сызба арқылы жаттағанда өлеңнің көркем бейнесі, мазмұны болады. Сурет арқылы сызба жасалса, шынайы болатындай етіп елес туады. Бұл жерде баланың сезімі оянады. Мысалы, қоянмен бірге қорқады, аюмен бірге ақырады, түлкімен бірге қулыққа түседі, солай балалардың мінездері бейнеленеді, аянышты болса - аяйды, қуантса - қуанады т.б. сезімдерін бірден көрсетеді.

Қазақ тілін оқытуды өлең жаттатуда әр жастағы балалардың сөздік қорын дамытуға, сөз тіркесін тұтастай қабылдатуға, жаңа сөздер мен тіркестердің грамматикалық құрылымдарын меңгертуге бірден-бір назар аударылуы керек. Ізденуші тәрбиеші тақпақ жаттауға бала қызығушылығын арттырып, сызба арқылы балалардың назарын үйіріп алатынай әдістер қолданғандығы айқын байқалады.

Қорыта келе,осы мнемосызбаларды сабақта қолдануының қолдануының нәтижесімен тиімділігі:

- балалардың оқуға деген қызығушылықтары жоғарлады;

- білім сапасы артты;

- танымдық деңгейі артты;

- есте сақтау қабілеті дамыды;

- жылдамдығы көбейді;

- өз бетімен жұмыс істеуге үйренді;

- логикалық ойлауы дамыды;

- шығармашылық тапқырлығы үстейді;

- баланың сөйлеу тілі жетіледі:

а) ауызша сөйлеуде қазақ тіліне тән дыбыстарды анық, таза дыбыстайды;

ә) сөздік қоры молаяды;

б) сұрақты түсініп, толық жауап қайтарады;

в) грамматикалық құрылымдарды қолданып сөйлемді дұрыс құрайды.

г) ұсынылған сурет, тірек белгі бойынша такпақтарды тез жаттап алуғадеген қызығушылықтары артады.

Жас ұрпақты білімді өз бетінше меңгеруге,ойлау,есте сақтау,ауызша сөйлеуін дамытуға дағдыландыруда мнемотехнологиясының маңызы зор. Ұстаздың басты мақсаты-шәкіртінің өзінен де білімі терең,дәрежесінің биік болуы.Сол кезде ғана қоғамда алға жылжу үрдісі жүреді.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал