7


  • Учителю
  • Дошкольное средная группа конспекты Ко дню независомости Казахстана 25 лет!

Дошкольное средная группа конспекты Ко дню независомости Казахстана 25 лет!

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

«Қарлығаш » балабақшасы »















Тақырыбы: «Жасай бер, Қазақ елі»



</ (ҚР тәуелсіздігінің 25 жыл толуына орай ұйымдастырылған іс - шара сценарий конспекті)

Дошкольное средная группа конспекты Ко дню независомости Казахстана 25 лет!











































Құрастырған: Калиева Гульмира Суйеухановна



















Ақтау қаласы 2016жыл





«Жасай бер - Қазақ елі» мерекелік ертеңгілігі

(ҚР тәуелсіздігінің 25 жыл толуына орай ұйымдастырылған іс - шара сценарий конспекті)

Мақсаты: Туған елінің болашағына үлес қосып, елі, жері үшін қызмет етуге тәрбиелеу. Ұлттық тілді жақсы меңгеруге, ұлтжандылық сезімді қалыптастыруға ойлау, танымдылық қабілеттерін арттыра отырып, өнерге баулу.

Залдың іші мерекеге лайық безендірілген.

Көк тудың желбірегені әнінің әуенімен балалар залға қолдарына көк туларын желбіретіп кіреді.

Жүргізуші: Құрметті аса қадірменді қауым! Еліміз егемендік алып, тәуелсіз мемлекет болғанымызға мінекей 25 жыл болып қалыпты, яғни Тәуелсіздігіміздің күміс тойын тойлағалы отырмыз. Балалар сендер Тәуелсіз мемлекетте жарқын өмір сүріп жатқан бақытты бүлдіршінсіңдер. Өмірлерің мәнді де сәнді болсын, аспанымызды бұлт шалмасын деп тілек тілеп ертеңгілігімізді бастаймыз.



Қуан халқым! Қуанатын күн бүгін,

Серпін таста мұңды жүрек түндігін

Шарықтайық, шаттанайық, тынбайық

Тәуелсіздік күнін бүгін, халқым бірге тойлайық!



Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы,

Бақыт көрсін Отанның сан ұланы.

Енді ағайын, көгінде қалықтасын,

Қазағымның қастерлі - Әнұраны!





ҚР мемлекеттік әнұраны орындалады.

-Балалар жарты шеңбер болып орындарына отырады.

Жүргізуші:

О, тәңірім бақыт құсы қонып бір,

Деп тіледім , бізді баққа жолықтыр.

Бүгін міне ,Тәуелсіздік ағайын,

Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр.





Тақпақтар:

1)Мерекеге шығады Данияр

Бүкіл халық біліп қой.

Отандастар ұғады,

Тәуелсіздік -ұлы той.



2) Он алтыншы желтоқсан Кәусар

Ел мерейі тасыған .

Қазақ деген қалың жұрт ,

Бәрін кешті басынан.





3) Тәуелсіздік жолында, Р.Ақниет

Талай- талай тер тамған

Билігім өз қолымда,

Еркіндігім-Елтаңбам!



Жүрг: .Барлығымыз Тәуелсіз заманның,егеменді елдің бақытты қожасы болдық.Тәуелсізбін,Тәубе саған жарық күн дегім келеді.Еліміз егемендік алып,міне сендер таза ана тілінде сөйлей бастадыңдар. Тіліміз бен дініміз қайта оралды.1000 жылдық тарихы бар, Қазақ елінің Тәуелсіздік жолы туралы бейне таспа көрейік.



Жүргізуші: балалар Отан , Ел үшін, Туған жері үшін , Еркіндігіміз үшін ерлікпен қаза тапқан аға-апаларымызды еске алайық. Барлықтарынызды орындарыныздан тұруларынызды сұраймын.



Жүрг: . Еліміздің нағыз ұлт-жанды, елін, Отанын сүйетін нағыз азаматтары сендерсіңдер.Отан- бұл ата-анаң, үйің , туған жерің .елің. Отанды сүйю , оны қастерлеу бұл біздің борышымыз. Қане , балалар Отанымыз жайында тақпақтар айтайық.





4)Қуат алған өзіңнен, Дамир

Туған елдің ұлымын.

Бақытты етіп өсірген,

Отанымның гүлімін.

5)Отан -жерім, Отан-суым, Сәтжан

Отан қуат нәр береді.

Отан-ұран, Отан-туым,

Отан мәңгі гүлденеді.

6)Шарқап көкке аспан ән, Ақтоты

Болашаққа бас қадам.

Қазақ рухын биіктет,

Ей бас қалам-Астана!

7)Отан сөзі мәңгі өшпес, Нұрсая

Із қалдырды санамда.

От құшағым естен кетпес ,

Балаймын мен анама.

8)Отанымды әрқашанда, Абылай

Мақтан тұтып жүремін.

Өз отаным отбасымда

Бейбіт өмір сүремін.



Жүрг: шетсіз шексіз қиырсыз ұлы дала

Шуақ болып шашылмай жылына ма

Сүй отанды шынымен сүйіп өт те

Гүл боп қадал ойына, қырына да

-Балалардың орындауында «Отан» әнін қабыл алыңыздар!



-Балаларымыздығң Тәуелсіз елімізге арналған жылы лебіздерін білдіру сәті.(Балалар жер шарына қазақстан картасына жарық күнді жылы лебіздерін айта отырып орналастырады.)

Жүрг: Балалар, мен сендерге бірнеше сұрақ қойып,білімдеріңді сынағым келіп тұр.

1.Қазақстан Республикасының президенті кім? (Н.Назарбаев)

2.Қазақстанның астанасы қай қала? (Астана)

3.Біз қандай елде тұрамыз?

Жүрг: Балалар, еліміз туралы көп мәлімет біледі екенсіңдер. Оларыңа ризамын. Білімді азаматтар болып өсетіндеріңе сенімдімін.

Жарайсыңдар балалар Тәуелсіз егемен Қазақстан Республикасының рәміздері туралы тақпақтарды айтайық.



9)Арайланып , шуақшашар таң күліп, Ақниет

Бақыт жолы жатыр алда жаңғырып.

Бағзылардан аңсап жеткен Еркіндік,

Ұлы Дала Елі үшін мәңгілік!



10)Ажарында көгіміздің , Мирас

Тыныштығы жеріміздің .

Тәуелсіздік деген осы,

Азаттығы еліміздің!



11)Бауырына айналдырып сан ұлтты Майра

Бірлігі мен татулығын танытты.

Жаңа ғасыр көшін бастап Қазақстан!

Жаңа күнге жетелейді халықты!



12)Елімде бейбіт тыныш заман болсын, Мадияр

Тілеймін әр адамға бақыт қонсын.

Тәлеймін ел ағасы , елбасшы,

Нұрсұлтан Назарбаев аман болсын!



13)Ардақтайтын ана тілім-бастауым. Әлібек

Ата-Заңым -арқа сүйер бастауым!

Армандаған болашақты баянды.

Арландары -жалындаған жастарым!



14)Жаратқан тәңірге сыйындық, Әміржан

Ұлағат сөзіне иілдік.

Ынтымақ ұйытқан халықпыз,

Көк тудың астында жиылдық.



15)Жасампаздық көшіндегі Жігер

Ұрпақтарды бастасын,

Ұлы Дала төсіндегі

Мәңгілік Ел жасасын!



16)Жаса-жаса Астанам! Саян

Өркен жая бастаған.

Болашақтың есігін ,

Өз қолыңмен аш маған!



17)Елтаңбасы елімнің,

Неткен әйбат әдемі! Нұрдаулет

Тұнығындай көңілдің

Ортада -аспан әлемі.



18)Құт береке шаңырақ ,

Орын алған ол төрден. Алмагүл

Қанатты қос арғымақ,

Екі жақтан көмкерген.



19)Көк аспандай көкпеңбек Асылай

Қазакстан жалауы.

Көк емес ол, тектен -тек,

Елдің ашық қабағы



Жүрг: Тал шыбықтай бұралған, қазағымның қыздары-ай

Сүйсіндірген биімен, өнерлі ғой қыздар менен ұлдарай!

Би : Қаражорға

Жүрг: Бүгін, міне, Егеменді тәуелсіз еліміздің ұлы мерекесін тойладық. Жүзіміз жарқын болып, аспанымыз ашық болсындеп тілейміз. Егеменді елдің болашағы - сендерсіңдер! Сендерге зор денсаулық, көңілдеріңе шаттық тілей отырып, атар әрбір таңдарың арайлы да шуақты болсын, күннің нұры сәулесін мол төксін деп ертеңгілігімізді «президент ән» әнімен аяқтағым келіп отыр.

Ән «Ұланымын елімнің» топ хормен айтады.

Көңілді музыка әуенімен барлығы жалпы суретке түседі.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал