7


  • Учителю
  • Занятие по самопознанию на тему Доброжелательность хорошое качество

Занятие по самопознанию на тему Доброжелательность хорошое качество

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

</<font face="Times New Roman, serif">Өткізілетің күні, айы, жылы/Дата проведения : Білім беру саласы/Образовательная область: Әлеуметтік орта. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі/Организованная учебная деятельность: Өзін-өзі тану Тақырыбы/Тема :. «Мейірімділік жақсы қасиет» . Мақсаты: Цель: «жақсылық» ұғымынан адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін ашу. Міндеттері: адам бойындағы құнды қасиеттер туралы түсініктерін кеңейту. Өзін және айналасын сүюге, жақсы көруге деген ниеттерін ояту. Қоршаған ортаға жақсылық жасауға тәрбиелеу. Көрнекі құралдар/необходимый материал: дәптер түрлі, қарындаштар. Қостілділік/билингвальді компонент : жақсылық-доброта, қуаныш-радость,қайырымды-милосердный,мейірімді-ласковый, сыпайы-вежливый.

Шаттық шеңбері:

Қане, қане келіңдер

Үлкен шеңбер болыңдар,

Күннің көзі ашылсын

Көктен шуақ шашылсын.

Оң жақтағы көршіге,

Сол жақтағы көршіге

Күлімсірей қарайық

Тек жақсылық тілейік!

Жақсы болу дегенді қалай түсінесіңдер?

Адамдар бір-біріне қалай жақсылық жасай біледі?

Балалар жауаптары: мейірімді, ізетті. сыпайы, кішіпейіл.

«Жылы жүрек-жақсы тілек»

«Үлкенге құрмет-кішіге ізет»

«Жақсы- жарым ырыс»

Дұрыс айтасыңдар!

Жақсылық дегеніміз айнала қоршаған ортаға адамдарға деген қайрымдылық, рахымдылық қасиеттерді жақсылық дейміз.

Сахналау: Д.Сламбетованың «Саңырауқұлақтың саясы»

Балалар сахналандырып көрсетеді.

Жүргізуші: Көктем келді,

Жер көгерді,

Табиғат әсем күйге енді!

Дала гүлге бөленді.

Шалғынына енді

Құмырсқа келді

Құмырсқа:

Шалғынға осы жатайыншы

Рақатқа бір батайыншы.

Көбелек:

Күшім кетіп әлсіреп,

Қанатым су боп жабысып,

Ұша алмадым, құмырсқа,

Алшы мені қасыңа,

Пана берші басыма.

Құмырсқа:

Кел, кел.

Көбелек:

Рахмет саған, құмырсқа!

Торғай:

Жаңбыр қандай күшті еді,

Ұша алмадым, мені көр!

Бас сауғалап келіп мен,

Жандарыңнан орын бер.

Құмырсқа мен Көбелек:

Кел,кел.

Торғай:

Рахмет саған, Көбелек

Қоян:

Түлкі қуып есім кетті,

Айналайын аңдар-ау!

Маған пана болыңдар,

Түлкі:

Қоянды көрдіңдерме?

Бәрі: Жоқ, жоқ.

Түлкі: Әлі-ақ қолға түсесің.

Жүргізуші: Міне, жаңбыр да басылды,

Аспан шайдай ашылды.

Аңдар саңырау құлақтың ішінен шықты,

Бір-біріне қарасты,

Таңдана былай таласты.

Көбелек: Біз бәріміз сонша кішіміз ғой.

Торғай: Көңіл сыйса, бәрі сыяды.

Қоян: Екі адам ығысса,

Бір кісіге орын табылады.

Бәрі: Достарды біз қолдаймыз,

Қиын шақта қорғаймыз.

Ойын: «Біздер доспыз»

Әуен ойнап тұрады.

Дос болайық бәріміз. Жарасып тұр әніміз. Тыныштықты сақтаймыз.

Атсын күліп таңымыз. Екеуміз доспыз, үшеуміз доспыз, төртеуміз доспыз, бәріміз доспыз.

Әрқашанда біргеміз. Ажырамас іргеміз

Дәйек сөз: «Жақсы сөз-жанға қуат» Аналарымыз сендерді алақанына салып қандай жылы сөзбен аймалайды. «Аппағым» «ботам» «қозым» деген жылы сөздермен аймалайды.

Сергіту сәті:

Біздер тату баламыз

Гүл, гүл жайнап жанамыз

Жаттығулар жасасақ

Жақсы сергіп қаламыз

Бұрыламыз оңға бір

Бұрыламыз солға бір

Ғажайып сөздер:

Балалар сабақта ойлаған сөздерін қайталап айтады.

Атам маған әмәнда. Кішіпейіл бол деген

Ата сөзі санамда. Мақтанбауды жөн көрем.

Қорытындылау : Балалар біз бүгін жақсылық жайында жақсы сөздер айттық. Жақсылық бұл ұлы қасиет екенін білдік. Салған суреттеріңді бір-біріңе сыйлыққа берулеріңе болады.

Жүректен жүрекке: Балалар шеңберге жиналып, жылы жүрек жақсы лебіздерін айтты.

Жылу берген күнге рахмет!.

Тіршілік берген жерге рахмет!.

Өсім берген суға рахмет!.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал