- Учителю
- Сәлем, валеология ғылымы сабақ
Сәлем, валеология ғылымы сабақ
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру саласы: «Денсаулық»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Валеология
Тақырыбы: Сәлем, валеология ғылымы.
Мақсаты: Балаларға денсаулық туралы ғылым- Салауаттану ғылымы жөнінде түсінік беру,Балалалардың «Амансың ба?» , «Саумысың?» деген сөздерінің мағынасын ашып түсіндіру.Дәрігер Салауатпен,әліппе дәптермен таныстыру.
Билингвизм: Салауаттану-валеология, дәрігер-врач. Денсаулық-здоровье.
Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, әңгімелесу,жаңа білім енгізу.
Көрнекілігі: Әліппе дәптер.
Мотивациялық қозғаушы
Ізденуші-ұйымдастырушы.
Шаттық шеңбері:
Тәрбиеші өлең жолдарын оқиды.
-Амансың ба, Алтын күн!
-Амансың ба, Жер-ана!
-Амансың ба,Көк аспан!
-Амансың ба, жан досым!
Жылуыма жылу қос,
Міне менің қолым бос!
Тәрбиеші балаларға «Амансың ба?» «Саумысың?» деген сөздердің мағынасын түсіндіреді.
-«Амансың ба?» деген сөз адамдар бір-бірінің амандығын денсаулығын сұрайды,бір-біріне денсаулық тілейді.
«Денсаулық» дегеніміз не?
Денсаулық-деніңнің саулығы деген мағынаны білдіреді. Ауру-сырқаудан аман, қайратты, жігерлі, көңілдің көтеріңкі болуының өзі денсаулықтың белгісі.
Әліппе дәптермен танысу.
Салауаттану -бұл денсаулық туралы ғылым.Ол бізді ақылды, көңілді, дені сау және ақ көңіл бала болып өсуге баулиды.Ең бастысы- ауырмай өмір сүруге үйретеді.
Дәрігер Салауатпен танысу. Дәрігердің беріп жіберген сыйлығымен таныстыру.
Басты көмекшіміз- ғажайып денсаулық әліппесі.
Әліппе дәптермен жұмыс.
Балалар К.Чуковскийдің «Орман дәрігері» /Айболит/ ертегісі бойынша бейнеленген
суреттерді көреді.
Орман дәрігері туралы мағлұмат беру.
Мақал-мәтел:
1.Денсаулық-зор байлық.
2.Дені саудың-жаны сау.
3.Сау дене,азат ақыл, адал көңіл.Үшеуімен бақытты болар өмір.
Балалар шеңберге жиналып, өлең жолдарын қайталайды.
Адам ағзасының мүшелерінің атқаратын қызметімен таныс болады.
-Амансың ба, Алтын күн!
-Амансың ба, Жер-ана!
-Амансың ба,Көк аспан!
-Амансың ба, жан досым!
Жылуыма жылу қос,
Міне менің қолым бос!
Балалар тәрбиешінің айтқандарын мұқият тыңдайды.
Балалар пайдалы кеңестерді жадына сақтап, орындауға тырысады.
Әліппе дәптермен танысады.
Суреттерді қарап түсінеді.
Мақал-мәтелді жаттайды.
Сергіту сәті.
Тәрбиеші өлең жолдарын айтады:
-Мынау менің жүрегім,
Бәрі осыдан басталған.
Мынау -басым ақылды,
Бәрін осы басқарған.
Мынау -менің оң қолым,
Мынау-менің сол қолым.
Барлық істі атқарған.
Балалар тәрбиешімен бірге өлең жолдарын айтып, қимылмен көрсетеді.
-Мынау менің жүрегім,
Бәрі осыдан басталған.
Мынау -басым ақылды,
Бәрін осы басқарған.
Мынау -менің оң қолым,
Мынау-менің сол қолым.
Барлық істі атқарған.
Жетекші-жөндеуші
Тәрбиеші балаларды шеңберге жинап бүгін не білгендері туралы сұрайды.
Оқу іс-әрекетіне белсенді қатысқандарын мадақтайды.
Қорытындылау.
Балалар сұрақтарға жауап беріп, өз денсаулықтарына мұқият қарау керектігін түсінеді.
Күтілетін нәтиже:
1.Білуі: Салауаттану-денсаулық туралы ғылым.
2.Меңгеруі: Денсаулықтың маңыздылығын меңгереді.
3.Жасай алуы: Өз денсаулықтарын күтеді.