7


  • Учителю
  • Жеңіс күніне арналған әзірлеме

Жеңіс күніне арналған әзірлеме

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала









Жеңіс күніне арналған әзірлеме

Отан қорғаушылар күні және Жеңіс күніне арналған

мерекелік іс-шара

















Дайындаған МАД «Б» тобының

тәрбиешісі





































2015 жыл

«Алға, алға, алға - Қазақ жігіттері!»

Зал мерекеге сай безендірілген

Балалар «Сарбаздар» әінің ырғағымен залға кіреді

Жүргізуші: 7- мамыр - Қазақстан Отан қорғаушылар күні, сонымен бірге ең жарқын, ең үлкен мереке 9 - мамыр Жеңіс күніне арналған «Алға, алға, алға - қазақ жігіттері!» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!



Жүргізуші: Құрметті аталар, ағалар, әкелер сіздердің мерекелеріңізге жасаған балаларымыздың сыйлықтарын қабыл алыңыздар! Балалар орындарына отырады.



Жүргізуші: Егеменді еліміздің тыныштығын және бейбітшілігін қорғау, бұл әр азаматтың қасиетті борышы екендігі баршамызға әйгілі.

Балалар, біздің Қазақстанымыздың Отан қорғаушылары қандай болу керек қалай ойлайсыңдар?



Жүргізуші: Дұрыс балалар, Отанды қорғаушылар тек қана білектің күшіне сүйенушілерден ғана болмай, ақылы мен қайраты, күш-жігері мен зердесі бірдей мықты болғаны - бұл ел қорғаушы ерлерге ежелден қойылып келе жатқан талап. Ертең сендерде өсесіңдер, азамат боласыңдар, болашақ Отан қорғаушылар сендерсіңдер.

Балақаймын бүгін мен,

Кіп-кішкентай баламын.

Ертең менде өскенде,

Ел қорғауға барамын дей отырып жас ұландарымызды ортаға шақырамыз.

1 - бала: Тапталмайтын түнгі ізі,

Сақшысы болам Отанның

Жарқырап жанған жұлдызы

Келеді ұлан атанғым.

2 - бала: Туған жердің әр тасы

Маған ыстық қашаннан.

Бұйраланған аршасы;

Ел қорғайтын - ер болам

3 - бала: Тапталмайтын түнгі ізі,

Ұланы болам Отанның

Жарқырап жанған жұлдызы,

Жалғаймын жолын Ағаның!

4- бала: Мен қазақпын, ұланымын елімнің

Мен қазақпын, тірегімін жерімнің

Ұланымын туын көкке көтерер

Болашаққа алға бастап жетелер

5- бала: Кең жазира ұлан байтақ жеріміз

Біз қазақтың ұланымыз, еріміз.

Жүргізуші: Біздің аталарымыз бақытты болашағымыз үшін қасық қандары қалғанша шайқасып, бейбіт өміріміздің аяқ басқанына 70 жыл толды. Құрметті аталар мен әкелер барлығыңызды мерекелеріңізбен құттықтаймыз.

Ағалар саптан шықпасын,

Аналар қабақ шытпасын,

Бақытқа жетіп бар адам,

Сәбилер тыныш ұйықтасын,- дей отыра

Ән: «Солдат болам мен ертең» әнін қабыл алыңыздар

Жүргізуші: Қыздар, қалай қарайсыңдар, ұлдарымыздың шапшаңдылығын, мықтылығын сынап көреміз бе?

Олай болса «Кім тез қимылдайды» ойын ойнайық. Ортаға 2- бала шығады.

Ойынның шарты: жерге жатып, қолын тіреп жоғары тартылу(отжимание)

Жүргізуші: Ел қорғайтын, ер ағалар-

Ардағымыз, арымыз.

Ерлер тойын, елдің тойын,

Қарсы аламыз бәріміз!

Ән: «Қуанышқа бөленген әр күніміз»

Би: «Ақ көгершін»

Жүргізуші: Енді тағыда бір ойынның кезегі келіп тұр. «Кімнің әкесі күшті»

Ортаға екі әке шығады

Ойынның шарты: Баласын иығына отырғызып отырып - тұру.

Жүргізуші: Сіздерге көп-көп рахмет ертеңгілігімізді ары - қарай жалғастырайық . Ендігі кезекте викториналық сұрақтар.

  1. Біз қай Республикада тұрамыз?- Қазақстан

  2. Бас қаламыз қай қала?- Астана

  3. Рәміздерімізді кім біледі?

  4. Тудың ортасында не бейнеленген?

Балалардың жауабын анықтау.

Жүргізуші: Арыстандай айбаттым,

Жолбарыстай қайраттым,

Аспандағы байрағым,

Қанша жұлдыз жайнаттың,

Қанша бұлбұл сайраттың

Қазақстан ардақтым! - деп ортағы жас ұландарымызды шақырамыз.

Ән «Ел қорғауға әзірміз»



Жүргізуші: Балалар, біздің қазақ халқында нақыл сөздер бар, ол сөздер жігіттерге де арналған екен. Біздің қыздар ұлдарымыз ақылды болу үшін дайындаған «Жігіттің тоғыз жауы » атты ескертпелерін тыңдаңыздар.

Жігіттің тоғыз жауы

1. Басты жауың жалқаулық,

Сорлататын жаныңды.

2. Осалдығың аңқаулық,

Соқтыратын саныңды.

3. Жасқаншақ болсаң ұры алар,

Қоралап қойған малыңды.

4. Жалатқызбас жасықтық,

Аузыңдағы балыңды.

5. Өтірік айтсаң өңмеңдеп,

Жоғалтасың арыңды.

6. Өсек терсең телмеңдеп,

Жоғалтасың арыңды.

7. Көпірме босқа мақтан қып

Түкке тұрмас барыңды.

8. Көрінгенге жалтақтап,

Бола алмайсың жағымды.

9. Біреуді алдап арбаумен,

Аша алмайсың бағыңды.



Жүргізуші: Қыран-бүркіт көтерер ердің нарқын,

Қыран жігіт асырар елдің даңқын! - демекші, енді жігіттерміздің өнерін тамашалайық.

Ұлдарымыз «Түнгі қала» әнінің ырғағына брейк биін көрсетеді.

Жүргізуші: «Жеңіс» деген - жақсылықтың сыңары,

Жігер менен құштарлықтың құралы,

Күрескердің арманы мен ұраны

Қуаныш пен мерекенің бұлағы - дей отыра балаларымыздың орындауында «Жеңіс туы желбіреп» әнін қабыл алыңыздар.



Жүргізуші: Жүреміз даңқты жолдармен,

Қырандар бірге самғаған.

Әзірге титтай болғанмен

Ертеңгі ел қорғаны - мен болам! - дей отыра сіздермен қоштасамыз. Сау болыңыздар! Балалар орындарынан тұрып ән ырғағымен

залдан шығып кетеді.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал