7


  • Учителю
  • Урок по валеологии на тему Менің сүйкімді тістерім

Урок по валеологии на тему Менің сүйкімді тістерім

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала









Урок по валеологии на тему Менің сүйкімді тістерім



Урок по валеологии на тему Менің сүйкімді тістерімУрок по валеологии на тему Менің сүйкімді тістерім











Урок по валеологии на тему Менің сүйкімді тістерім







Білім беру саласы: «Денсаулық»



Тақырыбы: Менің сүйкімді тістерім.



Мақсаты: 1. Тазалық туралы білімдерін кеңейту.

  1. Балалардың ой-өрісін, тіл байлығын дамыту.

  2. Тазалыққа, тісті дұрыс тазалауға тәрбиелеу.



Көрнекіліктер: Тіс протезі, тіс паста, тіс щетқасы, айна, сурет.



Тәрбиеші: Балалар ең алдымен ашық сабағымыз басталмас бұрын сәлемдесіп алайық. Жылулық шеңберін құрып қонақтармен амандасайық.



Жылулық шеңбері: Бақшамызға барғанда,

Жолыққан бір жандарға,

Ертемен ақ пейілмен:

«Қайырлы таң!» - деймін мен.

Күндіз де елді елеймін:

«Қайырлы күн!» - тілеймін.

Үйге кешке келемін

Не дерімді білемін:

«Кеш жарық!» - деп кіремін.





Әңгімелесу:

  • Балалар бүгін аптаның нешінші күні қалай аталады?

  • Жылдың қай мезгілі?

  • Қай ай, және қалай аталады?



Балалар бүгінгі сабағымызда тісті қалай күту керек екенін үйренеміз.

  1. Тіс щеткасы тіс түбіне жанастырылады, щетка төмен қарай 10 рет жүргізіліп, әр тісті мұқият тазалайды.

  2. Содан сон тістің ішкі қабаты тазаланады. Щетка қозғалысты жоғарыдан төменге қарай 10 рет жүргізіледі.

  3. Тістің шайнайтың үстінгі бөлігі тазаланады. Щеткамен тістің шайнайтын бетін 10 рет жүргізіп, тазалау.

  4. Тіс щеткасының ұшымен тістердің ішкі жағын тазалау. Щетка козғалысы төменнен жоғарыға қарай.



Сергіту сәті: Орнымыздан тұрамыз,

Қолды белге қоямыз.

Бұрыламыз оңға бір

Бұрыламыз солға бір,

Бір отырып, бір тұрып,

Жақсы сергіп қалайық.





Ельдана: Дос бол сабын, сумен сен.

Жиі - жиі жуын сен:

Тәңертен де, кешке де,

Жуын күндіз түсте де,

Жуын тамақ алдында,

Жуын тамақ сонында

Жуын ұйықтар кезінде,

Жуын тұрған мезгілде.



Алина: Мен айтайын тақпақ,

Алғын оны жаттап

Тісінді жу тазарт.

Маржандай болсын аппақ.



Аделя: Атқаратын қомақты

Ауыз куыс ісі бар.

Ұсататын тамақты.

Отыз екі тісі бар.



Альбина: Алғашқы тіс - сүт тістер

Түсіп бірте тынады.

Алты жастан нық тістер

Тұрақты тіс шығады.



Гулизар: Ішсең де айран, жалғыз шай,

Тамақтан соң ауыз шай.





Еламан: Тіс болмаса,

Асты қалай шайнарсын

Тісті күнде екі рет.

Тазартуды ойларсың.



Гүлнұр: Әдет қыл бұл ісінді.

Тазалап жүр тісінді,

Кішкене де ынғайлы,

Тіс щеткасын пайдалан

Тазалауға болмайды,

Щеткасымен басқа адам.



Ақмарал: Қыдырып келдің бе,

Болдынба сен далада,

Тамақтың алдында

Қол жууды ұмытпа!







  1. Балалар тістерді күніне екі рет тәңертен және кешке тазарт.

  2. Тамақтан кейін аузынды шай.

  3. Тісті қала дұрыс тазарту керектігін үйрен.





Қ/ ойын: «Күн мен түн»

О/шарты: «Күн» дегенде балалар секіріп ойнап жүреді.

«Түн» дегенде балалар бір орында ұйықтап қалады.

Мақсаты: Бірлесіп бір-бірімен ойнауға үйрету.



Кәне балалар бәріміз енді орнымызға отырамыз, балаларға айна таратып беремін.



  1. Тістер неге ауырады?

  2. Тістерді қалай сақтау керек?

  3. Не себептен басқа адамнын щеткасын пайдалануға болмайды?





Қорытынды: Сағыз орбит таратып. Сұрақ қойып балалардың түсініктерін

тексеру. Балаларды мадақтап сабақты аяқтау.



















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал