7


  • Учителю
  • Жүрегімнің жылуын сыйлайыншы Анама!8 наурызға арналған ертеңгілік!

Жүрегімнің жылуын сыйлайыншы Анама!8 наурызға арналған ертеңгілік!

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Жүрегімнің жылуын сыйлайыншы анама

Музыка әуенімен әсем безендірілген залға балалар қол ұстасып кіреді.

Жүргізуші: Қайырлы күн!Қымбатты аналар,ақ жаулықты әжелер,аяулы әріптестер! Барлығыңызды көктемнің алғашқы мейрамы 8-наурыз Аналар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!Әрқашан дендеріңіз сау,көңілдеріңіз жайдарлы бола берсін дейміз!



1-бала: Милые мамы, дорогие бабушки, уважаемые воспитатели!

От всей души поздравляем вас с весенним праздником 8марта.

Желаем вам здоровья, счастья и успехов во всем!



2-бала: Dear Mummy, Dear Granny!

I want you to be happy!

On the eights of March

I love Mummy, I love Granny

I wish them health

I wish them wealth!



Құрметті ата-аналар, аяулы әріптестер. Көктемнің алғашқы аналар мерекесіне арналған "Ақжелкен" тобының "Жүрегімнің жылуын сыйлайыншы анама"- атты ертеңгілігіне қош келіпсіздер.

Балапандарыңыздың өздеріңізге арнаған тақпақтарын қабыл алыңыздар.

ТАҚПАҚТАР:

Жансая: Жарқын жүзді жан анам,

Сендей болсын бар адам.

Сендей болса бар адам ,

Шаттық кетпес баладан.



Дарын: Бізді өсірген апатай,

Еңбегің де зор екен.

Құтты болсын апатай,

Келіп қалған мерекең.



Еркеназ: Шашымды өріп тараған,

Қабағыма қараған.

Үлкен-кіші демейді,

Сыйлайды оны бар адам.



Ерасыл: Әлпештеген, аялаған,

Ақ сүт берген апатайым.

Тақпақ айтып бүгін саған,

Мейрамыңмен құттықтаймын.



Жүргізуші:

Той пердесін ашайық,

Тойға шашу шашайық.

Аналарды құрметтеп,

Ән маржанын шашайық. - дей келе балапандарымыздың орындауында

" Ай дидарлы анашым" әнін қабыл алыңыздар.

Ән: " Ай дидарлы анашым:

Жүргізуші: Балалар сендердің туған күндеріңде, мерекелерде аналарымыз дастарханға қандай тәтті тағамдар қояды.

Балалар: Кәмпит



Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар, кәмпитті балалар да, үлкендер де жақсы көреді. Олай болса, аналарымызға әкелген тәттіден жасалған сыйлықтарымызды сыйлайық. Ой балалар мен сыйлықты мұнда қойған едім. сендер көрмедіңдер ме? Кім алып кетті екен а? (Осы кезде сыйлықтарын іздеуге кіріседі)



Музыка әуенімен Кәмпит ханшайым кіріп, билеп келеді. Мені шақырып жатқан дауысты естіп келдім.

Мен тәттімін,

Балалардың сүйікті дәмімін,

Мерекенің сәнімін,

Дастарханның әрімін. Сәлеметсіңдер ме, балалар мені таныдыңдар ма? Мен, «Кәмпит - Ханшайымымын»



Жүргізуші: - Расында да, бізге тәтті «Кәмпит ханшайымымын» қонаққа келіпті. Қараңдаршы, кәмпиттері көп екен, тәтті десе тәтті екен. Бірақ бұл кәмпиттер біздің аналарға әкелген сыйлықтарымызға ұқсайды екен.



Кәмпит ханшайымы: Иә, мен мұнда бір рет болдым. Бұл сыйлықтар маған қатты ұқсаған соң өзіммен бірге алып кеттім. Сыйлықтарды алғыларын келсе, менің көптеген шарттарымды орындайсыңдар. Тапсырмаларымды түгелдей орындасаңдар мереке соңында сыйлықтарыңды өздеріңе қайтарып беремін.



Тәрбиеші: Қане, балалар. Кәмпит ханшайымын тапсырмаларын орындап, аналарымызға арналған сыйлықтарымызды қайтарып алайық.

Жүргізуші: Ал, Кәмпит ханшайымын бізге қояр шартыңды айт. Өнерімізді көрсетейік.

Олай болса балалар Кәмпит ханшайымына "Әжелерімізге" арналған тақпақтарымызды айтып берейік.

ТАҚПАҚТАР:

Санжар: Ертегісі көп еді,

Күнде айтып береді.

Қуанатын балаша,

Әжем менің тамаша.



Анель: Әжем менің әлі де,

Ұқсамайды кәріге.

Шай қайнатып береді,

Қажет болса бәріне.



Ақниет: Мен үшін не керек,

Бәрін іздеп табасың.

Айналайын анашым,

Жұмысыңа барасың.

Қайтып мені көргенде,

Шын сағынып қаласың.



Серкан: Аялаған, саялаған.

Бар бақытым мерекем,

Апатайым кұттықтаймын,

Бүгін сені мерекеңмен.



Арай: Менің анам ақылшым,

Күн секілді білгенге.

Шашырайды шуағы,

Үйімізге кіргенде.

Кәмпит ханшайымы: Аздап болса да көңілім бір көтеріліп қалды ау. Сыйлықтарды берсем бе екен, жоқ бермесем (біресе созып, біресе өзіне тартып алып тұрады). Ойланып тұрып, тағы қандай шарт қойсам екен?

А-а-а-а менің бір ойнағым келіп тұрғанын ай. Мүмкін барлығымыз ойын ойнармыз.

Ойын: Шар жару.



Кәмпит ханшайымы: Жарайсыңдар балалар. Өздерің сондай өнерлі екенсіңдер. мен сыйлықтарыңды қайтарып берейін.

Жүргізуші: Рақымет Кәмпит ханшайымы. Бұл балалардың Аналарына Әжелеріне арнап өз қолдарымен жасаған сыйлығы болатын. Мереке соңында сыйлайды.

Кәмпит ханшайымы: Жарайсыңдар балалар. Менің қайтатын уақытым болды. Сау болыңдар.

Жүргізуші: Балалар, бүгін біздің мерекеге тағы бір қонақ келе жатқан сияқты.

Көңілді музыкамен Көктем кіреді.



Көктем:

Аналарды, қыздарды,

Сүйікті әжелерді

Құттықтауға сіздерді

Келіп тұрмын мен бүгін.



Жүргізуші: Амансың ба, Ару көктем? Біздің мерекеге қош келдің.

Біздің балаларымыздың өзіне арналған өнерлерін қабыл ал.

Би: Гүлдер.

Жүргізуші: Біздің қыздарымыздың аналарына арнаған әндерін қабыл алыңыздар.

Ән: Жансая мен Қарақат. " Ақ мамам".



Көктем: Жарайсыңдар! Әндеріңде, билерің де тамаша. Өздерің сондай өнерлі бала екенсіңдер. Жаңа менің соңымнан қалмай "Сыйқыршы бақа" да лесіп келе жатыр еді қай жерде қалып қойды екен? Балалар сендер байқамадыңдар ма?

А-а-а әне келе жатыр. Балалар мені көріп қоймасыншы. Бағанадан бері сиқырлап тастаймын деп әбден мазамды алды. Мені көрмей тұрғанда тығылып қалайын.

Осы кезде Ару Көктемді іздеп Бақа келеді.

Балалар мұнда Көктем ханшайымы келмеді ме? Сендер көрдіңдер ма? Мен таппай қалдым. Қайда тығылып қалды екен. Мен енді кімді сиқырласам екен а-а-а. Сендердің мұнда болып жатқан мерекелеріңді сиқырлап жоқ қылып тастайын ба?

Балалар: Жоқ.

Жүргізуші: Жоқ Бақа сен біздің мерекемізді бұзып қайтесің. Оданда саған осындағы кішкентай баларымыздың орыс, ағылшын тіліндегі тақпақтарын тыңдап, ән салып, осындағы кішкентай Бақалар мен би билеп көңіліңді көтерсең қайтеді.

Бақа: Жарайды. Тақпақ тыңдап,ән айтып, би билесек билейік.

ТАҚПАҚТАР:

Алдиар: Мамочке подарок,

Из цветной бумаги.

Вырежу кусочек,

Из него я сделаю.

Маленкий цветочек.



Айзере: Мамин день! Мамин день!

Платье лучше надень!

Утром встань поранше,

В доме прибери,

Что нибуть хорошие

Маме подари.



Нұрдәулет: Мамочке подарок

Пригатовлю я.

Самая красивая

Мама у меня.



Арина: Май диа, диа мами

Ай лав ю вери мач.

Ай уант ю ту би хаппи,

Он зэ ейт оф мач.



Саша: Май мам из прети

Май мам из суит

Май мам из зэ бэсть мами

Ю уйл эве мит.



Жан: Ай лав ю мами

Май диарест мами

Ю мейк ми хаппи

Уен айм сад.



Жүргізуші: Ал ендеше Бақажан осындағы кішкентай Бақалардың биін қабыл ал:

Би: Бақалар:



Бақа: Жарайсыңдар балалар. Тақпақтарың да тамаша. Билеріңде керемет екен. Бірақ жаңа ән де айтамыз деп жатыр едіңдер?

Жүргізуші: Әрине айтамыз Бақажан. Сен асықпа. Қазір балалар аналарына арнап ағылшын тілінде ән орындап береді.

Ән: Ағылшынша.

Тамаша, тамаша деп бақа шапалақ ұрып, қуанып залдан шығып кетеді.

Жүргізуші. Осымен Ақжелкен тобының " Жүрегімнің жылуын сыйлайыншы анама атты" ертеңгілігіміз өз мәресіне жетті. Сау болыңыздар.

















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал