- Учителю
- Сабақ жоспары Көркем әдебиеттен Ғарышкер
Сабақ жоспары Көркем әдебиеттен Ғарышкер
КӨРКЕМ ӘДЕБИЕТ
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні:
Білім беру саласы: Қатынас
Бағдарлама тараулары: Көркем әдебиет
Тақырыбы:Ғарышкер
Мақсаты: Ғарыш,ғарышкер туралы түсініктерін жетілдіру
Міндеті: Көктем туралы білімдерін толықтыра түсу,көктем
ерекшеліктерін мерекелерді
естеріне түсіре отырып әңгімелету.;ғарыш әлемі және құпия сырларына
деген қызығушылықтарын арттыру;сөздік қорларын молайту;еске
сақтау,ой-өрістерін,зейіндерін дамыту.Балаларды батылдыққа
,адамгершілікке,ұжыммен бірлесіп әрекет жасауға тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтар: суреттер
Сөздік жұмыс: ғарыш. ғарышкер
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
а) Балаларды тыныштандыру
ә) Құрал жабдықтарын даярлату
б) Сабаққа назар аудату
Балалар тынышталып,құралдарын алып,сабаққа назар аударады.
Іздену-ұйымдастырушылық
Амандасу: Қайырлы таң!
Ормандар мен далалар!
Қайырлы таң!
Достасқан бар,балалар.
Қайырлы таң!
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктем айларын білеміз ба?
- Осы көктем мезгілінің бірінші айы қалай аталатын еді?
- Дұрыс айтасыңдар, балалар.Ал осы наурыз айында қандай мерекелерді
тойладық?
-Балалар,кәне бәріміз осы көктем ерекшеліктерін есімізге түсіре
отырып, әуен арқылы көрсетсек қалай болады?
Жарайсындар,балалар ,міне көктем мезгілі өзінің керемет
ерекшеліктерімен қуантады екен.Ал көктемнің осы айы нешінші
айы?
-Осы ай қалай деп аталады?
-Иә,бұл сәуір айында да,бір үлкен мереке бар.Ол-ғарышкерлер
мерекесі.
Жұмбақ шешу: Ұшады қанатсыз
Зырлайды аяқсыз. /Зымыран/
Ұшқыш емес,бірақ ол
Аспанда қалықтап ұшады
Оны кім деп ойлайсындар? /Ғарышкер/
Ғарышкер дегеніміз олар ғарышқа,аспан әлеміне ұшатын адамдар.Аспан
әлемінде де ,көптеген ғалам бар.Ал біздер жер ғаламында өмір
сүреміз.
-Балалар,сендер қандай әуе көліктерін білесіңдер?
-Иә,ғарышкер ағаларымыз ғарышқа зымыранмен ұшады екен.Оны ғарыш
кемесі деп атаймыз.Олар ғарышқа ұшып барып,аспан әлемін
зерттейді.Біз бүгін ғарышкер ағалармен,аспан әлемімен
танысамыз.Бәріміз тақтаға мұқият қарайық.Мына суреттегі алғаш
ғарышқа ұшқан адам,ол Ю.Гагарин деген кісі.Мынау ғарышқа ұшуға
дайындалып жатқан кезі.Ғарышқа қазақ ғарышкерлері де ұшқан.Мына
суретте өзіміздің қазақ ғарышкерлері-Т.Әубәкіров және Т.Мусабаев
деген ағаларымыз.Бұл кісілер еліміздің мақтаныштары.Олар
ержүрек,батыр,халық қаһармандары.Осы кісілер сияқты
білімді,тәртіпті үлкен азамат болуымыз керек.Ал мынау аспан
әлемі.Аспан әлемінде көптеген жұлдыздар бар.
- Аспанда тағы нелер болады,балалар?
Ал мынау ұшуға дайындалып жатқан ғарыш кемесі.Онымен адамдар
аспанға ұшып ,аспан кеңістігін зерттейді.Мынау Байқоңыр ғарыш
айлағы.Ғарышкерлердің бәрі осы жерден ғарышқа ұшады екен.Байқоңыр
ғарыш айлағы ол біздің Қазақстанда,оның ішінде Қызылорда облысында
орналасқан.Мына суретте ғарыштағы адам,ол үстіне арнайы скафандр
киген.Ғарышта ауа жоқ,сондықтан ол жақта тек осындай арнайы киіммен
ғана жүруге болады.Балалар,біз ғарышкерлер туралы тақпақ жаттаған
едік қой.Кане есімізге түсірейік,кім айтады?
Жұмбақтарды шешеді
Суреттерді тәрбиешімен бірге талдайды.
Рефлексивті түзетуші
Қорытынды
Ойын: «Зымыран-Ұшақ»
Суреттер арқылы жаңа тақырыпты қорытындылау, бекіту.
Ойын ойнайды
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: Көктем ерекшеліктерін,ай аттарын білу; ғарышкерлер
туралы түсіну.
Істей біледі: Үлестірмелі құралдармен жұмыс жасай алды.Зымыранды
құрастыру,суретін салу;ойынға белсене қатысу.