- Учителю
- Заречная средняя школа с государственным языком обучения
Заречная средняя школа с государственным языком обучения
Ана тілім -ардағым.
Мақсаты:Балаларды ана тілін құрметтеуге, таза ана тілінде сөйлеуге үйрету. Тәрбиеленушілердің өнерлерін арттыру. Эстетикалық талғамдарын орнату.
Көрнекілігі:Тіл туралы жазылған нақыл сөздер. Суреттер
Әдіс-тәсілі:Мақал-мәтел сайысы, ән айту.
Сабақ барысы:Әнұран орындалады.
Тәрбиеші:Музыка ойналады. Тіл көп сөздерді айтып келеді.
Тіл кейіпкері: Армысыңдар балалар мені шақырдыңдар ма?
Тілдер күні құтты болсын.
Мен болмасам адам заты не болар еді. Қанекей балалар тіл бізге қаншалықты қажет екенің көрейік.
Мақалдарын айтқызу
Үндемес ойыны
Тіл кейіпкері: Ал балалар көрдіңдер ме біздің сөзіміз қаншалықты қажет екен, әлде үндемей тұрған жақсы ма екен. Үндемегенде қандай қиын.
Жүргізуші:Тіл-ұлттың жаны, тіл-ұлттың аса қазынасы.дей отырып тілді құрметтеп қонақ қылдырайық.Төрлетіңіз төрге шығыңыз, біздің қонағы болып бүлдіршіндеріміздің өнерін көріңіз. Аяжан:
Сүйемін туған тілді-анам тілін,
Бесікте жатқанда-ақ берген білім.
Шыр етіп түскен минутымнан,
Құлағыма сіңірген таныс үнін.
Аида:
Ана тілін білмеген,
Өмірден құр қалады.
Ақылды құлаққа ілмеген,
Алаулы отқа жанады.
Мағжан:
Ата-анамыз әлдилеп,
Уатқан бізді баба тіл.
Сол туған тіл атауы,
Ежелгі біздің қазақ тіл.
«Ана тілім - тұғырым» Балдәурен тобы
Тәрбиеші: Тілге байланысты мақал-мәтелдер сайысына кезек береміз. Балалар кім көп мақал айтады, соған асық беріліп отырады.
Балаларға мақал-мәтелдер айтқызады.
Дана:
Тіл тас жарады,
Тас жармаса бас жарады.
Олжас:
Өнер алды-қызыл тіл.
Нұрислам:
Тіл-тиексіз.
Айзере:
Ойнап сөйлесең де,
Ойлап сөйле.
Аруна:
Сөз сүйектен өтеді,
Таяқ еттен өтеді.
Тәрбиеші:Енді балалар нақыл сөздерге кезек берейік.
Смайыл:
Сүйсем өз тілімді,
Боламын білімді:
Мадияр:
Өз тілім үйретер,
Өнерді, ғылымды.
Сүйем өз тілімді.
Жансая:
Ана тілің - арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!
Данияр:
Ана тілім - ұраным,
Ана тілім - құралым,
Тоғжан:
Ана тілім - болмаса
«Алқисса» қазақ биі орындайтын:( Аида, Айзере,Жансая, Дана,Ақерке,Аяжан )
Ақерке:
Даламыздың үні деп,
Ана тілін,
Ана тілін,
Ана тілін сүйеміз.
Аманат:
Өсірген ой білімді
Сүйем туған тілімді
Тәрбиеші: Осымен «Ана тілім - ардағым!» атты тәрбие сағаты аяқталды. Қош сау болыңыздар!
«Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный орта мектебі»КММ
Тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Ана тілім-ардағым!»
Тәрбиешілер:Рахимова Г.У
Бексұлтанова Д.С
Ибраева А.М
2015 - 2016 оқу жылы.