7


  • Учителю
  • Тақырыбы: Щ, щ дыбысы және әрпі.

Тақырыбы: Щ, щ дыбысы және әрпі.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Ақмола облысы

Целиноград ауданы

Қоянды орта мектебі

Шидерхан Таня





Білім беру салалары: қарым-қатынас.

Бөлімдері: сауат ашу.

Тақырыбы: Щ, щ дыбысы және әрпі.

Мақсаты: Щ дыбысы мен әріп таңбасымен таныстыру, щ дыбысына мысалдар ойлату арқылы сөздік қорларын молайту, ой-өрістерін, тілдерін дамытып, байланыстыра сөйлеуге үйрету. Дидактикалық материалддарды пайдаланып, дидактикалық ойындарды ойнатып, балалардың ойлау қабілетін, қиялын, зейінін дамыту ( буын, сөз құрау, жұмбақ шешу, өлең айту) жазуға қолдарын жаттықтыру (өткен сабақпен жаңа сабақты ұштастыра үйрету).

Көрнекіліктер: кеспе әріптер, суреттер, жұмбақ, сөзжұмбақ, буындар, текшелер (қызыл, көк), тәжірибе (2 стакан су) т.б.

Пәнаралық байланыс: валеология, тіл дамыту, көркем әдебиет, құрастыру т.б.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелесу.

І. Ұйымдастыру кезеңі: Шаттық шеңбер.

Білер қазақ баласы,

«Сәлем» сөздің анасы.

Алдымыздан кезіккен,

Көп таныстар көреміз,

Бәрінен де ізетпен.

Біздер сәлем береміз,

«Сәлеметсіздер ме?» қонақтар.



Балалар тақтаға қарайықшы!

1)Суретте қай мезгілді көріп тұрсыңдар? (Көктем)

2) Көктем мезгілінде неше ай бар? (Үш)

3) Айларды айтқызу: наурыз, сәуір, мамыр.

4) Қазір қай ай?

Олай болса, өткен сабақты еске түсірейік.

Ол үшінмен сендерге жұмбақ жасырамын, сендер жауабын айтуларың керек.

1) Топырақ жемесе жата алмайды,

Тас шайнап та қақалмайды.

(Эксковатор)

2) Бір алмұрт жоғары да ілініп тұр,

Оны ешкім жемейтіні білініп тұр.

(Электр шамы)

3) Э әрпі дауысты ма әлде дауыссыз ба?

Тақтаға (көк, қызыл бормен белгілету).

4) Өзіндерің білетін Э әрпінен басталатын кісі есімдерін білеміз бе? (Эльвира, Эльмира, Эланора т.с.с.)



5) Эле-ва-тор - мол астықты сақтайтын және оны желдетудің, салқындатудың, кептірудің, құрғатудың, сұрыптаудың көмегімен сапалық деңгейге жеткізген ғимарат.

6) Поэма-белгілі бір оқиғаны өлеңмен баяндайтын көркем шығарма.

7) Поэзия-өлеңмен жазылған көркем шығарма.

8) Фэри- ыдыс жууға арналған сусабын.

ІІ. Негізгі бөлім. ІІ топқа бөлу: І топ - Күншуақ, ІІ топ - Гүлдер.

Жаңа тақырыпты хабарлау.

1) - Дыбыстар нешеге бөлінеді? (2-ге)

2) - Дауысты дыбыстар қалай айтылады?

3) - Ал дауыссыз дыбыстар ше?

4) - Дауысты дыбыс қандай текшемен белгіленеді?

5) - Дауыссыз дыбыс қандай текшемен белгіленеді?

6) Жұмбақ шешу.

Атқарады талай-талай ісіңді,

Тазалайды киіміңді, тісіңді.

(Щётка)

7) Олай болса тақтада, суретте нелерді көріп тұрсыңдар? (Щёткалар)

8) Көктемде киетін ер адам сырт киімі? (Плащ)

9) Топпен жұмыс: Шартты белгі бойынша хормен оқыту.

10) Тәжірибе: Екі топтан екі оқушы шығып стакандыдағы суды ішіп көреді.

(Ащы және тұщы деген сөзді айту, түсіндіру)

11) Шашылған әріптерден сөз құрау. ө, л, к. ы, щ, а. т, щ, ұ, ы. л, к, ө.





Сөйлем құрату. Көлдің суы ащы.

Біз тұщы суды пайдаланамыз.

Буынға бөлгізу, щ әріпі қай буында екенін айту.



12) Тыныштық сәті: Үнтаспа .Тыңдау, көздерін жұмып(қай мезгіл, қандай жыл құстарының дауысын естіді, кім көз алдарына нелерді елестетті, ойларын айту).

13) Жазу жұмысы: Щ дыбысын ауада, тақтада, дәптерге үлгі бойынша кіші және бас әрпін бастырып жазу. (Бірнеше оқушыға, гүлдермен немесе түсті қарындашен жазып көрсетуге тапсырма беру)

14) Дидактикалық ойын: Не тәтті? Не қышқыл? Не ащы? (жемістер, көкөністер, сұйықтық)

ІІІ. Рефлексивті түзетушілік: Сұрақ-жауап әдісі және сөзжұмбақ шешкізу арқылы сабақта алған білімдерін бекіту. (Бүгінгі сабақтың қай сәті ұнады?)

Сөзжұмбақ шешу және сұрақтарға жауап беру арқылы сабақты бекіту.

(Сұрақтарға дұрыс жауап берсең торкөздің тігінен де, көлденеңінен де, бүгінгі сабағымызға қатысты 5 әріппен тұратын сөз оқи аласыз).





1)Аяқ киімді немен майлаймыз? (Щётка)

2) Шыршаның орысшасы? (Ёлка)

3) Біз қандай су ішеміз? (Тұщы)

4) Адам білімді неден алады? (Кітап)

5) Тұщы сөзіне қарама-қарсы сөз? (Ащы)

2) «Щётка» өлеңін жаттау.

Щётка, щётка, щёткалар,

Неше түрлі щётка бар.

Бірі тісті жуады,

Бірі шаңды қуады.

Күтілетін нәтиже:

Білді: Щ дыбысы және әрпінің айтылуын білді.

Игерді: Щ дыбысына байланысты сөздер айтуды, әңгіме құрауды игерді.

Меңгерді: Щ дыбысын көркем жазуды және дауыссыз дыбыс екенін меңгерді.



































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал