7


  • Учителю
  • Разработка на тему 'Менің Отаным-Қазақстан Ашық сабақ'

Разработка на тему 'Менің Отаным-Қазақстан Ашық сабақ'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тіл дамыту сабағының технологиалық картасы.

Тақырыбы: Менің Отаным-Қазақстан.( Ашық сабақ)

Мақсаты: Балалардың Қазақстан Республикасының рәміздері турулы түсініктерін кеңейту. Туған елін,жері сүюге отанға деген құштарлық,сүйіспеншілік және адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу. Өлең-тақпақтар, мақал-мәтелдер жаттату арқылы сөздік қорларын дамыту.

Іс-әрекет кезеңдері.

Тәрбиешінің іс-әрекеті.

Балалардың іс-әрекеті.

Ұйымдастырушы,қозғаушы қызмет түрі.

-Шаттық шеңбері:

Күлімде күл күлімде,күлсін барлық бала шат.Берекелі бүгіндей,бейбіт болсын болашақ.

Балалар келген қонақтарға,бір-бірімізге,жылы лебіздерімізді білдірейік.

-Елімізге тыныштық тілеймін!

-Күніміз жарық болсын!

-Аспанымыз ашық болсын!

-Деніміз сау болсын!

-Еліміз тоқ болсын!

-Туымыз биік болсын!

Қ.Р-әнұранын айту.

Шеңбер бойында тұру.

Қолды алға созу.

Қолды кеудесіне қою.

Қолды көкке көтеру.

Бір-бірінің қолынан ұстау.

Балалар хормен жылы лебіздерін білдіреді.


Хормен әнұран орындау.

Ойлану сәті:

"Тез ойла"-ойынын ойнату. Балаларға сұрақ қою арқылы өз ойларын ашық айтуға үйрету.

Ойынды белсенділікпен ойнайды.

Ғажайып сәт:

Ән айту:

"Ребус шешу" Суреттегі заттарды көрсете отырып,аттарын айтқызу. Сөздің бастапқы дыбысын табу арқылы "ребусты" шешу.

Шыққан сөз арқылы сұрақ қою.

-"Отан" деген не?

-"Отан"-әні.

Экраннан суреттер көрсету. Балалар қызыға отырып суреттегі заттың аттарын атайды. Шыққан сөзді табады.

Балалар сұраққа ән арқылы жауап береді.

Жаңа сабақ.

-"Отан" туралы сұрақтар.

-Біздің ұлтымыз кім?

-Біздің "Отанымыз" қалай аталады?

-Елбасымыз кім?

-Елордамыз қай қала?

-Қазақстан қандай мемлекет?

-Рәміздерімізді атаңдар:

Балалар кезекпен жауап береді.

-Ұлтымыз қазақ.

-"Отанымыз" Қазақстан Республикасы.

-Елбасымыз Н.Ә Назарбаев.


_Астана

-Қазақстан тәуелсіз мемлекет.


-Елтанба,Ту,Әнұран.

Сергіту сәті.

Кел балалар тұрайық,үлкен Шеңбер құрайық.

Шаңырақты көтеріп Керегені құрайық.

Уықтарша иіліп ,

Шаңыраққа киіліп,

Киіз үйді құрайық.

-Оқушылыр шеңбер құрып тұрады.

-Қолдарын жоғары көтереді.

-Қолдарын екі жаққа созады.

-Жоғары көтеріп иілу.

-Дөңгеленіп жүреді.

Ізденушілік кезең:

"Отан" туралы тақпақ,өлең.

-"Отан" туралы мақал-мәтел.

-Елтаңбамыз,Туымыз туралы тақпақтар айту.

-Бірнеше бала өздері білетін тақпақтарын, мақал-мәтелдерін жатқа айтып береді.

Рәміздеріміз туралы тақпақтар айту.

Шығармашылық тапсырма.

"Сурет салу"

"Балалар еліміз,жеріміз" ауылымызды бейнелейтін өздерің елестетіп сурет салып көрейікші.

Суреттері тақтаға ілінеді.

Балалар өз ойларынан "Отан"-туралы сурет салады.

"Ауылын" "Үйін" "Мектеп" "Бәйтерек" "Қала".


Өздері нені салғанын суреттеп айтып береді.

Рефлестік зерттеуші кезең.

Қорытындылау:

-Балалар бүгін не туралы үйрендік?

-"Отан" неден басталады?

-"Отан" деген не?

-Рәміздерді атаңдар.

-Елбасымыз кім?

-Еліміздің бас қаласы қай қала?

-"Отан" туралы.

-Отбасынан басталады

.

-Ту,Елтаңба,Әнұран.

-Н.Ә.Назарбаев

-Астана

Ой түйіндеу:

Елімізге,жерімізге не тілейміз?

-Ондай болса,бейбітшілік құсы "Ақ көгершін" әнін орындайық.

Елімізге әрқашан бейбітшілік болсын,аспанымыз ашық болсын деп "Ақ көгершінді" ұшырайық.

Бейбітшілік,тыныштық,ашық аспан

Балалар әнді хормен айтады.


Балалар көгершіннің суретін "Қазақстан" картасына жапсырады.

Күтілетін нәтиже.

Оқушылар "Отан" сөзінің мағынасын терең түсінеді.


Нені біледі.

Сөйлеуге,жаттап айтуға,отанын сүюге,ел рәміздерін құрметтеуге үйренеді. Мәнерлеп айтуды байланыстырып сөйлеуді үйренеді.


Қандай түсініктерді игереді:

Өз ойларын суреттеуді үйренеді. "Отан" "Ту" "Елтаңба" "Қазақстан" "Елорда" "Елбасы" "Бейбітшілік" "Тыныштық" сөздерінің мағынасын игереді.


Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:

Балалар өз отанының рәміздерімен таныса отырып; ойларын еркін жеткізе білуді,ойнауды, ребусты шешуге,елестетіп сурет салуды меңгереді:

Тақпақ жаттауға,мақал-мәтел айтуға,есте сақтауға үйренеді.

Елін,жерін сүюге: рәміздерді құрметтеуге,Отанға деген сүйіспеншілікке;

Балалар еркін,ашық сөйлеуге,өз ойын ашық айтып сурет салуға,ойын арқылы қызығушылық,шығармашылықтары артады;

"Ақ көгершін" әнінің неге орындалғанын түсінеді; "Көгершін"-суретінің ,бейбітшіліктің белгісі екенін біледі..

Салған суреттерінен көрме ұйымдастырылып,әр бала мадақталады.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал