- Учителю
- Сабақ жоспары: Үй жануарларымен танысу
Сабақ жоспары: Үй жануарларымен танысу
ҚМКҚ «Қызғалдақ» бөбек-жай балабақшасы
«Үй жануарларына сипаттама»
(aшық сабақ)
</<br>
«Ақ көгершін» тобының тәрбиешісі:
Әміржанова Меруерт Сабыржанқызы
Мұқыры ауылы
2016 жыл
Білім беру саласы:"Қатынас"
Ұйымдастырылған оқу іс -әрекеті: Тіл дамыту
Тақырыбы: «Үй жануарлары»
Мақсаты:
Білімділік: Балаларды үй жануарлары және оның төлдерімен, тіршіліктерімен таныстыру. Не қалай дыбыстайтынын айтып, тілдерін дамыту.Балалардың үй жануарлары туралы білімдерін толықтыру.
Дамытушылық: Олардың түрлерін бір - бірінен ажыратуға, зейін қойып тыңдауға үйрету,үй жануарларына байланысты тақпақтар мен мақал мәтелдер айтқызу, сұрақтарға жауап беруге дағдыландыру, жұмбақ шешу арқылы тіл байлықтарын дамыту.
Тәрбиелік: Жануарларды күтіп баптауға, қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілі: Сұрақ - жауап, түсіндіру, көрсету.
Көрнекілік: Үй жануарларының суреттері, слайд.
Ұйымдастыру кезеңі:
Балалар, «Амандасу - адамгершіліктің, әдептіліктің
баспалдағы»
сондықтан да, алдымен қонақтармен амандасып алайық.
Жылулық шеңбері:
Қуан, шаттан, алақай,
Қуанатын күн бүгін!
Қайырлы таң қонақтар,
Қайырлы таң достарым.
Сабақтың барысы:
- Балалар, бір жылда неше мезгіл бар?
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Бүгін ауа райы қандай?
Өткен сабаққа шолу
Жаңа оқу іс-әрекетінің тақырыбын ашу мақсатында жұмбақ жасыру:
Кішкене ғана бойы бар
Айналдырып киген тоны бар. (Қой)
- Иә дұрыс айтасыңдар,балалар-қой. Қой бәріміздің үйімізде бар. Ол-үй жануары. Яғни бүгінгі оқу іс-әрекетімізде біз үй жануарларымен танысамыз.
Тәрбиеші:
-
Балалар, үй жануарларына қандай жануарлар жататынын білеміз ба?
-
Ал олай болса балалар үй жануарларын атайық(балалар үй жануарларын атайды). Бейнетаспа көрсету.
Тосын сәт:
(Музыка ойнайды, түйенің дыбысы шығады). -Балалар, ненің дауысын естіп тұрмыз? Қарайықшы, қанеки бізге кім келе жатыр екен?
Түйе келеді. «Балалар, маған көмектесіңдерші? Менің үйіме қарақшылар келіп, достарымның суретін жыртып кетіпті. Сендер маған суреттерді құрастырып беріңдерші»,-деп төрт топқа сурет қиындыларын береді.
Балалар суретті құрастырып болғаннан кейін, өздері құрастырған суреттері туралы тақпақтарын айтады, түйе алғысын білдіреді.
Түйе: «Жарайсыңдар,балалар, сендерге көп рахмет. Сендер маған көмектестіңдер мен де сендерге сыйлық алып келгенмін»-деп сыйлығын беріп балалармен қоштасып шығып кетеді.
Сергіту сәті: Бейнетаспа арқылы
Қорытынды:
(Алдын ала тақтаға үй жануарларының суреттері ілінеді).
Балалар, тақтадағы суреттерге назар аударайық. ( телефоннан үй жануарларының дыбыстарын естірту).
-
Қойдың дыбысы: -Ненің дыбысын естідік? Әрине қой. Қойдың төлі қалай аталады? Қозыны анасының қасына апарайық.
-
Мысықтың дыбысы: -Ненің дыбысын естідік? Дұрыс айтасыңдар мысықтың. Мысықтың баласы қалай аталады? Марғауды анасының жанына апарайық.
-
Иттің дыбысы: -Ненің дыбысын естідік? Әрине ит. Иттің баласы қалай аталады? Күшікті анасының қасына апарайық.
-
Жылқының дыбысы: -Ненің дыбысын естідік? Әрине жылқы. Жылқының баласы қалай аталады? Құлынды анасының жанына апарайық.
-
Түйенің дыбысы: -Ненің дыбысын естідік? Дұрыс түйенің. Түйенің төлі қалай аталады? Ботаны анасының қасына апарайық.
-
Сиырдың дыбысы: -Ненің дыбысын естідік? Әрине сиыр. Сиырдың төлі қалай аталады? Бұзауды анасының қасына апарайық.
Мадақтау:
Балаларды мадақтап, жұлдызшаларын тарату.