7


  • Учителю
  • Технологические карты на тему Тіл дамыту

Технологические карты на тему Тіл дамыту

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тәрбиеші:

Білім беру саласы:Қатынас Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі:Тіл дамыту Тақырыбы:Күзгі тамашаға сүйіну

Мақсаты:сюжет бойынша әңгіме құрастыра білуге,жанұясындағы қарым қатынасты түсіндіруге үйрету.

Қолданатын көрнекі құралдар:Жемістермен көкөністер Сөздік жұмысы:Бау-бақша,бақСұрақтар:

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Күз мезгілі екенін қайдан білеміз ?

- Қазір жылдың күз мезгілі .Күз мезгілі екенін табиғаттың өзгеруінен білеміз

Ұйымдастырушылық ізденістік

  • Балалар бүгінгі біздің оқу іс -әрекетіміз жемістер мен көкөністер туралы және олардың қайда өсетіні туралы болады.

  • -Қане , күз мезгілінде пісетін жемістер көкөністерді атайықшы ?- Олай болса , себеттегі жемістер мен көкөністердің біреуін алып, оның атауын айтып, түсін,пішінін айтып, әңгімелеу. Мысалы, мынау алма, оның түсі қып- қызыл, пішіні дөп- дөңгелек, дәмі тәп-тәтті



  • т.б. Дидактикалық ойын : «Жемістер мен көкөністерді ажырат». Мақсаты: Балаларға жемістер мен көкөністерді қайда өсетінін, оларды ажырата білуге баулу . Саусақ моторикасын дамыту. Шарты: Тіл дамыту дәптерімен орындалады. Дәптердегі тапсырмадағы жемістер мен көкөністерді атап, олар қайда өсетінін анықтап, ағаштарға жемістерді және әр жүйектерге көкөністерді орналастырі. -Жемістер қайда өседі? - ал көкөністер ше ?



Сергіту жаттығуы: «Шие»

Мен шиемін,шиемін,

Күннің көзін сүйемін . қышқыл шырын менде бар, төмен басты иемін . Жұмбақ: Аспай піскен,

қайнамай түскен . «Жеміс» (Түсіндіру жұмысы жүргізіледі: - Неге ол аспай, қайнамай

піседі? Оларға күннің

көзі , яғный күн пісуіне көмектеседі) .

- Жемістерді жемес бұрын не істеу керек? Жемістердің , көкөністердің мол болуы, үлкен- үлкен болып өсуі неге байланысты ?

Өздері білетін жемістер мен көкөністерді атайды.















(Муляжына қарап, оны атайды , түсін, пішінін айтады .) Өздері таңдаған жемістер мен көкөністері туралы әңгімелейді.







Берілген жемістер мен көкөністерді өз орнына орналастыруға әрекет жасайды .



-Жемістер бақтағы ағаштарда өседі. Көкөністер бақшада ,жерде өседі

















Қимылын келтіріп жаттығуды орындайды.













Оларды жемес бұрын жақсылап жуу керек

Оны күтіп - баптап өсіруіне байланысты.

Рефлексиялық түзетушілік

-Еңбек туралы қандай мақал - мәтелдер білесіңдер ? Еңбек - адамның екінші

анасы . Оқу іс-әрекетін қортындылап балаларды

мақтап,мадақтау .

Балалар тәрбиешінің айтқанын қайталайды.



Күтілетін нәтиже :

біледі : Жемістер мен көкөністерді және олардың пішіндерін ажыратуды .

игереді : Жыл мезгілдерін ажыратып айтуды біледі .

меңгереді : Жемістердің бақта , көкөністердің бақшада өсетінін біледі .

























































Тәрбиеші:



Білім беру саласы:Қатынас Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі:Тіл дамыту Тақырыбы: «Қонақ келгенде »Мақсаты: Таныс шығармалардың мазмұнын тәрбиешінің көмегімен әңгімелеп беру.

Қолданатын көрнекі құралдар:тіл дамыту дәптері ,ұлттық көйлек киген қуыршақ.Балалар,бұл қуыршақтың есімін сендер білесіңдер ме? -Олай болса,қуыршақтың өзінен сұрап көрейікші. -Балалар,қуыршақ есімін айтқысы келмесе,онда есімін қояйық .

-Кәне кімнің қандай есім қойғысы келеді? -Қуыршақтың есімін қойғанда оның есіміде атына заты сай болуы керек.

Мысалы: «Сұлушаш», «Кәмшат», «Қарашаш».(Халық әні «Үкілі» Кәмшат әнін қолдануға болады.) -Қуыршақтың есімін қойдық.Енді қонаққа келген қуыршағымызды жоғары шығарайық. -Кәне, бәріміз бірге: -Енді Сұлушаш қуыршағымызға тоқталайық. -Сұлушаш сендергеұнады ма?Несі ұнады? (Шашы,көйлегі,сырғасы,бөркі, камзолы,үкісі). -Сұлушаштың шашы қандай?

(Қою қара шашты) - «Қою қарашашты» деген «шашы қалың»дегенді білдіреді. -Ол шашын қалай жинап алыпты?

(Қос бұрымды). -Көздері қандай? (Қарақат көзді) (қарақат көзді деген қарақат жидегіндей мөлдіреп тұр дегенді білдіреді.) -Ал Сұлушашымыздың көйлегі қандай?

(Бүрмелі,қазақтың ұлттық көйлегі) Сұлушаштың бөркіне тоқталу.

-Бөрік киімнің қай түріне жатады?

-Бөріктің төбесінде үлпілдеп тұрған несі? -Бөріктің төбесіндегі үкісі неден жасалады?

Дидактикалық ойын:

«Өз орнына орналастыр». Мақсаты: Балаларды суретке қарап әңгімелей білуге үйрету. Ойын шарты:Тіл дамыту дәптерімен орындалады. Дәптерге тапсырма бойынша әңгімелейді және үкінің қауырсынын керекті затқа орналастырады. Үкі-орман құсы. Үкінің- жүні үлпілдек. -Енді бәріміз үкінің дауысын салайықшы.







Сергіту жаттығуы. «Қуыршақ» өлеңін оқып беру. Сөйлемейсің сен неге, Тілің жоқ па, қуыршақ? Жуынбайсың сен неге, Кірің жоқ па, қуыршақ? Аяғың бар ма,сен неге, Жүре алмайсың,қуыршақ? Жұмсағанда сен неге, Тіл алмайсың ,қуыршақ? Біз күлгенде күлмейсің, Аңқаусың ба, қуыршақ? Бізбен бірге жүрмейсің, Жалқаусың ба, қуыршақ? «Айнытпай сал»

Ойынның шарты:Қуыршақтың жылаған дауысын салу.

-Білмейміз.



2-3 бала шығып есімін сұрайды.





Өз ойларындағы есімдерді атайды.













-Жоғары шығыңыз,төрлетіңіз!







Өз ойларын жеткізеді.









Оның шашы ұзын,әдемі.







-Шашын ол өріп қойыпты.

-Көздері дөңгелек күлімдеген.





-Оның көйлегі ұзын,әдемі,ақ түсті.



-Бөрік бас киімге жатады.

-Бөріктің төбесінде үкісі бар.Үкі суретіне қарап әңгімелейді және тапсырманы орындауға атсалысады.



























Балалар үкінің дыбысын салады. Қайталайды,әрі қимыл-қозғалысын келтіреді. .





























Қуыршақтың жылаған дауысын салады.

Рефлексиялық түзетушілік

-Балалар,Сұлушаш қуыршағымыз бізден біраз нәрсе үйренген сияқты.

Өйткені ол күлімсіреді. Енді ол үйренген жаңа,ізгі сөздерді достарына айтсын! Қонағымызды шығарып салайық.Қонаққа қоштасарда қандай ізгі сөз айтамыз? Қонақты шығарып салу.Жол көрсету.Қорытындылап мадақтау.











-Сұлушаш сау бол!

Күтілетін нәтиже: Біледі: ұлттық киім атауларын; Игереді: жаңа сөздер мен игі сөздерді; Меңгереді: қонақжайлықты



Тәрбиеші:



Білім беру саласы: Қатынас Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Тіл дамыту Тақырыбы:Итпен мысық. Мақсаты:Бір сюжетке біріктіре отырып екі ойыншық туралы қысқаша әңгіме құрастыру.Антонимдерді қолдануын көрсету. Ж,С,Қ дыбыстарының дұрыс дыбыстануын үйрету. Б)Үй жануарларына деген сүйіспеншіліктерін арттыру, оларға қамқорлық жасауға үйрету.

Қолданылатын көрнекі құралдар: демонстрациялық құрал,тіл дамыту дәптері,қалташада ит пен мысық суретінің қиындылары болу керек.



Шеңберге тұрып бір - бірлерімен сәлемдесу .

Тәрбиеші балаларға жұмбақ жасырады:



Адамға серік Күзетке берік. Дұрыс айтасың расында адамға серік,үйді күзететін ол ит екен.

Шеңбер сызығына тұрып бір -бірлерімен сәлемдеседі .



Жұмбақтың жуабы: ит.



Ұйымдастырушылық ізденістік

Ал ендеше бәріміз мұндағы суретке қарайық .Демонстрациялық құрал: Ит және мысықтың суреттері .

  • Балалар, мұндағы суреттен біз нені көріп тұрмыз ?

  • Ит пен мысық бір бірімен дос па? Ал иттің дауысын еске

  • түсірейікші? ит не

істейді ?

  • Ит үй жануары ма? Әлде жабайы жануар ма?

  • Мысық үй жануары ма? Әлде жабайы жануар ма?

  • Мысық қалай дыбыстайды?

  • Дидактикалық ойын : «кім жылдам ?»мақсаты ит пен мысықтың дене мүшесімен таныс болу және оны сипаттай біруге үйрету . Шарты : хатқалдағы (Конверт) қиындыларды жылдам біріктіру арқылы ит бейнесін шығару және оған сипаттама беру .

- Құрған бейнеге сипаттама берейікші ?

-Олар қалай жүгіреді ?

- олардың жүні үлпілдек болды .(«Үлпілдек » сөзін қайталату ) Сурет бойынша әңгіме құрау :Демонстрациялық құралдағы «Ит және мысық». (Балалар, әңгіме құрағанда бірінің сөзін бірі тыңдауға ұсыныс беру, соңында әңгіме құраған баланы мақтау ) - Ал, ит адамның досы дегенді қалай түсінеміз ?

Сергіту жаттығу

Терезені ашайық,

Таза ауа кірсін деп.

Жаттығуды жасайық,

Денем мықты болсын деп . (Тәрбиеші жаттығуды қимыл - қозғалыспен орындатады және екі рет қайталатады )

Мақал - мәтел жаттайық:

Малды бақсаң қойды бақ,

май кетпейді шарадан .

Ит асырасаң сырттан,

Қой бермейді қорадан . (Жаттауды жалпылама қайталату әдісі бойынша жаттату ) Дәптермен жұмыс : Күшіктің көлеңкесін тапқызу .

  • Біз итті көріп тұрмыз .







- ит пен мысықтың суретін деп атайды.

- Иттер үреді.





- Ит үй жануарына жатады .Мысық үй жануарына жатады

Мысық мяу мяу мяу деп дыбыстайды Ойынның шартын мұқият тыңдап, оны орындайды .







Тікірейген екі құлағы,екі көзі,тұмсығы,

арыстандай айбатты. Олар тез жылдам жүгіреді .

-Үл - піл - дек









-Мен мына суреттен ит пен мысықты көріп тұрмын . Ит үлкен, ал мысық кішкентай . Ит біреу, күшіктері көп

Себебі : ит адамның үйін ұрылардан бөтен кісілерден

күзетеді .

Сергіту жаттығуын орындайды .











Тәрбиеші сөзін қайталау

арқылы, мақал - мәтелді жаттап алу . Дәптермен жұмыс жасайды .

Рефлексиялық түзетушілік

Сөйлемді толық құруға ұсыныс білдіру .

ұсыныстымұқият

тыңдап,орындауғатырысады.



Күтілетін нәтиже:

Біледі: Мақал - мәтелдерді көбірек білу ;

Игереді :Дыбыстарды дұрыс айтуға ;

Меңгереді:Иттің дене мүшелерін біледі .





































Тәрбиеші:



Білім беру саласы : Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің түрі : Тіл дамыту

Тақырыбы : « Ата еккен шалқан» украин халық ертегісі

Мақсаты : а) Балаларды оқылған шағын ертегі желісі бойынша ертегі мазмұнын айтып бере білуге үйрету, өз ойларымен бөлісе білуге талпындыру .

ә) Ертегі кейіпкерлерінің қимылын, дыбысын салдырып кейіпкерлер бейнесін сомдау қабылеттерін дамыту .

Көрнекілігі: масақ суреті, дирман, ұн, пеш, бәліш.

Қолданатын көрнекі құралдар :Демонстрациялық құрал, Тіл дамыту дәптері .Балалар қуанады сәлемдеседі.

Ұйымдастырушылық - ізденістік

Жаңа сөздермен түсінік жүргізу :

Демострациялық суреттегі ата мен әженің,қыздың,мысық пен тышқанның суреттерін балаларға көрсетіп оларға түсінік беру .Жаңа сөздермен жұмыс : шалқан . Жаңа сөздерді «Телефон» ойыны арқылы қайталату .

Ойынның шарты : Тәрбиеші жаңа сөзді айтады , балалар бір - бірінің құлағына сыбырлап айтып шығады .Ең соңғы бала қандай сөз естігенін айтып береді .

Қуыршақ театрының қойылымы :

Ерте де екі Тышқан, дауысы әдемі бір Әтеш өмір

сүріпті .Екі тышқанның біреуінің аты Крутъ , екіншісінікі Вертъ екен . Тышқандар күніге тек ойнауды, өлең айтып, билеуді ғана біліпті. Ал Әтеш таң атысымен барлығын өзінің әсем дауысымен оятып, бірден жұмысқа кіріседі екен. Сөйтіп бір күні ауланы сыпырып жүргенде жерден бидайдың масағын тауып алады.Әтеш Куртъ Вертътті шақырып , былай депті: - Қараңдаршы , мен нені таптым ? Тышқандар тезірек жүгіріп келіп , былай деді О, оны үгіту керек. Әтеш : Ал оны кім үгітеді? Крутъ: Мен емес деді .

Вертъ: менде емес, деп айқайлады .

Әтеш : Жарайды, ендеше онда мен үгітейін . Сөйтіп , Әтеш жұмысқа кірісті . Ал тышқандар болса , ойнап , би - билеп жүрді . біраздан соң әтеш жұмысын бітіріп , екі тышқанды шақырады .

Әтеш : Крутъ , Вертъ қараңдаршы мен қаншама дән үгіттім .Тышқандар жүгіріп келіп , екеуі бірдей шиқылдады.

Крутъ, Вертъ: енді дәнді диірменге салып , ұн етіп үгіту керек .

Әтеш: Ал кім көтереді ?Крутъ : Мен емес . Вертъ : Мен де емес .

Әтеш : Жарайды , ендеше мен дәнді диірменге салайын . Сөйтіп, иығына қапты салып Әтеш кетті . Ал Тышқандар сол уақытта бір - біріне секіріп ойнады . Әтеш қайтадан диірменімен

оралып , Тышқандарды шақырып :

- Мен ұн әкелдім, - деді .

Ал Тышқандар :

- Ай , жарайсың , Әтеш . Енді осы ұнды илеп, пешке салып, бәліш пісіру керек .

Сонда Әтеш: Кім енді илейді ?- дейді . Ал Тышқандар болса баяғынша жауап береді . Тышқандар : Мен емес, мен де емес деді .



Әтеш : Қайтадан өзім жасайтын секілдімін . Сөйтіп , Әтеш ұнды илейді, отынды әкелді, пешті жақты . Пеш қызып ,оған бәлішті салды . Ал тышқандар сол уақытта уақыттарын жоғалтқан жоқ . Өлеңдерін айтты , билеп

жүрді . Міне, бәліште пісті, Әтеш бәлішті үстел үстіне қойды, ал тышқандар болса бірден үстел басына жетіп келді.



Крутъ: Ой , менің қарыным ашты .

Вертъ :Ох, менің жегім келіп тұр . Сөйтіп, үстелге отырып алды .



Сонда Әтеш : Тоқтай тұрыңдар, тоқтай тұрыңдар . Алдымен сендер маған масақты кім тапты соны айтыңдаршы ?



Тышқандар: Сен таптың - деп айғайлады. Әтеш: Ал оны кім үгітті ?

Тышқандар : Сен үгіттің . Әтеш : Ал кім дәнді диірменге тартты ?



Тышқандар: Тағы да сен, -деп ақырын айтты . Әтеш: Ал кім иледі ? Отынды кім әкелді ? Пешті кім жақты ? Бәлішті кім пісірді ?



Тышқандар : Бәрін де сен, бәрін де сен ! - деп ақырын айтты .





Сұрақ - жауап :

  • Балалар сендерге кейіпкер соңынан сөздерін қайталап отырған ұнады ма? - Ал сендер не түсіндіңдер?

Ендеше мақал - мәтел ді қайталайық .



Жалқаудың жаны тәтті

Еңбектің наны тәтті .

- Әрине , балалар, еңбекпен табылған нан тәтті .

- Жақсы балалар өз орнымызға тұрып сергіту жаттығуын орындайық .

Сергіту жаттығуы .

Қанат жаям жалма- жан , Талпынғандай ұшуға .

Иіліп келіп, қол соғам ,

Аяғымның ұшынан .

Дидактикалық ойын :

Қайсысы ірімшікті жақсы көреді ?Мақсаты : балалардың ойлау қабілетін дамыту.

Ойынның шарты : жұмыс









Ойынды қызыға ойнайды . Балалар қуанып әр кейіпкердің сөзін қайталап

отырады .











Ойынды қызыға ойнайды . Балалар қуанып әр кейіпкерді қайталап отырады .





























-Ал оны кім үгітеді ?

Мен емес,- деді .

- Мен де емес , - деп айқайлады .

- Жарайды , ендеше онда мен үгітейін .



-Енді дәнді диірменге салып , ұн етіп үгіту керек .





-Ал кім

көтереді ?

- Мен емес .

Мен де емес .

- Жарайды , ендеше мен дәндә диірменге салайын .

















- Ай, жарайсың , Әтеш,Енді осы ұнды илеп, пешке

салып, бәліш пісіру керек.

- Кім енді илейді ?





- Мен емес, мен де емес







. - Меніңше қайтадан өзім жасайтын секілдімін .















- Ой менің қарыным ашты .

- Ох менің жегім келіп тұр .





- Тоқтай

тұрыңдар , тоқтай тұрыңдар . Алдымен сендер маған масақты кім тапты соны айтыңдаршы ?

- Сен таптың .

- Ал оны кім үгітті ?









- Бәрін де сен , бәрін де сен !





-Ал сендер не істедіңдер, сонда ?

























Әрине ұнады . Ертегінің қысқаша мазмұнын айтып берді

Дәптердегі тапсырманы орындайды .

Рефлексиялық түзетушілік

Жаңа сөздерді дұрыс айтуға ұсыныс білдіру .

Балалар ұсынысты қабылдайды.





Күтілетін нәтиже :

Біледі : Еңбекқор сөзімен жалқау сөздерінің айырмашылығын ;

Игереді : Кейіпкерлердауысын айнытпай салуды ;

Меңгереді : Бәліштің қалай жасалуын біледі .





Тәрбиеші:



Білім беру саласы : Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс -әрекетінің түрі : Тіл дамыту

Тақырыбы : Қыс аясында

Мақсаты Тәрбиешінің көмегімен табиғат туралы қысқаша әңгіме құрастыру.

С дыбысын дұрыс айтуға үйрету

сөздік жұмыс : Кыс, су .

Қолданатын көрнекі құралдар : Демонстрациялық құрал, тіл дамыту дәптері .

Шеңбер ұйымдастыру: сәлем достар? Қайырлы күн!

Демонстрациялық құралмен жұмыс : Балалардың назарын жыл мезгілдерінің суреттеріне аудару .Оларды ерекшеліктеріне сай атау . (Қыс, көктем,жаз,күз )Қазіргі жыл мезгілдерін және ай атауларын сұрау .

Шеңбер сызығына тұрып сәлемдеседі .

Назарларын суретке аударып, оларды айтуға әрекеттенеді .

Күз мезгілі екенін , ай атауларын атауға ат салысады .

Ұйымдастырушылық ізденістік

Жыл мезгілдерін рет- ретімен.

Қай сөзде «С» қай сөзде «З» дыбысы бар екенін айта отырып сол дывбыстарды дұрыс әрі таза айтылуын қадағалау, сөйлем құрауын ұсыну .

Қане балалар, «ыз-ыз-ыз » деп ызылдап дыбыс шығарайықшы

- Ненің дыбысына ұқсайды ? -«С» , «З» дыбыстарын айтқанда ерін езу тартып , күлген кездегідей керіліп,тістер көрінеді . Тілдің ұшы төменгі тістердің түбіне тиеді . тіл ортасы сәл дөңестеніп, екі жағы тістерге жанасады . Деміміз тіл ортасынан шығады .

«З» дыбысына дыбыстық жаттығу жасату .

Буын ішінде келген «С» дыбысын ажыратқызып үйрету .

Са-са-са- сана

Су- су- су - суық

Се - се- се -кесе

Ас -ас - ас -тас «С» және «З» дыбысының ауада жазылуын көрсету . «З» дыбысы 3 санына ұқсайтыны айтылады . топтағы немесе басқа да «З» «С» дыбысы бар заттарды атау .





Сергіту жаттығуы .

Күзім-ау,күзім-ау,

Мінезің бұзық-ау,

Жаңбырың сіркіреп

Келгенің қызық-ау.

Дидактикалық ойын: «З және с дыбыстары »

Мақсаты: баланың ойлау қабілетін дамыту және «З» мен «с» дыбыстарын дұрыс айтуға үйрету.

Ойын шарты:Тіл дамыту дәптерімен орындалады.

Дәптердегі тапсырма әр жыл мезгілдеріне сәйкес суреттерді қос,ал тапсырма суреттегі заттың атын ата,оны дұрыс айтып үйрен.



Мақалдың мағынасын түсіндіру.



Судың да сұрауы бар.



Жаңылтпаш жаттату.



Арықтан су сылдырап ағады,

Сылдырап ағады,

Сылдырап ағады,

Сылдырап ағып,

Сырдарияға барады.

-Күз (З)

-Қыс (С)

-жаз (З)





Осы сөздерді қатыстырып, бірнеше сөйлем құрайды .

-ыз-ыз-ыз. -Араның, масаның дыбысына ұқсайды . Буындар мен сөздерді тәрбиешімен бірге қайталап дұрыс дыбыстап сөйлеуге тырысады .













































Тәрбиешімен бірге ауаға жазуға талпынады . «З» дыбысының 3 санына ұқсайтынын біледі .















Қимылын келтіріп жасайды.



















Дәптермен жұмысты орындайды

Дұрыс сөйлеп, дыбыстауға әректтенеді.



Тәрбиеші мен бірге қайталайды.

Мақалдың мағынасын түсініп,суды үнемдеу керек екенін түсінеді.



Жаңылтпашты жаңылмай қайталап жаттауға талпынады.

Рефлекциялық түзетушілік

Бүгінгі оқу іс-әрекетінде үйренгендерін сұрай отырып,таңертең және кешкілік айтылатын ізгі сөздерді қайталату:

-Сәлеметсіз бе?

-Сау болыңыз?



Ізгі сөздерді қайталайды.

Күтілетін нәтиже: Біледі: жыл мезгілдерінің ерекшелігін; Игереді: «З» және «с» дыбыстарын дұрыс айтуды; Меңгереді: суды үнемдеу керектігін,ізгі сөздерді айта білуді







Тәрбиеші:



Білім беру саласы : Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің түрі : тіл дамыту

Тақырыбы : «Шыршамыз өсті»

Мақсаты : а) Өз тәжірбиесіне сүйене отырып , әңгімелеуге үйрету .

ә) Балалардың айтылғант ойды тыңдауға және ұғынуға,әңгімеге, сұраққа жауап беру білігін дамыту .

Сөздік жұмыс :жаңа жыл, шырша.

Көрнекіліктер : СуреттерШеңбер құрып тұру .

Кел, балалар тұрайық,

Шеңберімізді құрайық .

Күлкі көңіл ашады,

Күліп өмір сүрейік .

Балалар шеңбер құрып, бір - біріне тілектерін айтады .

Ұйымдастырушылық ізденістік

  • Балалар жақында біз қандай мерекені тойладық ?



«Аязата» әнін орындату .

-Жаңа жылда барлық үйге,

Аязата келеді .

-Жаңа жылда сәбилерге,

Сыйлық әкеп береді .



Әңгімелесу :

  • Жаңа жыл қай мезгілде болады ?



  • Жаңа жылда бізге кім келеді ?



  • Ал Аязата қасында кім болады ?



«Р» дыбысына жаттығу орындату .



Қар- қар -қар -қар

Ра - ра - ра - рама

Ро - ро - ро - Роза

Ры - ры - ры - тары

Рү - рү - рү - Рүстем



-Біз шырша тойын тойлаймыз ба ?



-Шыршаны ойыншықтармен безендірген ұнай ма ?



- Аяз ата сендерге несімен ұнайды ?

Қандай тақпақтар білесіңдер?





Дидактикалық ойын :

«Шыршаны безендірейік ?»

Дәптердегі

«Шыршаны безендірейік » тапсырмасын орындату .



Сергіту жаттығуы .

Секірейік, жүгінейік,

Қуанайық, күлейік .

Отырайық , демалайық,

Демалып ап жүрейік .





Біз Жаңа жылды тойладық .





балалар өз білген әндерін айтады .











  • Жаңа жыл мерекесі қыс мезгілінде болады .



-Бзге аязата келеді . Аязатаның қасында, Ақшақар болады .









«Р» дыбысына арналған жаттығуды орындайды .













Еркін өз ойларын білдіреді .



















дәптермен жұмыс орындайды .









Сергіті сәтін өлең шумағының ырғағымен қимыл - қозғалыс арқылы орындау .

Рефлексиялық түзетушілік

Бір- бірін жаңа жылымен құттықтатып,тілектердің міндетті түрде орындалатынын айта отырып , сабақты қортындылау .

Балалар бір - біріне тілектерайтады .



Күтілетін нәтиже :

Біледі : дыбысты дұрыс айта білу ;

Игереді : әдемі безендіруді ;

Меңгереді : толық сөйлемдер құруды біледі .







































Тәрбиеші:



Білім беру саласы : Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің түрі : Тіл дамыту

Тақырыбы : Қысқы серуен (Сурет бойынша әңгімелеу )

Мақсаты: а) Балаларды сурет бойынша әңгіме құрауға үйрету .

ә) Ойлау қабілеттерін дамыту .

б) Ұйымшылдыққа, достыққа тәрбиелеу .

Көрнекіліктер:Тіл дамыту дәптері,суреттер .

Шаттық шеңберін

құру .



Жұмбақ шешкізу.

Қоймасын қыс ақтарып,

Жерді жапты ақ мамық .



  • Ол не, балалар?

  • Ендеше қар қай мезгілде жауады ?



Балалар шеңберді орындайды.





  • Жұмбақтың жауабы : -қар

  • Қыс мезгілінде қар жауады .

Ұйымдастырушылық ізденістік

«Ақшақар» өлеңін оқу .

Далада қар борайды,

Ақ мамыққа орайды.

Мұз болады, қатады,

Жып - жылтыр боп жатады.



  • Балалар қар қандай болады?



  • Балалар аязды күні қарды басып

  • жүрсең, қандай дыбыс шығады ?



  • Қыста қандай ойындар ойналады ?

  • Тағы қандай қысқы ойындарды білесіңдер?



-Балалар қар күн жылынып кетсе, не істейді ? (Ериді) .

- Еріген қар күн сутса неге айналады? (Мұзға айналады) .



«М» «Н» дыбыстарына жаттығу орындату .

М- м- м - мұз,

Ма- ма - ма - марал,

На -на- на - нан

Н - н - н - нан.

«М» «Н» дыбыстарының дауыссыз екенін айту .



Сергіту жаттығуы .

Ал, балалар, келіңдер,

бой жазайық бәріміз

Мойынымызды бұрамыз,

Қолымызды созамыз,

Аяқтармен топ - топ басып,

Орнымызға барамыз .





Сурет бойынша жұмыс

орындау

суретті аяқтап бояп,әңгімелейді

Тақпақты мұқият тыңдайды .







  • Қар аппақ , ұлпа жұп - жұмсақ, мамықтай ұлпа болады .

  • Сықыр - сықы, сықыр, сықыр .







-Қарды домалатып, аққала жасауға болады .

- Шанамен ойна, конъки тебу, шаңғы тебу .















дыбыстарды анық айтуға тырысады .















Сергіту сәтін өлең шумағының ырғағымен қимыл - қозғалыс арқылы орындайды .













Суретті аяқтап бояп, әңгімелейді .

Мысалы :

  • Мен қыс мезгілінде далада ойнағанды ұнатамын . Қолыма қолғап, басыма қалпақ, үстіеріме тон және аяғыма қалың етігімді киемін . Аққала жасаймын . Аққаланы жасау үшін қарды дөңгелетіп, үш дөңгелек жасап аламыз. Бірі үлкен, екіншісі орташа , ал үшіншісін кішкентай етіп аламыз .

Ең кішкентай дөңгелегі басы болады .басына шелек кигізіп, мұрынын сәбізден, көздерін көмірден , қолына сыпыртқы ұстатамын .



Рефлексиялық түзетушілік

Балаларды соңынан сабақта белсенділік танытқандары үшін мақтап, мадақтау .

Балалар қуанышсезімде болады .



Күтілетін нәтиже:

біледі: бірінің сөзін бірі тыңдай білу;

игереді: бояуды игереді;

меңгереді:Әңгімелей білуді .



Тәрбиеші:



Білім беру саласы : Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің түрі : Тіл дамыту

Тақырыбы : Суық қыстан аңдар қалай қорғанады

Мақсаты : а) Үлгі бойынша беинелік сипатты әңгіме құрауға үйрету .

ә) Балалардың тілдік қорын дамыту , байыту .

Көрнекіліктер: Қоян мен қасқырдың кездесіп тұрған суреті ,тіл дамыту дәптері .Шаттық шеңберін ұйымдастыру .

«Ұйқасын тап» ойыны



Өзінше ноян,

Қорқақ не?



  • Қоян қандай жануарға жатады ?

  • Қоянның құлағы қандай ? Ұзын ба әлде қысқа ма ?

  • Қоянды тағы қалай деп атауға болады ?

Шеңберді орындайды .







  • Қорқақ қоян.

  • Қоян жабайы .

  • Қоянның құлағы ұзын . Және сыбдырды тез естігіш болып келеді .

  • Ұзын құлақ қоян, ақ қоян, сұр қоян, қорқақ қоян деп те атауға болады .

Ұйымдастырушылық ізденістік

Сурет бойынша жұмыс .

1 . Тақырыбын қою .

Тақырыбы : Ұзын құлақ ақ қоян

2 . Сөздік жұмысын жүргізу :

Орғу - секіру, ырғу .

Түлеу - көктем және күзде жануарлардың жүнінің түсуі .

3 . Қоян туралы қысқаша мәлімет беріледі .

-Қыста қоян түсі ақ болады .

Көктемде түсі сұры түске айналады екен .

яғни олар қысқа қарай және көктемде түлейді . Қоян өте қорқақ, саққұлақ аң деуге де болады . Себебі құлағы сыбдырды тез естиді екен. Қоян орғып жүгіреді .

4 . Әңгіме құрастыру .

5. Дыбыстық жаттығуды қайталау .



Қоя - қоя - қоя - қоян .

Соя -соя - соя

Ұя - ұя -ұя - ұят.

Ұя -ұя - ұя - ұя .

Құя - құя - құя.

Құя - құя - құя - құяды .



Мақал - мәтелдің мағынасын түсіндіру .

Қоян көлеңкесінен де қорқады .



Дидактикалық ойын :

« Мұнда неше қоян

бар ?»

Мақсаты : баланың ойлау қабілетін дамыту

Шарты : дәптердегі « Нүктелерді бір - бірімен қосу арқылы , бірнеше қоян бейнесін тап » тапсырмасын орындау .

  • Қыстың бір күнінде бір ақ қоян орғып келе жатады .

Оның алдынан Қасқыр кезігіпті . Қасқыр қоянды жеп қоймақ болды . Осы кезде Қоян қасқырға былай депті :

Мені жемеші, мен саған өзім туралы өлең айтып беремін .

Сонда қасқыр :

-А, солай ма ?

Жарайды, айта ғой, - дейді .



Сергіту жаттығуы .



Секірейік - секірейік

Ұзын құлақ қоянша .

Шаршағанды кетірейік,

Болар сонда тамаша .





Сергіту сәтін өлең шумағының ырғағымен қимыл қозғалыс арқылы орындайды .









-Осылайша қоян ,

секіріп - секіріп

қасқырдан құтылып кетіпті .

мақал - мәтелді қайталап жаттап алады .



суретте үш қоян бар екенін табады .







Рефлексиялық түзетушілік

Сабаққа белсене қадысқандарыүшін балаларды мақтап , мадақтау .

Балаларда қуанышты сезім болады .



Күтіретін нәтиже :

Біледі: мақал - мәтелдер білу ;

Игереді : ұйымшылдықты, ұқыптылықты ;

Меңгереді : еркін әңгіме құрауды біледі .

































Тәрбиеші:



Білім беру саласы : Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің түрі : Тіл дамыту

Тақырыбы : Ұқыпты біз баламыз

Мақсаты : а) Балаларды екі ойыншық жайлы шағын әңгімелеп, бейнелеп айта білуге, жай және күрделі сөйлемді қолдану арқылы өз ойларын дұрыс жинақтап, қысқаша әңгіме құрауды үйрету .

ә) Балалардың тіл байлығын дамыту .

б) Балаларды отбасын сыйлауға , достыққа , туған жеріне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу .

Сөздік жұмыс : отбасы.

Көрнекіліктер :қазақ көйлек киген қуыршақ ( бірі үлкен , бірі кіші ,) , тіл дамыту дәптері .



қонаққа екіқуыршақтың келгенін хабарлау

Балалар қызыға қарайды .

Ұйымдастырушылвық ізденістік

  • Балалар , ең алдымен бізге қонақ келсе не дейміз ?

  • Балалар, амандасудың да көптеген түрлері бар ?

  • Ендеше, біз екі қонағымызды төрге шығарайық .

-Балалар, екі қыз апалы - сіңлі екен .Яғыни екеуі де бір үйдің қыды екен .

Енді осы екі қызға қарап отырып , шағын әңгіме құрйық .

Әңгіменің тақырыбы :

«Айгөлек пен Айгүл »



Иә, яғни Айгүл қазақтың ұлттық киімін киіп алыпты .

Қараңдаршы қандай әдемі ?

Сендерде қазақтың ұлттық киімін кигенді ұнатасыңдар ма ?



-Біздің ұлтымыз қалай аталушы

еді ?

-Иә,біздің Республикамыздың аты?



  • Біздің жеріміз қандай ?

  • Біз туған жерімізді, Отанымызды жақсы көреміз бе ?



  • Ал енді , балалар , бізге келген екі қуыршақ қызды әңгімелейік .



  • Айгүлдің шашы қандай екен ?



Балалар сендер халық әні «Айгөлек» әнін білесіңдер ме ?



Сергіту жаттығыуы :

«Айгөлек»

Айгөлек - ау, айгөлек

Айдың жүзі дөңгелек.

Айдай туған кеімде,

Би, билейміз дөңгелеп .

  • Балалар енді сендер Айгүл мен Айгөлектің ауылына барғыларың келе ме ?

  • Ендеше барлығымыз көз жұмамыз.

Көз жұму әдісі : Қысқы ауыл бейнесін елестету .



-Боран дауысы қалай шығушы еді ?

-Иә, уілдейді .

Айгөлек пен Айгүлдің отбасында, атасы, әжесі, ағасы, жеңгесі, әпкелері , інілері бар екен. Сонда олар үлкен отбасылы ма? Әлде кіші отбасылы ма?



«Отбасы» өлеңін оқу



Анаң - күнің, жүрегің,

Әкең - өмір тірегің .

Әжең - асыл ардағың,

Атаң - дана қорғаның.

Ағаң - қамқор асқарың,

Інің - мөлдір аспаның.



Амандасамыз .

Сәлеметсіз бе ?

Аман - есенсіз бе ?

Сәлем! Ер адамдарға кіші ұлдар :

«Ассаламағалейкум !!»

деп амандасады .

-Қош келдіңіздер !





















-Әрине ұнатамыз .







-Біздің ұлтымыз қазақ .

-Біздің Республикамыз Қазақстан деп аталады .





-Біздің жеріміз үлкен , байтақ .

-Әрине, жақсы көреміз .

Себіебі біз осы жерде туылғанбыз .











-Айгүлдің шашы қара ,

бұрымды,қолаң және ұзын болып өріліпті . Көздері дөңгеленген, қиғаш қасы, қыр мұрынды , әдемі аузы бар .

Ол үнемі өзінің қасынан сіңілісін тастамайтын қыз екен . Сіңілісінің аты Айгөлек .

-әрине , барғымыз келеді .



Балалар көз жұмып , көз алдарына ауылды елестетеді .



-Ууууууууууууууууу.

















Тақпақты тәрбиеші соңынан қайталап отыру арқылы жаттап алу .

Рефлеклексиялық түзетушілік

Екі ойыншыққа сипаттама бере білу керек.

Сипаттамада ең әдемі сөздермен жеткізе білуі керек .

Күтілетіннәтиже:

Біледі: мақал - мәтелді білу;

Игереді:әңгімелеуді игереді;

Меңгереді : сурет арқылы тақпақты жылдам жаттап алуды біледі .







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал