- Учителю
- Білім саласы: «Әлеуметтік орта» Бөлігі: Қоршаған ортамен таныстыру Тақырыбы: «Танысыңдар балабақша» (саяхат)
Білім саласы: «Әлеуметтік орта» Бөлігі: Қоршаған ортамен таныстыру Тақырыбы: «Танысыңдар балабақша» (саяхат)
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің айы: 22- қыркүйек
технологиялық картасы аптасы: 3
Ортаңғы топ «Жұлдыз» Тәрбиеші: Санай А.
Білім саласы: «Әлеуметтік орта»
Бөлігі: Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: «Танысыңдар балабақша» (саяхат)
Мақсаты: Балабақша ішінде орналасқан жатын бөлме, асхана, кір жуатын, т.б. бөлмелерімен таныстыру. Қай бөлме неге арналғанын ажыратуға үйрету: бұл бөлмеде кім жұмыс істейтінін сұрау, әр бөлмедегі жұмыс туралы, оған қажетті құрал- саймандардың атын, неден жасалғанын айту,көрсету, түсіндіру. Қайда? Кімде? Қандай? Кім? Не істеді? Сұрақтарына дұрыс жауап беруге үйрету.
Билингвалдық компонент: Топ-группа, орындық-стул, үстел-стол.
Сөздік жұмыс: балабақша
Күнге қарап шуақтанып
Суға қарап нәр алып
Табиғаттан шаттанып
Қонақтардан ізет алып.
Ойнап-күліп жүрейік
Тәрбиешінің балаларға жылы лебізі.
Қуыршақтың пайда болуы.
Балалардың мәз-мәйрам болуы. Тәрбиешіге деген жылы лебіздері.
Балалар амандасады,топпен танысады.
Ұйымдастырушылық ізденіс
Қуыршақ Айгүл балаларды топқа шақырады, топпен таныстырады.
Әр баланың орның көрсетеді,
заттардың, жиһаздардың атын атайды.
М.Әлімбаевтың «Балабақша» өлеңін оқу.
Балабақша туралы слайд көрсету.
Сергіту сәті:
Көл бетінде жүзіп,
Сүңгіп-сүңгіп алайық,
Құлағымызға су кірсе
Оны қалай ашамыз?
Ақ тас, көк тас
Құлағымның суын аш.
Балалар белсенді әнгімеге қатысады. Жан-жағына қарайды, ойыншықтарға қуанады.
Сергіту сәтін жасап, бойларын жаттықтырады.
Рефлексивті-коррекциялау
Тәрбиеші балаларға сүрақтар қояды, топта ойыншықтармен ойнауды ұсынады. Қуыршақ балалармен ойын жүргізеді
«Бұл не?»
Балалар топта не бар екенін көрсетіп айтады. Балалар қоштасады.
Тақпақ қайталайды
Балалар белсенді ойынға қатысады .
Күтілетін нәтиже:
Білу: топтың аты.
Болу: ұқыптылыққа дағдыландыру.
Қолдану: топта еркін сезіну,ойыншықтарды ұқыпты пайдалану, достармен бірге ойнау.