7


  • Учителю
  • Таным саласы бойынша Құлыншаққа арналған жол

Таным саласы бойынша Құлыншаққа арналған жол

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы № 1

Тобы:«Балапан» I- кіші

Тәрбиеші: Тлюупова Ұлдай Ерғалиқызы

Білім беру саласы: "Таным"

Бөлімі: Сенсорика.

Тақырыбы: «Құлыншаққа арналған жол»

Мақсаты:

а)Балаларға 4 мүмкіндіктің ішіндегі 2 берілген түс бойынша (қызыл,көк) затты таңдауға үйрету.

ә)Заттарды түсі бойынша топтастыру іскерлігін бекіту,спектрде түстер бояуларын араластырудың ретімен таныстыру.

б)Ойыншықтармен ұқыпты ойнауға тәрбиелеу.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: Балаларға ойыншықтар туралы өлең оқу.

Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру,көрсету,сұрақ-жауап,сергіту сәті,ойын.

Қолданылатын көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар: 6-7 баладан тұратын топқа әр түстен 24 дана түрлі түсті (қызыл,көк,сары,жасыл)қатты жолақшалар.

Билингвальды компонент: қызыл-красный,көк-синий, сары-желтый,жасыл-зеленный,құлыншақ-жеребенок,қуыршақ-кукла.Іздену-

ұйымдастырушы













Үлестірмелі материалмен жұмыс.



-Балалар ,қараңдаршы,құлыншақ бізге қандай әдемі,ашық түрлі түсті жолақшалар әкелген.

Тәрбиеші қызыл және көк телпектері бар 2қуыршақты әкеледі (көйлектері,шаш буғыштары және т.б. бар)

-Кәне,балалар,қызыл телпегі бар қуыршаққа арналған жолақшаны таңдап көрейікші.

Ал екінші қуыршағымызға да дәл басындағы телпегінің түсі-сияқты көк түсті таңдайық.











Билингвальды компонент: қызыл-красный,көк-синий, сары-желтый,жасыл-зеленный,құлыншақ-жеребенок,қуыршақ-кукла.



Тәрбиеші балалардың әрекетін «дәл осындай түстен»сөзімен түсіндіреді. Балалармен жеке жұмыс жүргізеді.

Балалар қарайды.

Балалар тәрбиешімен бірге қайталайды. Түрлі түсті жолақтар.











Балалар алдымен қызыл түсті бір жолақшаны таңдап алып (дәл сондай),үстіне қою арқылы немесе қарап отырып басқа да түсті жолақшалармен салыстырып, оны қызыл телпекті қуыршақтың қасына қояды. Екінші қуыршақпен де дәл осындай жұмыс жүргізеді.



Қайталайды: қызыл-красный, көк-синий, сары-желтый,жасыл-зеленный, құлыншақ-жеребенок, қуыршақ-кукла.



«Дәл осындай түстен»сөзін қайталайды.

Рефлексивтік- түзетуші

«Жол сал» дидактикалық ойын.

Тәрбиеші балаларға құлыншаққа арнап түрлі түсті жолақшалардан (қызыл және көк) жол салуларын ұсынады. Тәрбиеші балалардың жұмысын мадақтап,құлыншақпен қоштасады.

Балалар алдарына жолақшаларды қызыл-көк, қызыл-көк ретпен орналастырады. Құлыншақпен қоштасады.





Күтілетін нәтиже:

Нені біледі:2 түсті (қызыл,көк)біледі.

Қандай түсініктерді игерді:4 мүмкіндіктің ішінен 2 берілген түс бойынша затты таңдауыды игереді.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:түстер бойынша заттарды топтастыру дағдысын.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал