7


  • Учителю
  • З және С дыбыстары дыбыстық сөйлеу мәдениеті (Тіл дамыту,Технологиялық карта)

З және С дыбыстары дыбыстық сөйлеу мәдениеті (Тіл дамыту,Технологиялық карта)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала





З және С дыбыстары дыбыстық сөйлеу мәдениеті (Тіл дамыту,Технологиялық карта)

















Утепова Самал Аскаровна

Орал қаласы. №49 «Ақ ниет» бөбекжайы.

«Балдырған» ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.



Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Тіл дамыту

Тақырыбы: «3» және «С» дыбыстары дыбыстық сөйлеу мәдениеті.

Мақсаты: Білімділік: Дыбыстың тыныс ала дыбысталуын және таза айтылуын дамытуға көмектесу.

Дамытушылық: Дыбысталу және жазылу құралдарын дамыту. Дыбысты дұрыс қабылдауды (сөздегі берілген дыбысты есту және айта білуді) дамыту.

Тәрбиелік: Барлық дауысты жане дауыссыз дыбыстардың сөйлемде анык, таза, әрі түсінікті дыбысталуын бекіту.

Қолданылатын көрнекі құралдар: «З» және «С» әріптері кездесетін сөздерге байланысты суреттер, демонстрациялық құрал, тіл дамыту дәптері.

Сөздік жұмыс: күз, су.

Қос тілділік компонент: Күз-осень, су-вода.



Оқу іс- әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Себепті қызығушылығын ояту кезеңі

Демонстрациялық құралмен жүмыс:

Балалардың назарын жыл мезгілдерінің суреттеріне аудару. Оларды ерекшелігіне сай атау. (қыс, көктем, жаз, күз) Қазіргі жыл мезгілін және ай атауларын сұрау.

Назарларын суретке аударып, оларды атауға әрекеттенеді.

Күз мезгілі екенін, ай атауларын атауга атсалысады.

Ұйымдастырушылық-ізденушілік кезең

Жыл мезгілдерін рет-ретімен атау.

Қай сөзде «с», қай сөзде «з» дыбысы бар екенін айта отырып, сол дыбыстарды дұрыс әрі таза айтылуын қадағалау, сөйлем құрауын ұсыну.



- «ЬІз-ыз-ыз» деп ызылдап дыбыс шығарайық.

- Ненің дыбысына ұқсайды?



«С», «з» дыбыстарын айтқанда ерін езу тартып, күлген кездегідей керіліп, тістер көрінеді. Тілдің ұшы төменгі тістердің түбіне тиеді, тіл ортасы сәл дөңестеніп, екі жағы тістерге жанасады. Деміміз тіл ортасынан шығады.

«3» дыбысына дыбыстық жаттығу жасату.

За-за-за - таза

Зу-зу-зу - жазу

Зы-зы-зы - қозы

Зе-зе-зе - зерек

Аз-аз-аз - жаз

Ыз-ыз-ыз - қыз

Үз-үз-үз - күз

Із-із-із - сәбіз

Буын ішінде келген «с» дыбысын ажыратқызып үйрету.

Са-са-са - сана

Су-су-су - суық

Се-се-се - кесе

Ас-ас-ас - тас

«С» және «3» дыбысының ауада жазылуын көрсету.

«3» дыбысының 3 санына ұқсайтыны айтылады.

Топтағы немесе баска да «3» және «С» дыбысы бар заттарды атау.





Тыныштык сақтап сағаттың дыбысын тындату. Оның

кажеттілігі мен пішіндері туралы әңгіме өрбіту.



- Бәріміз сағат болайық: сырт-сырт, сырт-сырт.

Сергіту жаттығуы.

Күзім-ау, күзім-ау,

Мінезін бұзык-ау,

Жаңбырың сіркіреп

Келгенің кызык-ау.

(Қ.Ыдырысов).

Дидактикалық ойын: «3 және С дыбыстары»

Мақсаты: баланың ойлау қабілетін дамыту және «3» мен «с» дыбыстарын дұрыс айтуға үйрету.

Ойын шарты: Тіл дамыту дәптерімен орындалады.

Дәптердегі №1 тапсырма әр жыл мезгілдеріне сәйкес суреттерді кос, ал №2 тапсырма суреттегі заттың атын ата, оны дұрыс айтып үйрен.



Мақалдың мағынасын түсіндіру.



Судың да сұрауы бар.





Жаңылтпаш жаттату.

Арыктан су сылдырлап ағады,

Сылдырап ағады,

Сылдырап ағады,

Сылдырап ағып,

Сырдарияға барады.

- Күз(з).

- Қыс(с).

- Жаз(з).

Осы сөздерді қатыстырып, бірнеше сөйлем құрайды.

- Ыз-ыз-ыз.

- Араның, масаның дыбысына ұксайды.















Буындар мен сөздерді

тәрбиешімен бірге қайталап, дұрыс дыбыстап сөйлеуге тырысады.













Тәрбиешімен бірге ауада

жазуға талпынады.

«3» дыбысының 3 санына ұқсайтынын біледі.

Өздері білетін сөздерді

атауға атсалысады.

Терезе, есік, сандық, сиыр, сағат, сағыз, сан.

Сағаттың дыбысын салып сыртылдайды, сағат туралы

әңгімелейді.

- Сырт-сырт, сырт-сырт.





Қимылын келтіріп жасайды.







Дәптермен жұмысты

орындайды.

Дұрыс сөйлеп, дыбыстауға

әрекетгенеді.







Тәрбиешімен бірге

қайталайды.

Мақалдың мағынасын

түсініп, суды үнемдеу

керектігін түсінеді.





Жанылтпашты

жанылмай қайталап

жаттауға талпынады.



Іс-әрекетті бағалау кезеңі

Бүгінгі оқу іс-әрекетінде үйренгендерін сұрай отырып,

таңертең және кешкілік айтылатын ізгі сөздерді қайталату:

- Сәлеметсіз бе!

- Сау болыңыз!

Ізгі сөздерді қайталайды.



Күтілетін нәтиже:

Біледі: жыл мезгілдерінің ерекшелігін;

Игереді: «3» және «с» дыбыстарын дұрыс айтуды;

</ Меңгереді: суды үнемдеу керектігін, ізгі сөздерді айта білуді.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал