7


  • Учителю
  • Сценарий на тему : Қош келдің Жаңа жыл

Сценарий на тему : Қош келдің Жаңа жыл

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Қош келдің,Жаңа жыл!(2016 жаңа жылға арналған сценарий)

Жүргізуші:Жаңа жылдың таңы неткен арайлы

Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды

Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді

Бақыт ,шаттық, молшылық әкелсін

Бәрімізге мына жыл арайлы!

Жүргізуші:Құтты болсын ағайын!

Жаңа жылың тағы да

Қол соғып қарсы алайық

Шақырайық ортаға

Ертеңгілік басталсын.

(Балалар келіп шыршаны айналып тұрады)

Ән:

(музыка қосылады Сиқыршы шыр айналып кіреді)

Сиқыршы:Жаңа жыл келді

Азаймасын ән мен жыр

Ел көңілін көтерсін

Құтты болсын жаңа жыл!

Құттықтаймыз сіздерді!

Тезірек,тездетіп мұнда жиналыңдар

Басталады Жаңа жылдық карнавал

Маска да бар,би де бар,асығыңдар

Аяз ата шақырғанның бірі дағы қалмайды.

Басталады,басталады Жаңа жылдық карнавал

Карнавалдың иелерін карсы алыңдар!

(Қол соғып ата-аналар кіреді)

Сиқыршы:Бәрекелді, Жарайсыңдар!Қараңдаршы ,айнала неткен керемет,әсем мына шыршамыздағы ойыншықтардың алуан түрлері бар екен.Бәрімізде әп-әдемі жаңа жылдық киімдерімізді киіп жиналып қаппыз.Бірақ шыршамыз көңілсіз,қане менің сиқырлы таяғымның көмегімен,сендердің әдемі сөздеріңмен ,шыршаның шамын жағайық!

Балалар:Қуант,бізді,таңырқат

Шамдарыңды жарқырат!3рет

(Шырша шамы жанады,алақайлап қол соғады)

Жүргізуші:Ендеше ,шыршамызға тақпақтарымызды айтайық.

Камила:Тамаша,тамаша

Шыршамыз тұр жараса

Басында әсем шыршамыз

Көз тоймайды қараса.

Арнур:Шыршамызда қаншама

Түрлі-түсті шырақтар

Күлгін түсті тоқаштар

Жарқыраған алтын бар.

Ляйсан:Безендіріп шыршаны

Жыл қуантты баршаны

Той маскарад басталды,

Аяз оны басқарды.

И.Адия:Жаңа жылым мол болсын

Басқан қадам он болсын

Төрле,төрле жаңа жыл

Бізге құтты жыл болсын

Жүргізуші:Балалар,жарайсыңдар.Айтыңдаршы жылда Жаңа жылға бізге қонаққа кім келуші еді?

(балалардың жауабы:Аяз ата)

Жүргізуші:Кәнекей,ендеше бәріміз бірге шақырайық.

Балалар:Аяз ата,Ақшақар ау- у- у -у3 рет

Аю:-Сәлеметсіздерме,балалар!Жаңа жылдарыңмен!

Мен қысқы ұйқыда болатынмын,қатты айқай-шу,тасыр -тұсыр шошып

ояндым,не болып қалды деп сұрап едім,бәрінің айтатындары бір-ақ сөз:

«Жаңа жыл келіп қалды,жаңа жыл»-дейді.Машаны да іздеп, осында болар деп келдім.

Жүргізуші:Мәссаған,балалар бұл кім?

Балалар: Аю

Жүргізуші: -Иә, «Маша мен аю»мултьфильмін сендер өте жақсы көресіңдер ғой.

Бірақ біз Аяз атаны шақырдық қой,аюды емес...

Балалар;Иә.

(Осы кезде Маша келеді.Шыршаға таңырқап)

Маша:-Керемет...(деп шыршаның астындағы қорапты тауып алады.Аю шауып келіп Машаны көтеріп алады.)

Аю:-Әрең таптым-ау,сені қасқыр жеп қойған шығар деп едім.(деп кетіп бара жатады.)

Жүргізуші:Тоқтаңыздар,кетпеңіздер,бізбен бірге болыңыздар!

(Екеуі қуанып ,балалардың жаңына келеді)

Жүргізуші:Балалар мына сыйлықты бәріміз бөлісейік...(деп ашып жатқанда ішінен күлдіргіш шығады)

Күлдіргіш:Амансыңдар ма,балалар! Иә ,бұл менмін.Мені ораудан алып шыққандарың

Қандай жақсы болды.Ол жерде тар,әрі қап-қараңғы.Ал,мұнда сондай тамаша екен!

Мен де сендермен жаңа жылды қарсы алайыншы.Сендермен бірге қызықты ойындар ойнайыншы.

Ойын:

Күлдіргіш:Жарайсыңдар балалар ойынды жақсы ойнайды екенсіңдер.





Жүргізуші:Балалар,шыршамызға Аяз ата мен Ақшақар жетіспейді.Аяз ата мен Ақшақарды

шақырайықшы.Аяз ата Ақшақар ау- у 3рет.

(Әуен мен Аяз ата мен Ақшақар Маймыл кіреді)

Аяз ата:Құтты болсын,балалар

Келген жаңа жылдарың

Алаңдамай өсіңдер

Еркелеп ұл,қыздарым

Өткен жылы келіп ем

Бәріңді де көріп ем

Жыл өткізіп келем деп

Уәдемді беріп ем

Ойларың мен бойларың да

Бірдей өсіп қалдыңдарма?

Ал,мен кіммен айтыңдаршы

Мені тани алдыңдар ма?

Балалар:Аяз ата!

Ақшақар:Сәлеметсіздер ме ,балалар.Жаңа жылдарың құтты болсын!

Сүйсіндірер маңайды

Ақшақармын арайлы

Жалт-жұлт еткен жүзімді

Күміс сәуле тарайды.

Ақшақармын аппақпын

Қалай тыныш жатпақпын

Менсіз қыстың сәні жоқ

Әнмін,жырдым,тақпақпын.

Маймыл:Жансерік

Сәлеметсіңдер ме?балалар

Мен тұрмын қуанып

Шаттыққа бөленіп

Бір жыл бойы сіздермен

Дос болайық шаттанып.

Жүргізуші:Қош келдіңіздер ,баршаңызда,алыс жолдан келдіңіздер.

Әсем әні де,биі де бар

Отыр ата,сәл демалыңыз.

Жүргізуші:Балалар сізге өлең айтып берсін.

Ән:

Жүргізуші:Аяз ата балалар сізге тақпақтарын айтқылары келіп тұр.

Алинур

Ақ қырауға малынға

Сақалы да,мұрты да

Аяз ата сағынған

Сәлем берді жұртына.

Ясмин

Жаңа жылға сәніміз

Біздің айтар әніміз

Келдің бе аман алыстан

Сәлем,Аяз атамыз

Аяжан

Шыршамызда керемет

Ойыншықтар тағылған

Алыс жақтан келіп тұр

Аяз ата сағынған.





Айлана К.

Жаңа жылда балалар

Тек қуаныш көріңдер

Ауырмаңдар ешқашан

Мықты болып өсіңдер

Жүргізуші:Кезектесіп балалар

Тақпақ айтып береміз

Сұрақ қойса Ақшақар

</ Ойланып жауап береміз.



































































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал