- Учителю
- Ащық сабақ. Тақырыбы: Менің ойыншықтарым.
Ащық сабақ. Тақырыбы: Менің ойыншықтарым.
Тақырыбы: «Менің ойыншықтарым».
Білім беру саласы: Коммуникация. Шығармашылық.
Білім бөлімі: Көркем әдебиет. Сурет салу.
Мақсаты: Балаларға ойыншықтар туралы түсіндіру. Ойыншықтардың
аттарын аттап, оларды бір-бірінен түсіне, көлеміне қарай ажырата
білуге үйрету. Ойыншықтарды күтіп ұстауға тәрбиелеу.
</
Әдіс тәсілі: ойын, сұрақ - жауап, жұмбақ.
Көрнекіліктер: ойыншықтардың суреттері, көлік, доп, қуыршақ.
Билингвальды құрағыш: ойыншықтар-игрушки.
Мотивациялық-қозғаушылық
Тәрбиеші: -Сәлеметсіздер ме, балалар мен тәрбиешілер! Қане
барлығымыз орнымыздан тұрып келген қонақтармен амандасайық.
Тәрбиеші: Балалар, қане, бәріміз шеңбер құрып, қол ұстасып тұрайықшы.
Шаттық шеңбері:
Біз ұқыпты балалмыз,
Айтқан тілді аламыз.
Ойыншықтарды жинаймыз,
Үлкендерді сыйлаймыз.
Тәрбиеші: -Рахмет балалар, орындарына отыра қойыңдар.
Тәрбиеші: -Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар: -Күз мезгілі.
Тәрбиеші: -Күзде қанша ай бар?
Балалар: -Күзде үш ай бар.
Тәрбиеші: -Дұрыс айтасыңдар, енді маған атап бере қойыңдаршы.
Балалар: -Қыркүйек, Қазан, Қараша.
Тәрбиеші: -Жарайсыңдар, балалар!
Ұйымдастырушылық-ізденушілік
-Балалар, қараңдаршы қандай әдемі, әсем ойыншықтар! Біз бүгін осы ойыншықтар туралы әңгімелесеміз.
-Балалар, сендердің сүйікті ойыншықтарың бар ма?
-Қандай ойыншықтарың бар?
-Қандай ойыншықты жақсы көресіңдер ?
-Ойыншықтарды қалай ұстау керек?
Балалар: жауап береді.
Тәрбиеші: -Балалар, мына үстел үстінде жатқан заттар не?
Балалар: -Олар - ойыншықтар.
Тәрбиеші: -Ойыншықтармен не істейміз?
Балалар: -Ойыншықтармен ойнаймыз.
Тәрбиеші: -Жарайсыңдар, дұрыс айтасыңдар балалар.
Тәрбиеші: Балалар ойыншықтар жасалуына байланысты бірнеше түрге
бөлінеді.
1. Матадан жасалған.
2. Пластмассадан.
3. Резинадан жасалған ойыншықтар. Сипаттама беру.
-Балалар, ойыншықтарды өздерін бірнеше түрге бөлеміз: қатты, жұмсақ, резеңке. Қатты ойыншықтарға - көлік, ұшақ, пойыз, ал жұмсақ ойыншықтарға - аю, қоян, түлкі жатады. Резеңке ойыншықтардың жұмсағыда қаттысы да болады.
-Балалар, қараңдаршы, мынау қандай ойыншық? -Қуыршақ.
Тәрбиеші: Қыз балалар көбіне қандай ойыншықпен ойнайды?
-Дұрыс айтасыңдар, қуыршақпен.
Балалар, қуыршақ ойыншығы неден жасалған? -Қуыршақ пластмассадан
жасалған.
Қуыршақтың әдемі шашы, әдемі көйлегі бар екен. - Қуыршақтың
көйлегінің түсі қандай? -Дұрыс айтасыңдар, балалар!
Тәрбиеші: Балалар мынау қандай ойыншық?
-Балалар: доп.
Тәрбиеші: доптың пішіні, түсі қандай?
-Балалар: жауап береді.
Тәрбиеші: Доптың қимылы қандай?
-Қане бәріміз допша секірейікші?
Кім доп туралы тақпақ біледі?
Балалар: Дарын
Топ -топ добым домалақ,
Қайда кеттің домалап.
Бір, екі деп екі ұрдым,
Шатырға сен секірдің.
-Ал, ұлдар көбінесе қандай ойыншықпен ойнайды?
-Балалар: көлікпен ойнайды.
Тәрбиеші: Ал, көліктің түсі қандай?
-Кім көлік туралы тақпақ біледі?
Балалар: Айқын
Үлкенмін ғой міне мен,
Ойыншықтарды жинаймын.
Машинаға мінер ем,
Кабинаға сыймаймын .
Тәрбиеші: Балалар сендер өте керемет жауап бердіңдер. Ал сендер білесіңдер ме, бұл ойыншықтарды қайдан аламыз?
-Балалар: Дүкеннен.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар, балалар сендер білесіңдер ме ойыншықтарды қай жақта жасайтынын?
-Балалар: жоқ.
Тәрбиеші: Ойыншықтардың барлығын ойыншық жасайтын арнайы фабрикалар бар. Ол жерде ағайлар мен апайлар ойыншықпен сендер сияқты кішкентай бүлдіршіндер ойнасын деп ойыншықтарды жасайды.
Тәрбиеші: Балалар сендер шаршап қалған сияқтысыңдар, қане
барлығымыз тұрып бір сергіп алайық.
Сергіту сәті:
Ойын: «Бұл ненің дыбысы?». Ойын шарты: үнтаспадан әртүрлі көлік түрлерінің, табиғат құбылыстарының, жан-жануар, жәндіктердің дыбыстарын тыңдатадым. Балалар ненің дыбысы екенін табу керек.
Тәрбиеші: -Балалар бір серігіп алған сияқтымыз. Ендеше орнымызға
отырайық.
Тәрбиеші: -Балалардың ойыншықтар туралы жаттап келген тақпақтарын
тыңдаңыздар.
1.Айсана:
Ойыншықтарым көп менің
Бәрін жақсы көремін
Кешке дейін жалықпай
Бірге ойнап жүремін
2.Ангелина:
Ойыншығым қуыршақ
Не берсем де жемейді
Еркелігі соншама
Көтермесең жүрмейді
3. Бекарыс:
Ойыншығым қонжығым
Анасын да білмейді
Корбандаған аюды
Түсінде де көрмейді
4.Айбек:
Ойыншығым қүшігім
Сүп-сүйкімді жұп-жұмсақ
Шіренгені болмаса
Отырғандай ұя жасап.
5.Даниял:
Ұшағын бар ойыншық
Ұшырмасаң ұшпайды
Айналам деп аспанды
Шаршағанға ұқсайды
6.Марфуға:
Ойыншықпенен денеміз,
Шынығамыз өсеміз.
Жылдан жылға бір жылға,
Үлкен болып өсеміз.
7.Аиша:
Ойыншығым көжегім,
Қорықпайды, қашпайды.
Тәтті сәбіз ұсынсам,
Ұстай алмай тастайды.
8.Қабылан:
Добым, добым, домалық,
Қайда кеттің домалап.
Қызыл, жасыл, сары, көк,
Сенімен ойнайтын бала көп.
9.Анар:
Сылдырмақ, сылдырмақ,
Тұрады әр кез сылдырлап.
Сылдырмақ, сылдырмақ,
Бір сәт тұршы сыбырлап.
10.Абылай:
Күшік, мысық, балапан,
Қуыршағым балақан.
Кәне, бәрің тұрыңдар,
Ойын-сауық құрыңдар.
11.Алихан:
Ойыншығым құрастырғыш,
Көрсетеді көмегін.
Кімге көлік, кімге үй,
Құрастырам керегін.
ЖҰМБАҚТАР ШЕШУ ;
1. Аяғы бар, жүрмейді,
Аузы бар, күлмейді.
Айнымайды бөпемнен,
Тек сөйлеуді білмейді. (қуыршақ)
2. Суға салсаң батпайды,
Түскен жерге жатпайды. (доп)
Тәрбиеші: -Біздің балалардың ойыншықтарға арналған әндері де бар,
соны тамашалаңыздар:
Балалар: Назым, Жанерке, Іңкәр.
Ән «Ойыншықтар»
1.Біздерде бар қуыршақ,
Бұзау, қозы, құлыншақ.
Ойыншықтар тыңдайды,
Әмір беріп бұйырсақ.
2.Қуыршақтар ұйықтайды,
Айтқаныңнан шықпайды.
Ал, қозы мен құлыншақ,
Ұйықта десең ұқпайды.
3.Тыңдамайды ұрысса,
Осылары дұрыс па?
Тентектігін тыймаса
Тұрғызамын бұрышқа!
Тәрбиеші: -Балалар біз бүгін оқу-іс-әрекетімізде ойыншықтар туралы
көптеген мәлемет алдық. Ойыншықтардың бірнеше түрі бар: Олар
резинадан, пластмассадан, мақтадан, ағаштан жасалатынын білді.
Біздер ойыншықтармен ұқыпты, таза ойнауымыз керек. Бүгінгі «Менің
ойыншықтарым» атты оқу іс-әрекетіміз аяқталды. Сау болыңыздар!