- Учителю
- Урок на тему Қызыл телпек
Урок на тему Қызыл телпек
өркем әдебиет сабағы: "Қызыл телпек"
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Қатынас»
Бөлімдері: Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Қызыл телпекті қыз» ертегісі.
Мақсаты: Ертегінің мазмұнын түсінуге, кейіпкерлердің әрекеттеріне баға
беруге көмектесу.
Әдіс-тәсілдер: Әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ қою, жауап алу.
Көрнекіліктер: ертегінің мазмұнына байланысты суреттер.Ұйымдастыру кезеңі.
Балалар шеңбер бойына тұрып, педагогтің көмегімен өлең жолдарын қайталайды.
Біз көңілді баламыз
Шаттық әнге саламыз,
Айгөлек-ау, айгөлек,
Би билейміз дөңгелеп.
-Міне, қандай тамаша! Өнерлі, биші, ақылды балалар екенсіңдер!
Шеңбер бойына тұрып, қимыл жасайды. .
Ұйымдастыру-іздестіру
Кіріспе әңгіме.
-Бүгінгі біздің көркем әдебиет сабағымыздың тақырыбы «Қызыл телпекті қыз». Ертегіні оқып, оның мазмұнын ашып әңгімелейміз.
Ертегіні оқып беру.
Сергіту сәті
Қорбандаған аюдың
Құлпынайы көп екен.
Теріп, теріп алайық,
Қалтамызға салайық!
Ғажайып сәт.
-Балалар, біздің топқа біреу келе жатыр ғой деймін. Бұл кім екен өзі? Балалар кім келіп қалыпты?
Қызыл телпек: Ля-ля-ля. Мен Қызыл телпекпің. Сәлем достар.
Тәрбиеші: Ой, балалар Қызыл телпек қайдан келді?
Тәрбиеші: Қызыл телпек сен қайда бара жатырсың?
Қызыл телпек : Мен әжеге қонаққа бара жатырмын. Балабақшаның қасынан өтіп бара жатқанда, мен туралы ертегіні оқып жатқандарынды естіп қалдым. Кәнекей ертегіні қалай түсінгендерінді тексерейін.
Ертегіні тындайды.
Қимылдар жасайды.
Балалар амандасады:-Армысыз!
-«Қызыл телпек» ертегісінен
Рефлексивті-түзетушілік
Қызыл телпекті қыз сұрақ -жауап арқылы балалармен қарым- қатынас жасайды.
-Сендерге ертегі ұнады ма?
-Анам мені қайда жұмсады?
-Маған кім кездесті?
-Қай жерде?
-Мен не деп жауап беремін?
-Қасқырдың қарнын жарған кім?
Сұрақтарға жауап береді.
Әженің үйне
Қасқыр
Орманда
Отыншылар
Күтілетін нәтиже:
Білу: Ертегінің мазмұнын.
Игереді: Кейіпкерлердің әрекетіне баға беруді.
Меңгереді: Сұрақ - жауап арқылы оқуды.
Автор: Жумабаева А.М.
Сулейменова Салима Омаровна
«Балапан» балабақшасының педагог-психологы
Жамбыл облысы, Т. Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы
Диагностикалық жұмыстың технологиялық картасы
Айы: Қаңтар ; апта: І; Айгөлек , Балбөбек орта топтар
Күні : 5.01-6.01.2015 жыл
Тақырыбы: Суреттерді есте сақта» әдістемесі
Мақсаты: бейнені есте сақтау ерекшеліктерін үйрету және оларға диагностика жасау.
Көрнекі-құралдар: 5 зат бейнеленген суреттер
Іс-әрекеттер кезеңі
Психологтың іс-әрекеттері
Балалардың іс -әрекеттері
Мотивациялық қозғаушы
Шаттық шеңбері
Отбасының гүліміз,
Көңілді өтер күніміз.
«Қайырлы таң» деп айтамыз,
Бір болып үйге қайтамыз
Шеңбер бойымен жүріп біртіндеп орындыққа отырады.
-Сәлеметсіңдерме, балалар!
Қайталап айтады
-сәлеметсізбе!
Ізденуші-ұйымдастырушы
Тапсырма : балаға бетіне 5 заттың суреті бейнеленген карточка ұсынылады. Ол бұл заттарды 1 минут ішінде қарап көруі тиіс. Осыдан кейін карточканы алып қойып, баладан өзінің есінде қалған суреттерді атап беру талап етіледі. Дұрыс аталған бейнелердің санына қарай нәтижелеріне баға қойылады. Есте сақтау қабілеті анықталады.
Даму деңгейлері:
Жоғары деңгей - бала 5 затта атада;
ОРташа-жоғары деңгей - 4 затты атады;
Орташа деңгей - бала 3 затты атады;
Орташа-төменгі деңгей - бала 2 затты атады;
Төменгі деңгей - бала 1 затты атады.
Тыныс алу жаттығуы «Қарындашты дөңгелет»
Мақсаты: бір қалыпты дем шығару арқылы үстелдегі қарындашты домалату.
Ұсақ моторикасын дамыту.
«Кірпі» жаттығуы
Момақанмын алайда,
Тікенім көп абайла.
Кіріп кетсе қолыңа,
Өкпелеме жарайма!
балаға суретті көрсетіп, оған мұқият қарап және осы суреттің әрбір бөлігінде жылдың қай мезгілі бейнеленгенін айтады.
Үш саусақтарын түйістіріп, кірпінің жүрісін салады.
Екі қолының саусақтарын айқастырып, кірпінің тікенектерін жасайды
Рефлексивтік түзетуші
-
Баланы мадақтау;
-
бала бөлінген уақыт ішінде есінде қалған суреттерді атайды.
-
Анықтама толтырылады;
Күтілетін нәтижелер:
Білу керек: Балалар есінде қалған суреттің атын атай білу керек.
Үйрену керек: Суретке қарамай заттың атын атап үйрену керек.
Жасауы керек:Тыныс алу жаттығуларын, саусақ жаттығуларын жасауы керек.
Сулейменова Салима Омаровна
«Балапан» балабақшасының педагог-психологы
Жамбыл облысы, Т. Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы
Коррекциялық жұмыстың технологиялық картасы
Айы: Қаңтар ; апта: ІІ; Айгөлек , Балбөбек орта топтар
Күні : 12.01-13.01.2015 жыл
Тақырыбы: «Көңілді шеңбер» ойыны
Мақсаты: Баланың есте сақтау қабілетін дамыту.
Көрнекіліктер:
Іс-әрекеттер кезеңі
Психологтың іс-әрекеттері
Балалардың іс -әрекеттері
Мотивациялық қозғаушы
Шаттық шеңбері
Орнымыздан тұрамыз
Күнге шаттана қараймыз.
Қуана қолымызды соғамыз,
Осылай күнге жылу шашамыз.
Сәлеметсіңдерме, балалар!
Сәлемдесу ойыны :
Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз. Қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын. Сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-иез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен: көзбен, қолмен, иықпен, құлақпен, тіземен, арқамен, құшақтасыңдар.
Шеңбер бойымен жүріп біртіндеп орындыққа отырады.
Қайталап айтады
-
сәлеметсізбе!
Ізденуші-ұйымдастырушы
«Көңілді шеңбер» ойыны
-
Балаларға ойын шартын түсіндіру;
Балалар шеңбер жасап отырады. Бір-біріне мұқият қарайды. Жүргізуші белгі бергенде балалар көздерін жұмады. Сол кезде жүргізуші отырған балаларға түрлі заттарды қыстырып қояды.
( гүл, орамал, бау, т.б). Балалар көздерін ашқанда не өзгерді? деп сұрақ қояды.Ең зейінді балаға жұлдызша беріледі.
Сергіту сәті :
Добым, добым домалақ (екі қолынды айналдыру)
Тоқтамайсын домалап (тезірек екі қолды айналдыру)
Үстел үстін бүлдірдің (қолымен үстел үстін көрсету)
Тәрелкені сындырдың (екі қол алақанымен тарелкені жасау, екі жаққа жылдам шашу)
Тентек болып кеттің деп(Сұқ саусақпен ескерту)
Тұрмын сені тепкім кеп (екі қол белде, оң аяқпен тебу)
«Есіңде сақта» ойыны
Психолог балаларға пішін бейнеленген карточканы ұсынып, мұқият қарап алуын сұрайды. Балалар оны есінде сақтап, содан соң суретін салады.
Балалар көздерін жұм дегенде жұмады.
Тақпақты айта отырып, қимылдарды қайталайды.
Рефлексивтік түзетуші
-балалар, сендерге ойын ұнады ма?
- балаларды мадақтау.
Иә, ұнады.
Күтілетін нәтижелер:
Білу керек: Балалар ойын шартын түсіну керек.
Үйрену керек: Ойын шарты бойынша ойнап үйрену керекк.
Жасауы керек: Саусақ жаттығуларын жасауы керек.
Сулейменова Салима Омаровна
«Балапан» балабақшасының педагог-психологы
Жамбыл облысы, Т. Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы
Тақырыбы : Бала саусағын ойната отырып, тілін дамыту жолдары.
Саусақ ойыны арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады. Сөйлеу тілі мүшелері әрекетінің қозғауларының дамуы қол саусақтарының нәзік қимылдарының дамуымен тығыз байланыста болғандықтан, бала қолының ептілігін толық жетілдіру, түзету-тәрбие жұмысын жүйелі жүргізуді қалайды. Саусақ ойынын балабақшада және үй жағдайында әсерлі, көңілді түрде ұйымдастыруға болады. Баланың тілі негізінен мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады. Бұл кезеңде ағзаның барлық бөліктері және жүйелері қарқынды дамып, баланың дене және ой дамуына қажетті қозғалыстағы таным іскерлігі қалыптасады. Мектепке дейінгі кезеңде қолдың ұсақ моторикасы мен қимыл-қозғалыстарын дамыту жұмыстары маңызды болып табылады.
Қол саусақтар жаттығулары есте сақтау және назар аудару қабілетін дамытатындығын психологтар айтып кеткен. Тақпақты саусақтар жаттығулары ырғаққа ілесіп қимылдауына және баланың сөйлеу ырғағының қалыптасуына көмектеседі. Сондықтан баланы ерте жастан бастап шынықтырған жөн. Саусақ ойындары сөйлеу лексикасының, сөздердің өзара байланысының (диалогты дұрыс жүргізуге, түсінік айтуға,т.б.) шыңдалуына себепші.
Балалардың сөйлеу құзыреттілігі дұрыс және сөздік қоры бай болса, оларға өз ойын жеткізу оңайға түседі, қоршаған ортаны танудағы мүмкіндіктері кеңейеді, психологиялық дамуында белсеніс күшейеді. Сондықтан баланың сөйлеу құзыреттілігін қалыптастыруды уақытылы қолға ала отырып, анық әрі дұрыс сөйлеуін қадағалау керек. Балалардың сөйлеу құзыреттілігінің дұрыс өз деңгейінде жетілуі, оның ата-аналарын да, тәрбиешілерін де толғандыру қажет.
Балалардың сөйлеу құзыреттілігі жоғары деңгейде қалыптасуы ұсақ моторика тәсілдері мен құрылымына байланысты.
«Салат» саусақ ойыны
Сәбізді алып тазалаймыз ( оң қолды жұдырыққа түйіп, сол қолдың алақанына ысқылайды)
Үккішпен үгіп майдалаймыз ( екі қолды жұдырыққа түйіп кеудеге ұстап, жоғары-төмен қозғайды)
Қанттан сеуіп дәмдейміз ( саусақтардың ұшымен қант себеді)
Міне дайын нәр тағам ( екі қолын алдына жайып көрсетеді).
Дәруменге байыған ( алақанымен іштерін сипалап, тойғандықтарын көрсетеді).
«Кірпі» жаттығуы
Момақанмын алайда (үш саусақтарын түйістіріп, кірпінің жүрісін салады)
Тікенім көп абайла, (екі қолының саусақтарын айқастырып, кірпінің тікенектері жасайды).
Кіріп кетсе қолыңа,
Өкпелеме жарайма!
«Достық» жаттығуы
Біздің топта ұлдар мен қыздар өзара дос ( қолдың саусақтары өзара бірігеді)
Кішкентай саусақтар біз сенімен достасамыз ( екі қолдың саусақтарын бір-біріне тигізу)
Бір, екі, үш, төрт, бес (шынашақтан бастап, саусақтарды кезекпен бір-біріне тигізу)
Қайтадан санауды бастаймыз.
Бір, екі, үш, төрт, бес
Енді санауды аяқтадық ( қолды төмен түсіреміз, демалтамыз).
Разминка:
Санайық жаңаша
Бір, екі, үш!
Желбіре жалауша,
Достықта біздің күш.
Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ.
Оларды атап шақырар,
Әрқайсысының аты бар.
Бас бармақ,
Балаң үйрек,
Ортан терек,
Шылдыр шүмек,
Кішкене бөбек.
«Қимылды қайтала» жаттығуы
Мақсаты : қолдың, саусақтың қимылдарының үйлесімділігін дамыту.
Жаттығу барысы :
Жүргізуші балаларға қарама-қарсы отырып, саусақтарымен кез-келген «фигураны» көрсетеді. ( кейбір саусақтар бүгулі, ал кейбіреуі түзу, әртүрлі қимылдар). Балалар сол қимылды тура солай қайталау керек.
Қолдың саусақтарын дамытуға арналған жаттығу.
Мақсаты : қол саусақтарының күрделі үйлесімді қимылдарын дамыту.
А) Алақанды үстелдің үстіне қоямыз. Балалар бірінші оң, содан кейін сол қолдың саусақтарын бір-бірден көтереді. Осы жаттығуды кері жасап, қайталайды.
Б) Алақандар үстелдің үстінде, балалар кезекпен екі қолдың саусақтарын шынашақтан бастап көтереді.
В) Балалар сұқ және ортаңғы саусақтарымен қаламды немесе қарындашты ұстайды. Осы саусақтарын бүгіп, қайтадан қалпына келтіреді., бұл жерде қаламды үлкен саусақтан төмен түсіп кетпеуін қадағалау керек.
Г) Үстелдің үстінде 10-15 қарындаш немесе есептік таяқшалар жатыр. Оларды бір-бірден алып қолға жинау керек. Содан кейін тура солай қайтадан үстелге қою керек. Екінші қолмен көмектесуге болмайды.
«Фигураларды құрастыр» жаттығуы.
Мақсаты : қол қимылдарының икемділігін, дәлдігін, көз мөлшерін дамыту.
Жаттығу барысы: жүргізуші балаларға есептік таяқшаларды таратып береді. Балалар солардан геометриялық фигураларды жасап шығару керек.
Төмендегідей тапсырмалар беріледі:
-
Төрт таяқшадан шаршы құрастыру;
-
Үш таяқшадан үшбұрыш құрастыру;
-
Үй құрастыру;
-
Жалауша құрастыру;
-
Жұлдызша құрастыру;
«Санамақ» ойыны.
Мақсаты : кіші моториканы және сөйлеу ырғағын дамыту.
Бір, екі, үш, төрт, бес,
Анаммен сурет саламын , ( алақанды жұмып ашады)
Міне басы, міне іші ( қолды шеңбер жасап айналдырады)
Аяқтары, қолдары, көздері ( қолымен кішкентай және үлкен шеңбер салу)
Аузы, сақинадан жасалған ( ауада сақинаны салу)
Әдемі шашы да бар ( қолдарын екі жаққа ашады)
Оң қолымда бес саусақ (оң қолының саусақтарын көрсету)
Сол қолымда бес саусақ (сол қолдың саусақтарын көрсету)
Бәрін қоссақ - он саусақ (екі қолының саусақтарын қосу)
Оң аяқпен секіремін (екі аяқпен кезек секіру)
Сол аяқпен секіремін (орында жүру)
Саусақ жаттығулары
-
Шынжыр. Оң және сол қолдағы басбармақпен баланүйрек саусақтары түйісіп, жүзіктер секілді айқасып, шынжыр жасайды.
-
Піл : оң қол алақаны жайылып тұрады. Сол қол саусақтары бас бармақ пен кішкене бөбек артқы аяғы болса, баланүйрек саусақ пен шылдыр шүмек саусақ алдыңғы аяқтар, ал ортаңғы саусақ пілдің тұмсығы.
-
Доп: алақандар бір-бірімен жабысады. ( доп пішінін жасайды).
-
Гүл : қолдар, саусақтар жоғары қарайды. Алақандар айшанақпен қосыла түптері өзара жанасады. Саусақтар ашылады. Осы жаттығуларды орындай отырып, мына өлең жолдарын айтады.
Саусақтар шынжыр болады,
Үзілмейді тартсаң да,
Ал, піл келіп шынжырды,
Үзіп кетті басқанда.
Тұмсығымен доп іздеп,
Ойнағысы келіп тұр.
Достық үшін пілге мен,
Гүл сыйлағым келіп тұр.
Саусақтар жүреді :
Екі саусақпен 5-ке дейінгі тура және кері санап, алға-артқа жүру.
Пайдаланылған әдебиеттер:
-
Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған ойындар мен жаттығулар ( әдістемелік құрал. «Дарын» Астана-2014 жыл).
-
Республикалық педагогикалық журнал Білім. кz
Диагностикалық жұмыстың технологиялық картасы
Подать заявку на конкурс
Скачать материал</</p>
-
Школьному психологу
Описание:
Сулейменова Салима Омаровна
«Балапан» балабақшасының педагог-психологы
Жамбыл облысы, Т. Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы
Диагностикалық жұмыстың технологиялық картасы
Айы: Қаңтар ; апта: І; Айгөлек , Балбөбек орта топтар
Күні : 5.01-6.01.2015 жыл
Тақырыбы: Суреттерді есте сақта» әдістемесі
Мақсаты: бейнені есте сақтау ерекшеліктерін үйрету және оларға диагностика жасау.
Көрнекі-құралдар: 5 зат бейнеленген суреттер
Іс-әрекеттер кезеңі
Психологтың іс-әрекеттері
Балалардың іс -әрекеттері
Мотивациялық қозғаушы
Шаттық шеңбері
Отбасының гүліміз,
Көңілді өтер күніміз.
«Қайырлы таң» деп айтамыз,
Бір болып үйге қайтамыз
Шеңбер бойымен жүріп біртіндеп орындыққа отырады.
-Сәлеметсіңдерме, балалар!
Қайталап айтады
-сәлеметсізбе!
Ізденуші-ұйымдастырушы
Тапсырма : балаға бетіне 5 заттың суреті бейнеленген карточка ұсынылады. Ол бұл заттарды 1 минут ішінде қарап көруі тиіс. Осыдан кейін карточканы алып қойып, баладан өзінің есінде қалған суреттерді атап беру талап етіледі. Дұрыс аталған бейнелердің санына қарай нәтижелеріне баға қойылады. Есте сақтау қабілеті анықталады.
Даму деңгейлері:
Жоғары деңгей - бала 5 затта атада;
ОРташа-жоғары деңгей - 4 затты атады;
Орташа деңгей - бала 3 затты атады;
Орташа-төменгі деңгей - бала 2 затты атады;
Төменгі деңгей - бала 1 затты атады.
Тыныс алу жаттығуы «Қарындашты дөңгелет»
Мақсаты: бір қалыпты дем шығару арқылы үстелдегі қарындашты домалату.
Ұсақ моторикасын дамыту.
«Кірпі» жаттығуы
Момақанмын алайда,
Тікенім көп абайла.
Кіріп кетсе қолыңа,
Өкпелеме жарайма!
балаға суретті көрсетіп, оған мұқият қарап және осы суреттің әрбір бөлігінде жылдың қай мезгілі бейнеленгенін айтады.
Үш саусақтарын түйістіріп, кірпінің жүрісін салады.
Екі қолының саусақтарын айқастырып, кірпінің тікенектерін жасайды
Рефлексивтік түзетуші
- Баланы мадақтау;
- бала бөлінген уақыт ішінде есінде қалған суреттерді атайды.
- Анықтама толтырылады;
Күтілетін нәтижелер:
Білу керек: Балалар есінде қалған суреттің атын атай білу керек.
Үйрену керек: Суретке қарамай заттың атын атап үйрену керек.
Жасауы керек:Тыныс алу жаттығуларын, саусақ жаттығуларын жасауы керек.