- Учителю
- Мақала Үздік тәрбиеші сайысы
Мақала Үздік тәрбиеші сайысы
«ҮЗДІК ТӘРБИЕШІ» САЙЫСЫ
Шығармашылықпен жұмыс істейтін педагогтардың озық тәжірибелерін анықтау және мектепке дейінгі жаңартылып жатқан білім беруде инновациялық технологияларды іздестіру мақсатында Қарағанды облысы Приозерск қаласының «Өнер және спорт мектебі» КМҚК жанындағы «Еркетай» шағын орталығынның меңгерушісі Шолпан Аманқызы Медетбекованың бастауы бойынша тәрбиешілердің білім дәрежесін шығармашылығын іздемпаздықтарын дамыту барысында «Үздік тәрбиеші» сайысы болып өтті. Сайыстың мақсаты - мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы білім беру саласын жетілдірудегі жаңашыл педагогикалық идеялармен тиімді білім беру технологияларын насихаттау. Тәрбиенің нысандары мен әдістерін жетілдіріп, оқыту мен тәрбиенің үрдісіне жаңа технологияларды енгізу. Сонымен қатар, шығармашылық ізденісте жүрген педагогтардың тәжірибесін жетілдіру.
Сайысқа Приозерск қаласының «Өнер және спорт мектеб» КМҚК жанындағы «Еркетай» шағын орталығының 8 тәрбиешісі қатысты.
Сайыс 5 кезеңнен құралды.
І. «Мен тәрбиешімін» (өзін-өзі таныстыру)
ІІ. «Кім тапқыр?» (сұрақ -жауап)
ІІІ. «Өнерлі өрге жүзеді» (өз өнерін көрсету)
IV. «Ұшқыр ойдан - белсенді әрекет» (педагогикалық жағдаяттардан
шығу)
V. «Ас- адамның арқауы» (тағам даярлау,оның жасалу жолдарымен таныстыру)
Мен Тоқталған Біржан «Еркетай» шағын орталығының
тәрбиешісі, осы салада жүргеніме 2 жыл. Ал, сол жылдар ішінде бұл
байқауға тұңғыш қатысуым.
Сайыстың алғашқы кезеңінде өзін-өзі таныстыруды слайд арқылы
(отбасы, ата-анам, іс-шаралар мен ұйымдастырылған оқу іс
әрекеттерімен) толықтырдым. Сайыстың екінші «Кім тапқыр» кезеңінде
жан-жақты сұрақтарға толық жауап бердім.
«Өнерлі өрге жүзеді» кезеңінде қазақтын ұлттық аспабымен «Дүние-ай»
әнін орындадым.
«Ұшқыр ойдан - белсенді әрекет» кезеңінде педагогикалық жағдаяттардан
шығу барысында өз тәжірибем бойынша барынша жауап бердім.
«Ас- адамның арқауы» кезеңінде астың бір түрі «Француз» салатын даярлап, оның жасалу жолдарымен таныстырдым.
«Тәрбиешілер сайысына барынша дайындалып, өз өнерімді көрсеттім.
Сайыстың барлық кезеңдерінің қорытындысы бойынша бірінші орын «Күншуақ» тобының тәрбиешісі Тоқталған Біржан, екінші орын «Жұлдыз» тобының тәрбиешісі Тажибаева Феруза, үшінші орын «Құлыншақ» тобының тәрбиешісі Еримбетова Маликаға берілсе, «Балапан» тобының тәрбиешісі Омарова Кулшай- «Бала жанының зергері», «Құлыншақ» тобының тәрбиешісі Дауленова Анар-«Өнерлі тәрбиеші», «Жұлдыз» тобының тәрбиешісі Сейдилдаева Майра «Инабатты тәрбиеші», «Күншуақ» тобының тәрбиешісі Абсаматова Ақмаржан «Парасатты тәрбиеші», «Балапан» тобының тәрбиеші Манкебаева Индира «Тапқыр тәрбиеші» номинацияларымен иеленді.
Маған «Үздік тәрбиеші» сайысы өте қатты ұнады. Өзім осы сайыста бірінші орынды женіп алып сайыста өзімді педагог ретінде көрсете білгеніме қуаныштымын. Мұндай сайыста, бір жағынан білімінді жетілдіресін және жан-жақты ізденесін. Менің өз ойым бойынша педагогтар арасында осындай сайыстар жыл сайын болып тұрса, педагогтар өз білімдерін жетілдіре түседі және педагог әр қашанда ізденіс үстінде болу керек деп ойлаймын. Сөзімді қортындылай келе Приозерск қаласының «Өнер және спорт мектебі» КМҚК жанындағы «Еркетай» шағын орталығынның меңгерушісі Шолпан Аманқызы Медетбековаға мың алғыс осындай ізгі істерді бастап жас мамандарды биік шыңдарға жетелеп педагогтардың шығармашылық және білім дәрежесінің іздемпаздықтарын жетілдіруге атсалысып отырғанына.
Тоқталған Біржан
Қарағанды обл. Приозерск қаласының «Өнер және спорт мектебі» КМҚК жанындағы «Еркетай»шағын
орталығынның «Күншуақ» тобының тәрбиешісі.