7


Ертенгілік Ақ қар даланы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Ертегі : Ата мен түлкі





Мақсаты: Балаларға үстел - үсті театры арқылы баяндап айту, сұрақ-жауап арқылы балалардың сөйлеуін, тілдерінің дұрыс жетілуіне ықпал ету.Ертегі кейіпкерлерінің іс-әрекетіне назар аудара отырып, ертегіні түсінуге,қабылдауға,сезінуге жетелеу. Мейірімділікке, адамгершілікке тәрбиелеу.



Әдіс-тәсілі: - түсіндіру, көрсету сұрақ-жауап.

Ертеде Ата мен әтеш өмір сүріпті .

Ата аң аулауға кеткенде ,әтеш үйде қалып, үй жинап, тамақ пісіретін болыпты.Бір күні ата аң аулауға кетерде тауыққа

-Есікті ешкімге ашпа, терезеден қарама-деген екен.

Ата аң аулауға кеткеннен кейін әтеш ән салып өз жұмысына кірісіп үйді жинап, тамақ пісіріп жүр екен.

Оның дауысын естіген түлкі тауыққа келіп терезеден.

-Әтеш , дауысың қандай тамаша далаға шығып бір шырқап жіберші -депті

Оның айласына көмбеген әтеш .

-Қойшы түлкі, мені алдама маған есікті ашпақ түгіл ,терезеден қарауға болмайды- деген екен.

Сонда түлкі ,әтеш орманда бір қап жемді біреу төгіп алыпты мен саған соны алып келдім,терезені ашып ала қойшы-деп өтініпті.

-Жарайды түлкі мен сенің айтқаның ақ болсын -деп терезені ашып қарағанда түлкі оны үстап алып, орманға алып кетіпті.

Аң аулап келген ата үйіне келсе әтешін табалмай қалыпты.Содан орманға іздеп бет алыпты.

-Осының бәрі түлкіден келген қулығы шығар-деп түлкіге барыпты.

-Түлкі , сен менің әтешімді көрдің ба?

-Жоқ

-Жарайды онда мен әтешімді алған кісіге сыйлығымды ала келіп едім , онда мен әрі қарай іздейін -деп бұрыла бергенде.

Түлкі.

- Жарайды ол қандай сыйлық , сенің әтешің менде , сыйлығың үнаса әтешіңді қайта беремін -депті

-Мен саған үйір-үйір қой алып келдім(Балалар бәріміз маңырайықшы)

Түлкі

-Қой мен қойды қайда бағам оны жеп тауса алмаймынға .

-Жарайды , онда саған үйір тауық алып келдім (Балалар бәріміз тауыққа ұқсап айқайлайықшы)

Түлкі

-Жоқ керек емес тауықты жеуге тәбетім болмай тұрғаны.

-Жарайды, мен саған дайындаған үлкен сыйлығым бар соны аларсың (Балалар итше үрейік)

Түлкі

-Бұл не ,бұл иттің дауысығо ,мен қорқам олардан қорқам, енде сіздің әтешіңізге тимеймін ,мені кешіріңізші әтешіңізді алыңыз-деп әтешін қайтарып беріпті.

Ата

-Балалар сендерге көп-көп рахмет сендердің арқаларыңда әтешті қайтарып алдым.

Ата мен әтеш үйлеріні қайтыпты.









Күтілетін нәтиже:





Нені түсінді :Ертегі мазмұнын, кейіпкерлердің іс-әрекетін мағыналы түсіне біледі.



Нені орындайды: Аңдардың дауыстарын салуды .





















МКҚК №29 «Нұрсая» бөбекжай балабақшасы









Ертегі «Ата мен түлкі»

Ертенгілік Ақ қар даланы

Ертенгілік Ақ қар даланы













№1 II-кіші топ «Алтын балық»

Тәрбиеші: Мусабаева Э.С.













2015-2016 жыл

































































































</<font face="Times New Roman, serif">Жаңа-жылдың қызықтары

Ортада безендірілген шырша. Кішкентай қыз көңілсіз келіп, айналасына қарап, шыршаның артына барып, жылап отырады. Қыздың анасы қызын іздеуге шығады.

Жаңа-жылдың сағаты соғып жатыр.

Жүргізуші: - Сағат болса, соғып жатыр, жаңа жылдың басталуына аз уақыт қалды. Қызым қайда кетті. Сымбат, қайдасың? Жылаған дауыс шығады ғой деймін. -Сымбат неге көңілсізсің, неге жылап отырсың?

Сымбат: -Жаңа-жыл болса жақын қалды, ал менің жаңа-жылды бірге қарсы алатын достарым жоқ.

-Жүргізуші: -Сен жылама, мына әсем шыршаға қарашы. Ойыншықтарыда көп екен. Мен естіп едім, шыршаның ойыншықтары сыйқырлы болатынын. Кәне, қарап көрелікші

(Бір ойыншықты ашып көреді, ол сиқырлы болады. Сиқырлы әуен естіледі. Ортаға әуенмен балалар шығады.) Ертенгілік Ақ қар даланы

Жүргізуші: -Сәлематсыңдар ма, балалар! Жаңа-жылдарың құтты болсын! Сымбат қарашы, мына сиқырлы ойыншықтардың арқасында сен өзіңнің көп достарыңды таптың. Достарың қандай әдемі. Барлығың жаңа-жылды көңілді өткізетін боласыңдар! Келісесіңдерме балалар?

Балалар: -Иә.

Ән « Аппақ-аппақ »

(Ортаға бір-бірін қуған Том мен Джери шығады)

Джери:

-Қап бәлем. Сенің істемегенің жоқ маған. Ұсталасың қазір. Том мазақтап қашады.

Жүргізуші: -Тоқтаңдар,тоқтаңдар! Тағыда не болды сендерге? Сендер қашанғы бір-біріңді қуып жүресіңдер. Балалармен бірге жаңа-жылды тойлағалы жатырмыз. Сендерде бірге болыңдар. Достасатын кез жетті. Біздің балалар сендерді достыққа шақырады. Балалар, достық туралы тақпақ айтып береміз бе?

1-бала.

Дос болайық бәрәміз

Жарасып тұр әріміз

Тыныштықты сақтаймыз.

Атсын күліп таңымыз. 2-бала. Біздің топта балалар. Тату тәтті ойнайды. Дос көңілі әрқашан. Тек жақсылық ойлайды.

(Том мен Джери бір-бірінің қолын алып, құшақтасып достасады.) Ертенгілік Ақ қар даланы

Жүргізуші: -Том, Джери неге бізге ойнамасқа.

Том: -Ойнайық. Мен келісемін. Мен қашқанды жақсы көремін.

Джери. Ал мен қуғанды жақсы көремін.

Жүргізуші: -Том мен Джери мен сендерді балалармен бірге екі топқа бөлейін. -Мына қатардағы балалар Томның тобы, ал мына қатардағы балалар Джеридің тобы боласыңдар. Келісесіңдер ме?

Ойын: «Аққала»

Жүргізуші: -Екі жақта бірге болдыңдар. Достық жеңді.

Том:- Жоқ, жоқ біз жеңдік.Ендеше, биден жарысайық.

Джери: -Жарыссақ, жарысайық.

Би: «Гномдар», «Аққала»

Ертенгілік Ақ қар даланы

Ертенгілік Ақ қар даланы

Жүргізуші: - Жарайсыңдар! Қандай епті, бишісіңдер.Олай болса... -Уа, халайық жараңдар, Айналаға қараңдар! Жаңа жылдық бұл тойын, Салтанатқа санаңдар Қызық көріп, шат болып, Қызыққа бір тоймаңдар,- деп ортаға кімдерді шақырамыз, балалар?

Балалар:- Аяз атаны, Ақшақарды.

-Аяз ата, Ақшақар. Аяз ата, Ақшақар.

Аяз ата:

Бүлдіршіндер, балғыным Өмір гүлім шалдғыным..

Тілегенім жыл бойы,

Сеңдердің бақтарын мен деңсаулығың.

Сәлеметсіздер ме, балалар?

Балалар:Салеметсіз ба!

Міне мен де жеттім ғой сендерге. Орман, тоғайды, үскірік аяздан сендерге кем жатқанда сендердің хаттарында тауып алдым. Сендермен бірге жаңа жылды тойлайын деп асығып жеттім.



Ән «Салеметсіз бе Аяз- ата»



Менің немеремді, Ақшақарымды көрмедіңдерме? Балалар: -Жоқ көрмедік.

Аяз ата:-Ол менен бұрын шығып етіп еді. Адасып кеткен болар. Кәне, бәріміз қаттырақ шақырайықшы. - Ақшақар, Ақшақар.

(Мыстан келеді)

Мыстан: -Пай-пай! Мен қайда келдім өзі. Мына шыршаньң кереметін-ай! Уйге алып кетсем бе екен? Осы кезде мыстан төменге еңкейіп, шыршаньң түбірімен жұлып алғысы келеді. Ж: Мыстан кемпір! (Мыстан оған мән бермейді де шыршаны жұлуын тоқтатпайды)

Біз Жаңа жыл мейрамын тойлап жатырмыз,тимеңіз біздін шыршамызға! (Мыстан сөзге мән бермей) Туу! Маңдайдағы терін сүртіп, тұрып. Мына шыршаның тамырының терең отырғызылғанын-ай, жұлынбайды ғой. Сол кезде шыршадағы жылтыраған кілтті көріп қаладыда: Мынау қандай қызық кілт өзі, осы кілт бағанағы менің ұшып келе жатып көрген, сандықтың кілті болар. Сол сандықтан 6ip керемет дәмнің иici шығып еді, мүмкін ақша да бар шығар. Мен шыршаға тимей-ақ, осы кілтті алып барып сандықты ашайын, мүмкін тамағына тойып, ақшасына бip байып қалармын!

Аяз ата: -Сен нағып жүрсің. Немерем қайда?

Мыстан: -Немереңді қатырып тастадым. Ха-ха-ха.

Аяз ата: Ой, мыстан ай, сенің бір жаман әдетің қалмаған екен.Жаңа-жылды Ақшарымсыз қалай өткіземіз. Мыстан, не қалайсың. Не шартың бар?

Мыстан:- Шарт дейсің бе, Менің көңілімді көтеріңдер, мен сосын ойланым.

(Том мен Джери балалармен ақылдасып жатады, тәрбиешіге сыбырлайды)

Жүргізуші: - Қызықты ойын ойналық.

«Кім шапшаң» отырғышпен

Мыстан: (Билеп жүргенде қалтасындағы кілт түсіп қалады) Менің көңілімді көтердіңдер, тіпті шаршап қалдым, осы балабақшаның балалары бәрін біледі дейді ғой жұмбақ айтайыншы.

Мыстан:-Дегендерің болсын, сендер кешіріңдер мені, мен уәде беремін Ақшақарларыңды жіберемін. Жаңа-жылды жақсы қарсы алыңдар! (шығып кетеді)

Аяз ата: - Мына Мыстан берген уәдесінде тұрама екен. -Балалар сендер береген сөздеріңде, уәделеріңде тұрасыңдар ма? Өтірік айтпайсыңдар ма?

Балалар:- Жоқ.

(Әуенмен Ақшақар кіреді)

Ақшақар:-Сәлематсыздар ма, балалар! Сәлематсыздарма қонақтар!

Ата енді жаныңнан қалмайтын боламын. Мен үшін қорқып кеттің бе?

-Балалар сендер әлі шыршаның шамын жақпапсың дар ғой.Кәне, балалар бәріміз бірге.

Барлығы: -Шырша шамы жарқыра, шырша жан-шырша жан.

Ән « Кішкентай шырша »

Жүргізуші: -Аяз ата, біздің балаларымыздың жаңа-жылдық тақпақтары бар. Соны тыңдаңыз.

Айсана

Жаңа жылым мол болсын

Басқан қадам оң болсын

Төрле, төрле жаңа жыл

Бізге құтты жол болсын.

Ясмин

Жасыл желек жамылған

Асыл моншақ тағынған.

Міне сұлу шыршаның

Көптен күтіп сағынған.

Алайық айтып жаңа жыр.

Мерует

Оралама ол енді

Айтар едім өлеңді

Жылдамырақ келсе екен

Бізге сыйлық берсе екен

Аллаиза

Аяз ата келді

Тамашаны көрді

Риза болып қуанып

Бізге сыйлық берді.

Нұржан

Қуанып енді

Жаңа жыл келді

Өсетін болдық

Бір жасқа енді.

Би «Матрешки»





Адия

Жылдың әсем бұл шағы

Шыр айналдық шыршаны.

Шоқ жұлдыздай көктегі

Шыныны қағып тұр шамы.



Жаннель

Жүзімізге күлкі ойнап

Қанаттанды жанымыз

Жаңа жылды біз тойлап

Шаттанамыз бәріміз!

Рома

Әдемілеп тізілген

Ойыншықтар тізілген

Қандай жақсы шыршамыз

Ән шырқайық баршамыз

Енжарлықты тастайық,

Шырша тойын бастайық!

Милана

Аспан жерге төгеді

Ақ күмісін уыстап

Жаңа жылда келеді

Бізге қарай жылыстап.

Көрсін біздей балғынды

Шырқатайық ән - жырды.

Фатима

Ақша қарға малынып

Аппақ тонын жамылып

Сақалы мен мұртына

Күміс моншақ тағынып

Аяз ата келеді

Балаларды сағынып.









Жұлдыз

Аппақ қыстың бояуы

Аппақ қыстың бораны

Ақ көрпеге орайды

Ақ қар байтақ даланы

Аяз шымшып қояды

Ақ құшағын жаяды

Ойын: «Қатырам»

Би «Буратина»

Тамина

Сақалы аппақ күмістей

Тістері аппақ күріштей

Қызыл ала шапаны

Сағындым аяз атаны

Гүлім

Далада қар борайды

Ақ мамыққа орайды

Мұз болады қатады

Жып-жылтыр боп жатады

Айзере Қ

Әдемілеп біз ілген

Ойыншықтар тізілген

Қандай жақсы шыршамыз

Ән шырқайық баршамыз

Олжас

Шыршаға бардық

Әсем ән салдық

Аяз атадан, Сыйлықтар алдық

Аяулым

Тамаша , тамаша

Шыршамыз тұр жараса

Басында әсем жұлдыз

Көз тоймайды қараса.

Нәсіп

Шыршаға бардық

Әсем ән салдық

Аяз атадан

Сыйлықтар алдық

Айша

Жаңадан тақпақ

Аламыз жаттап

Жаңа жыл келді

Жаңа жыл аппақ

Алтынай

Ақ қар жапты даланы

Ақ жамылды айнала

Жарқыратып шамдарын,

Шырша келді ортаға

Жазира

Ойыншықтар тізілген

Шыршаны да көрдік

Елкаға бардық

Әсем ән салдық

Аяз атадан

Сыйлықтар алдық.

Адина

Жылдың әнін бастайын,

Аяз- Ата кеп қалды.

Майысады жас қайың,

Көтере алмай көп қарды.



Айзере Ғ

Аспан жерге төгеді

Ақ күмісін уыстап

Жаңа жылда келеді

Бізге қарай жылыстап

Таңшолпан

Оралдың өлкеме,

Жаңа жыл армысың.

Оранды ақ көрпеге,

Асқартау, қарлы шың.

Анель

Аппақ тонға оранып,

Базарлықты мол алып.

Келді алыс сапардан,

Аяз ата оралып.













Би: «Ақшақарлар»

Аяз ата: -Жарайсыңдар, балаларым! Өздерің тіпті жан-жақты екенсіңдер. Менің сендерге арнаған сыйлығым бар. Шыршаның ойыншықтары сыйқырлы арасында менің сыйқырлы кілтім бар. Кәне, тауып көрелікші. (Таптым деп бір бала айғайлап тауып алады) Ой балаларым, бұл сандықтың кілті. Ал сандықта осы арадан табылады. Сандық ішінде қапшық бар. Ал қапшықтың ішінде сыйлықтар бар. Ал бұл сыйлықты топқа барғасын апайларың сендерге таратып береді. -Ақшақарым, бізге кететін уақыт болып қалды. Рұқсат болса кетейік. Біздерді басқа балабақшада да балалар күтіп отыр. Манадан байқап тұрмын мына тентек Том мен Джери нағыз көмекші болыпты ғой. Бұларды да өзіммен бірге ала кетейін.

-Жаңа жылда, балалар,

Тек қуаныш көріңдер.

Ауырмаңдар ешқашан,

Жылау, ауру, жамандық

Қастарыңда болмасын

Сау болыңдар, балалар

(Том мен Джери, Аяз ата, Ақшақар шығып кетеді)

Балалар ортаға шығып ән айтайық.

Жүргізуші: Құрметті ата-аналар жаңа- жылымыз құтты болсын!



Ән « В лесу родилась елочка »





































































































































Ақ қар жапты даланы

Ақ жамылды айнала

Жарқыратып шамдарын,

Шырша келді ортаға

Оралды өлкеме

Жаңа жыл, армысың!

Оранды ақ көрпе

Асқар тау, қарлы шың.

Тоғай да, баулар да

Ақ күміс жамылды.

Дала да, таулар да

Өзіңді сағынды.

Әдемілеп біз ілген

Ойыншықтар тізілген

Қандай әсем шыршамыз.

Ән шырқайық баршамыз

Жылдың әнін бастайын,

Аяз- Ата кеп қалды.

Майысады жас қайың,

Көтере алмай көп қарды.





Бақша іші мереке,

Ойын күлкі асқақ ән.

Жақсы әпкелер жаңа кеп,

Мерекені бастаған.





Жаңа жылды қарсы алдың,

Мініп алып күймеге.

Мен де бүгін ән салдым,

Араластым биге де.





Оралдың өлкеме,

Жаңа жыл армысың.

Оранды ақ көрпеге,

Асқартау, қарлы шың.

***



Ақ қырауға малынған

Сақалы да мұрты да.

Аяз ата сағынған,

Сәлем бepді жұртына.





Безендіріп шыршаны

Жыл қуантты баршаны.

Той-маскарад басталды,

Аяз оны басқарды.





Аппақ тонға оранып,

Базарлықты мол алып.

Келді алыс сапардан,

Аяз ата оралып.





Қалып едік сағынып,

Kүтіп алдъқ жабылып.

Жолын қойдық жарық қып,

Шыршаларға шам іліп





Аяз Ата ойды қырды

Аралап жүр түгел шолып.

Қарсы алғалы жаңа жылды,

Ол да көптің бірі болып.

Қайда қызық болса думан,

Аяз Ата сонда болды.

Күндіз үйде ойнап бізбен,

Балалармен бірге болды.





Тілеймін мен бар әлемге

Дос көп болсын жаңа-жыл

Ата-әже, ата-әже

Құтты болсын жаңа жыл





Жаңа жылым мол болсын

Басқан қадам оң болсын

Төрле, төрле жаңа жыл

Бізге құтты жол болсын.

***



Аяз -ата туралы тақпақтар





Аяз -ата ақ сақалды,

Ақ таяқты паң ата,

Асып өтіп асқар тауды

Жеттің бізге таң ата





Жапалақтап ақша қар

Жауды күнде қайталап

Қырға шықты балалар

Шаңғыларын арқалап.





Қайда қызық думан болса,

Аяз ата сонда болды.

Балалармен бірге ойнап

Балалармен бірге қонды.





Аяз келді қаһарлы

Айналаны қар жапты.

Ақтон киіп орман тұр

Дәл атамдай салмақты.

***

Қыс.

Далада қар борайды,

Ақ мамыққа орайды

Мұз болады, қатады

Жып жылтыр боп жатады.

***

Жаңа жыл.





Жасыл желен жамылған,

Асыл моншақ тағылған.

Міне сұлу шыршамыз

Көптен күтіп сагынған.

***

Аққала - ақ бала.



Аққала мен ақ бала,

Сырғанайды сырғанақта.

Жаздым тақпақ бәріне,

Ақ қыс сұлу ақ өлең.

Ақ бала жасады аққала.

Ақ қар жатыр далада.



***

Көңілді қыс!



Балалар шықты далаға,

Ойнап, күліп жүр енді.

Шаналармен азады,

Аққаланы соғады.

***

Нан қоқымын шашпаңдар

Жерде жатса баспаңдар

Теріп алып қастерлеп

Торғайларға тастаңдар









Жасыл желек жамылған

Асыл моншақ тағынған.

Міне сұлу шыршаның

Көптен күтіп сағынған.

Мадина:

Келді, келді жаңа жыл,

Қуанып қарсы ала біл.

Аяз ата сыйлығын,

Алайық айтып жаңа жыр.

Аяжан:

Төбемізде қарғалар,

Әрлі- берлі жүрді ұшып.

Шыршамыз тұр жасынып

Ойыншықтар тізіліп.

Көз алмай біз тамсанып

Қарап тұрмыз қызығып.

Дария:

Ақ сақалды таяқты

Қалың қырау қабақты

Аяз ата аямай

Бізге сыйлық таратты

Ойыншығы, шекері

Орасан көп сияқты.

Петр:

Дала нұр, қала нұр,

Құтты болсын жаңа жыл!

Кел жаңа жыл біздерге,

Кел жаңа жыл, жаңа жыл.

Тәрбиеші:

Достарымыз бар қуанып,

Тамашалар кештер де

Талшыбықтай бұралып

Биші болам өскенде

Құрметті қонақтар, қыздарымыздың «Ақшақар» биін тамашалайық!

Айым:

Шеберін - ай аяздың

Әйнектерді қағаз ғып

Әшекейлеп қойыпты

Бірнеше ою ойыпты

Суреттерді әр үйге

Әйнектерге әрине

Түнде салып береді

Көзі қалай көреді?

Нұрайым:

Көңілде көп қуаныш

Әр көңілде жақсы үміт

Кетер жылға мың алғыс

Әкелген көп жақсылық

Жаңа жылда алдағы

Көңіл өсіп кеңейсін.

Бауыржан:

Жаңа жыл, жаңа жыл

Жаңалық ізде сен.

Жаңа ән, жаңа жыр,

Жазып бер бізге сен.

Жаңадан көп түрлі

Машина бергейсің.

Раушан:

Жасыл шырша жанында

Айнала ойнап ән саламыз

Өзіміздің бақшада

Жаңа жылды қарсы аламыз.

Айрат:

Жылдың әсем бұл шағы

Шыр айналдық шыршаны.

Шоқ жұлдыздай көктегі

Шыныны қағып тұр шамы.

Ән: «Шырша жыры»

Іңкәр:

Жүзімізге күлкі ойнап

Қанаттанды жанымыз

Жаңа жылды біз тойлап

Шаттанамыз бәріміз!

Әсем:

Әдемілеп тізілген

Ойыншықтар тізілген

Қандай жақсы шыршамыз

Ән шырқайық баршамыз

Енжарлықты тастайық,

Шырша тойын бастайық!

Динара:

Аяз қысып, өрнек сызып,

Терезені торлайды.

Қарға омбығып,

Бет домбығып,

Балдырғандар ойнайды.

Білсеңіздер айтыңдаршы

Бұл қай кезде болады?

Дана:

Аспан жерге төгеді

Ақ күмісін уыстап

Жаңа жылда келеді

Бізге қарай жылыстап.

Көрсін біздей балғынды

Шырқатайық ән - жырды.

Гүлзира:

Ақшақарға малынып

Аппақ тонын жамылып

Сақалы мен мұртына

Күміс моншақ тағынып

Аяз ата келеді

Балаларды сағынып.

Тәрбиеші: Балалар Аяз Атамен көңіл көтеріп «Орындық» ойынын ойнап алайық!

Аружан:

Аппақ қыстың бояуы

Аппақ қыстың бораны

Ақ көрпеге орайды

Ақ қар байтақ даланы

Аяз шымшып қояды

Ақ құшағын жаяды

Қайсар:

Жайна шырша жарқылдап

Бейнесіндей сәбидің

Түрлене түс жасыл бақ

Қыс пен жазға бірдейсің.

Урсула:

Сақалының ұзын - ай

Саудыраған мұзын - ай

Жарқыраған оттары

Жаңа жылдың қызығы - ай.

Бекзат:

Шыршамызды әсемдеп,

Ән шырқаймыз билейміз.

Өзімізде күлімдеп

Жабырқауды білмейміз.

Гүлжаухар:

Жаңа жылда жаңаша

Тақпақ айтамыз.

Болсын риза балаша

Аппақ атамыз.

Н.Амина:

Билейміз де ойнаймыз

Балғын ұл-қыздар.

Жаңа жылдай жайнаймыз

Жарқын жұлдыздар.

Ер балалардың орындауында «Гномдар» биі

Нұргүл:

Шанамен, шаңғымен,

Мұздарды сызалық.

Елемей ызғарды

Жаңа жыл бәйгесін

Келейік біз алып.

Алинұр:

Ақ қырауға малынып

Сақалы да, мұрты да

Аяз ата сағынған

Сәлем берді жұртына.

Инабат:

Жаңа жылды біз тойлап

Шаттанамыз бәріміз.

Өлең де әзір, ән әзір,

Ойын да әзір, бәрі әзір.

Кел жаңа жыл біздерге,

Кел жаңа жыл, жаңа жыл.

Бақытбек:

Сақалы аппақ күмістей

Тістері аппақ күріштей

Қызыл ала шапаны

Сағындым аяз атаны.

Сабина:

Әлде қарлы боранда

Тау басынан түсті ме?

Аяз ата оралды,



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал