7


  • Учителю
  • Технологическая карта на тему Пингвиндер Құрастыру

Технологическая карта на тему Пингвиндер Құрастыру

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

«Тексерген»

Оқу ісінің меңгерушісі _____________ Рамазанова Г.С.

Технологиялық карта

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті «Балапан »тобында

Тәрбиеші: Жуманова А.Б.

Күні,айы,жылы : 25.01.2016 ж.

Білім беру саласы: «Таным»

Оқу іс-әрекет түрі: Құрастыру.

Тақырыбы: «Пингвиндер»

Мақсаты: табиғи материалдарды пайдаланып, пингвиндерді жасай алуға үйрету, оларды мазмұн бере орналастыру, ой -қиялын дамыту, табиғи материалдармен ұқыпты жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.

Алдын-ала жасалатын жұмыс : әртүрлі көлемдегі шырша бүрлері, ақ және қара түсті ермексаз, көк, қызыл түсті қағаздар, пенопласт дайындап қою.

Әдіс-тәсілі: табиғи материалдардан ,ермексаздан пингвиннің дене мүшелерін жасау әдісін үйрету,көрсету,түсіндіру.

Қажетті құрал-жабдықтар: әртүрлі көлемдегі шырша бүрлері, ақ және қара түсті ермексаз, көк, қызыл түсті қағаздар, пенопласт.

Билингвальді компонент: пингвин - пингвин, мұз-лед .Қызығушылығын

ояту кезеңі

Балаларға пингвиндер туралы айтылған әңгімені немесе мульфильмді еске түсіремін. Пингвиндердің суық жақтарда тіршілік ететінін және олардың дене бөліктеріне назар аударып, оны табиғи материалдардан қалай жасау керектігін үлестірмелі материалдардан отырып түсіндіремін.

Балалар өздері көргендері, естігендері жайында айтады.

Технологическая карта на тему Пингвиндер Құрастыру

Іздену

ұйымдастыру

-Пингвиннің денесі шырша бүрлерінен жасалады:

-Басын қара және ақ түсті ермексазды алақан арасына салып домалақтау арқылы жасаймыз.

-Қанаттарын ұсақ жапырақтардаң ермексазбен бекіту арқылы жасаймыз.

-Аяқтарын емен жаңғақтарының «қалпақшалыран» жасаймыз.

-Қызыл түсті қағаздан тұмсығын қиып алып орналастырамыз.

-Көк түсті қағаздың үстіне пенопластан немесе ақ қағаздан мұздарды қиып алып, дайын болған пингвиндерді оған әдемілеп мазмұн бере орналастырамыз.

Балалардың табиғи материалдармен жұмыс жасау барысына басшылық жасалып, көмек көрсетіледі.

Балалар табиғи материалдарды пингвиннің дене мүшелеріне сәйкес таңдап алады, оны тәрбиешінің көрсеткен үлгісіне сәйкес бір-біріне біріктіреді. Дайын болған пингвиндерін қағаздың немесе пенопластың үстіне орналастырып, ол туралы өздері білетіндерін әңгімелеп береді.

Технологическая карта на тему Пингвиндер Құрастыру

Рефлексивті қорытындылау

















Дайын болған жұмыстарды ретімен орналастырып, жақсы жасалған пингвиндерді таңдап алып мадақтаулар жасаймын, олардың дене бөліктерінің және жасалу жолдарының сапасына көңіл аударамын.

Балалар өздерінің пингвиндерін салыстырып көреді, қайсысы үлкен, қайсысы кішкентай екенін айтады.Технологическая карта на тему Пингвиндер Құрастыру







Күтілетін нәтиже:

біледі: пингвиндер туралы жаңа мәліметтерді;

игереді: пингвиндерді табиғи материалдардан жасауда оның дене бөліктерін дұрыс орналастыруды;

меңгереді: табиғи материалдармен жұмыс жасаудың әдіс-тәсілдерін .







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал