7


  • Учителю
  • Эссе Бақыттың кілті – балалық шақта.

Эссе Бақыттың кілті – балалық шақта.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тәрбиеші : Қайралапова Қ.Ш.

Бақыттың кілті - балалық шақта.

Бала жүрегі кішкентай күйсандық . Ол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады . Ал білім мен тәрбие беретін адамның қолында әр кезде сол кілт жүруі керек . Балаға жан - жақты тәрбие беру біздің парызымыз. Өйткені бала ата - ананың ғана емес келер ұрпақтың аманаты . Бала біздің басты байлығымыз . Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы туған ұясы , ата - ана тәрбиесі .Ал баланың балалық шағын естен кетпестей тәтті шақта өткізу әр ата - ананың міндеті .Баланың бақытты шағы ана құрсағында жатқан кезден басталады . Себебі бала ана құрсағында жатқанның өзінде анасының жақсы жаман көңіл - күйін сезініп ары - бері тулап белгі беріп жатады . Ал өмірге келген күннен бастап бала бақытты . Неге десеңіз бала ананың жұмсақ алақанын , жылы жүзін , ыстық құшағын бар ықыластың өзіне аударылғанын біледі. Сондықтан да өмірге келген бала да , баланы туған ана да бақытты . Осындай керемет сезімдерді бастан өткізген баланың балалық шағы өз кезеңімен өте бастайды . Баланың сәбилік кезеңі туғаннан бір жасқа дейін , 1 - мен 3 жас , 3 - пен 5 жас аралығындағы бүлдіршін кездері қандай тамаша . Былдырлаған бал тілімен барлық қызықты іс - әрекерттерімен жан - жағындағыларды күлкіге қарық қылып жатады . Осындай кезде « шіркін ай балалық шақтың нағыз қайталанбас кездері ай» деп қызыға қарайсың . Еш уайымыз тек қана ойын әлеміне сүңги батқан балаға қарап нағыз бақыттың кілті балалық шақта екеніне көз жетізесің.Балалық шақта жастай тәлім тәрбиеге кенелген бала өсе келе жан - жағына қарап бой түзейді .

жақсы әдеттерді қайталауға ұқсап бағады . Кейде болмашыға бұртиып өз дегенін өз айтқанын жасатқысы келеді .Балаға ерте жастан берілген дұрыс тәрбие оған өмір бойы азық болары анық. Сондықтан баланың балалық шағына жеңіл - желпі қарамай шынымен де оның өмірінің өз уақытында балалық кезін , ержетуін бәрін - бәрін өз ретімен орнына қойып беру ата - ананың , ұстазының қоршаған ортаның міндеті . Баланың бақытты шағы бірден - бір балабақшада өтеді . Балабақша баланың екінші үйі секілді .Мұнда ол өзінің достарын табады , ортасы қалыптасады .Көп нәрсені таниды . Бала балабақша есігін 2 - 3 жаста ашса оны балапандай мәпелеп қанатының астында өсіріп тәлім - тәрбие беріп буынын қатайтатын әрине тәрбиешілер .Ата әжесі , әке шешесі қасында жоқ болса да мұндағы апайларға бауыр басып өз сүйкімділігімен көзге түсіп бал қылықтарын көрсетіп жатады . Әрине әр бала өзіндік бір әлем . Баланың бақытты болуы ұйқысының тыныш , күлкісінің сыңғыр шығуы еліміздің амандығында , аспанымыздың ашықтығында .Осындай бейбіт заманда лайым бақыттың кілті әрқашан да балалық шақта болатынына сеніміміз мол болсын .





























































































Доклад тақырыбы : Дарынды балаларды ерте жастан дамыту .

10 минут . презентация арқылы .

Барлық жас ерекшеліктерін қамти отырып .

Бес білім саласын қарастыру .

Негізінен шығармашылыққа тоқталып , дәстүрден тыс сурет салудың түрлерін көрсету .

1. кіші топқа - шармен

2. кіші топқа - қармен

3.ортаңғы топқа - сүтпен - сұйық сабын , кофе , тұз

4.ересек топқа - пенамен , матаға узор салу арқылы .



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал