7


  • Учителю
  • Ашық сабақ Кұстар биздің досымыз

Ашық сабақ Кұстар биздің досымыз

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала





Қордай ауданы Жамбыл ауылыАшық сабақ Кұстар биздің досымыз

Мектеп алды даярлық тобының тәрбиешісі.

Жамбыл Жабаев атындағы №26 орта мектеп.

Ержанова Гүлнәр Бисенбаевна

Сауат ашу.

Тақырыбы./Дауысты дыбыстар./қорытындылау/. «Құстар біздің досымыз».

Мақсаты:Балаларды құстармен таныстырып,түсініктерін тереңдету,олардың түрлерін бір-бірінен ажыратуға,айтқанда зейін қойып тыңдауға үйрету,құстарға байланысты тақпақтар мен мақал-мәтелдер айтқызу,сұрақ-жауап,ойын,жұмбақ шешу арқылы тіл байлықтарын дамытумен бірге олардың бізге тигізер пайдасын айтып, ұлттық тәрбие негізінде еңбексүйгіштікке тәрбиелеу

Міндеттері:Озық технологиялардың әдістерін жабдықтарын қолдана отырып,баланың ой-өрісін ,дүниетанымын шығармашылық қабілеттерін сөздік қорын қиялын дамыту,түрлі қағаздан қараторғайдың ұясын жапсыруды , дауысты дыбыстарды меңгерту,экологиялық тәрбие беру.Құстарды қорғауға,оларға тиіспеуге,ұя жасап қарсы алуға тәрбиелеу.

Сөздік қоры:Жыл құстары

Билингвалды компоненттер:Перелетные птицы.

Қолданылаты әдіс-тәсілдер:әдеби монтаж,түсіндіру,сұрак-жауап,дид.ойындар.

Көрнекіліктер:интерактивті тақта,слайдтар,буклеттер, тиым сөздер,,әріп жазылған текшелер,құстардың сайрағаны жазылған үн таспа,суреттер.

Ұйымдастыру кезеңі:

Қозғаушы-мотивациялық.

Шаттық шеңбері:

Ашық сабақ Кұстар биздің досымыз





Амансың ба Алтын күн!

Амансың ба Жер Ана!

Амансың ба, достарым!

Амансың ба,құстарым!

Амансыңдар ма қонақтар!

Сендерді көрсем қуанам!

Негізгі бөлім:-Балалар қазір қай жыл мезгілі ?

-Көктем.

-Көктемде балалар бізге құстар жылы жақтан ұшып келеді.Туған жерін сағынып келген қанатты достарымыз құшақ жая қарсы алайық.

Мұғалім:Адамдардың хайуанаттар ішінен ең жақын көретіні -құстар.Олардың құбылтып салған әндері бізді сүйсіндірмей қоймайды. Қанатты достарымызды Республикамыздың қай жеріне барсақ та кездестіреміз.Өйткені,туған өлкенің жер жағдайы құстардың алуан түрлерінің тіршілік етуіне мүмкіндік жасайды.Сонымен бүгінгі құстар туралы сабағымызды бастайық. -Балалар бізге қонаққа- Табиғат ана мен Қарлығаш қонаққа келді,қане сәлемдесейік. (сәлемдесу.) Қарлығаш: Сәлем достар аман ба?

Мынау бейбіт заманда

Шат-шадыман көктемің

Шаттық болсын әманда.

Табиғат -ана :Сәлеметсіңдер ме, балалар.

-Балалар сендер бүгін біздің сүйікті достарымыз құстар туралы сабақ өткізеді деп сауысқаннан естіген соң,қарлығашты ертіп қонаққа келдім.

Қарлығаш: Балалар құстар туралы не білесіңдер бізге айтып беріңдерші.1топ-Үй құстары.Үй құстарын атайды.Әтеш,тауық ,қаз,үйрек,түйетауық.

2топ-Жыл құстары. Жыл құстарын атайды.

-Жыл құстары:қараторғай,тырна,көкек,қарлығаш,тоқылдақ.

3-топ-Қыстап қалатын құстар.Қыстап қалатын құстарды атайды:қарға,сауысқан,шымшық.

Әр топ құстарды атап береді.

Сөздікпен жұмыс: Жыл құстары-салқы жаққа ұшып кетіп, көктемде қайта ұшып келеді.

Жыл құстары туралы жұмбақ шешіп,сол сөзді буынға бөліп,дыбыстық талдау жасау,сөздердегі дауысты дыбыстарды атап ,текшеден құстардың атын жинау.



Ашық сабақ Кұстар биздің досымыз





Түсі қара мақпалдай,

Төсі ақ сыр жаққандай,

Ұшса оқтай зулайды

Көктен жұлдыз аққандай.(қарлығаш).

Мұғалім:-Қарлығаш адамға дос.Ол өзінің ұясын үйдің ауласына,үйге салады.



Қар-лы-ғаш

Қ-дауыссыз

А-дауысты

Р-дауыссыз

Л-дауыссыз

Ы-дауысты

Ғ-дауыссыз

А-дауысты

Ш-дауыссыз



Он екі айдың біреуі.

Сірә оның атында

Өзге ұяға із тастап

Мен депжар сап жүреді.(көкек).

К-дауыссыз

Ө-дауыссыз Көкек келсе, халық көктем келді дейді.

К-дауыссыз

Е-дауысты

К-дауыссыз

Көк-ек



Жырлаған талай ақындар

Құс патшасы осы құс.(аққу). Ақ-қу



Мұғалім:Аққу-көрсе көз тоймайтын сұлу құс.Ол киелі құс.Қазақ сұлу қыздарды аққуға теңеген.



А-дауысты,Қ-дауыссыз,У-дауысты.



Биікке салған ағаш үй

Сол ғой оның мекені

Жаздай сайран салып ап,

Қыста алысқа кетеді.(қараторғай). Қа-ра-тор-ғай.



Мұғалім:

Қараторғай-өзі кішкентай, пайдалы құс.

Ауылға қараторғай келісімен күннің көзі ашылып,күн жылынады.



Қ-дауыссыз

А-дауысты

Р-дауыссыз

А-дауысты

Т-дауыссыз

О-дауысты

Р-дауыссыз

Ғ-дауыссыз

А-дауысты

Й-дауыссыз



Дәптерменжұмыс.Дауысты дыбыстарды жазу. А,ә,о,ө,ы,і,ұ,ү,э,е,и,я,ю.



Дид.ойын: Сөз тап».Ойын шарты:Жуан,жіңішке дауысты дыбыстардан басталатын екі сөз ойлап табу,жазу.Текшеден сөз құрау.



ҰЛАР,ҮКІ. Ұ-Ү.





Ашық сабақ Кұстар биздің досымызАшық сабақ Кұстар биздің досымыз





Ашық сабақ Кұстар биздің досымыз

Сергіту сәті:Күн шықты,

Күн шықты,

Мен көрлім шымшықты

Мен шықтым,

Сен шықтың

Шымшық, шымшық

Ұяңнан сен шық!





«Мен құстарды жырлаймын» .Жыр сайысы.Құстар туралы тақпақ айту.



Қарлығаш.

Қарлығашпын мен

Адамның тұрағымын

Мекен етіп тұрамын

Тазалаймын үй ішін





Ашық сабақ Кұстар биздің досымыз

Аққу

Құс сұлуы аққумын

Табиғат көркін сыйлаған

Мылтығын кезеп еш мерген

Атуға көзі қимаған

Жырлаған талай ақындар

Нәзік үнді,көл көркі

Құс патшасы мен бола

Ашық сабақ Кұстар биздің досымыз





Қараторғай

Мен қараторғаймын

Шегірткеден қырғи болып қорғаймын

Егістікке,жайылымға

Қорғаушы боп тұрамын.



Тыныштық сәті: Үн таспадан құстардың сайрағанын тыңдау.

-Үн таспадан не естідіңдер? -Құстардың дауысын,сайрағанын.

-Әр құс әр түрлі сайрайды.Әке құстар ана құстарға ән айтып береді,мұнан соң олар бірігіп ұя салып,балапан шығарады.Қауіп-қатер төнгенде ана құстар шырылдап балаларын ескертеді.Құстар құрт-құмырсқаға,жемтікке таласқанда ащы айқай-шу шығады.







Жапсыру. Бейнелеу. Мүсіндеу.Қараторғайдың ұясы.Әр топ өз жұмыстарын көрсетеді.Топтық жұмыс.



Келші қараторғайым

Жем берейін қорғайын

Өзіңе арнап жасалған

Ұяң әне,дап-дайын.



Сабақты қорытындылау: Жыл құстарының атын орысша-ағылшынша айту.



Дид.ойын:Үй құстары,жыл құстары».Ойын шарты:Үй құстарын үйге, жыл құстарын талға жинау.



Қарлығаш: Табиғат -анаға балалар жасаған ұяны сыйлап: -Табиғат-ана сіз балалардың өте білімді,табиғатты,құстарды сүйетінін көрдіңіз,сондықтан сіз қараторғайдың ұяларын құстарға сыйлаңыз.Ал сендерге мен өз жұмыртқаларымды сыйлаймын.Әр қайсыңның аулаларыңдағы менің ұяма салып қойыңдар,мені күтіңдер мен келем,балапан шығарам.

Балалар сендер құстар туралы көп біледі екенсіңдер Табиғат-анаға құстар туралы мақал-мәтелдер айтып беріңдерші.



Аққу құссыз көл жетім,Айтылмайтын сөз жетім

Өлеңге енсе сөз сұлу,Аққу жүзсе көл сұлу

Қарға сұңқар болмас,Есек тұлпар болмас.

Табиғат-ана: Ұяны бұзбаңдар!Табиғатты қорғаңдар!Құстар -біздің досымыз!



Дауысты дыбыстарды қайталау,жыл құстарын қазақша,орысша,ағылшынша атау.



Тақпақ айту. Құстар- біздің досымыз

Шырқап әнге қосамыз

Құстар тойын құттықтап,

Ұя жасап ұқыптап,

Көктем сайын тосамыз.

Қуантамыз қорғаймыз,

Біз оларды қолдаймыз.Ашық сабақ Кұстар биздің досымыз

Ашық сабақ Кұстар биздің досымыз





























Cабақты қорыту үйге құстардың суретін салу.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал