7


  • Учителю
  • Технологическая карта на тему Бауырсақтың үйге оралуы

Технологическая карта на тему Бауырсақтың үйге оралуы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Бірінші кіші тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.



Білім беру саласы: «Шығармашылық» «Денсаулық»

Кіші сала: «Шығармашылық» Сурет салу. «Денсаулық» Дене тәрбесі

Тақырыбы: «Бауырсақтың үйге оралуы.»

Мақсаты: Заттарды салыстыру дағдысын дамыту.Балалардың геометриялық пішіндер жайлы білімдерін бекіту;дөңгелек,шаршы,үшбұрыш,тіктөртбұрыш.Ұқыпты жұмыс істей білуге үйрету.Есте сақтау қабілеттерін дамыту, ертегілерге деген қызығушылықтарын ояту.

Көрнекіліктер:Үлестірмелі карточкалар,Воскобович ойыны,интерактивтік тақтадағы суреттер.

Сөздік жұмыс: Айлакер,қуІс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Ата мен әженің жылап,балалардан бауырсақты тауып берулеріне көмек сұрағанын көрсетеді.

Ата мен әжеге аяушылық сезіммен қарап,көмектесуге келіседі.



Ұйымдастырушылық ізденіс

(Бауырсақ соқпақ жолмен домалап бара жатқанын көрсетіледі)

Балалар бауырсақ қайда кеткенін қарайық.

(Таңғалады)

-Балалар мынау не?

-Сәлеметсіз бе,Қоян!Сен бауырсақтың қайда кеткенін білесің бе?

Қоян:Білемін,бірақ сендер ең алдымен маған ,мына менің сәбіз бен алмамның қанша екенін санап беруге көмектессеңдер ғана, оның қайда кеткенін айтамын.





Балалар көмектесеміз бе?

(Әрбір баланың алдында жеке карточкалар)

-Қоянда қанша сәбіз бар,санаңдар?

-Қоянда қанша алма бар,санаңдар?

Салыстыру.

-Қайсысы көп,сәбіз бе әлде алма?

-Олар тең болу үшін не істеу керек?

























Қоян:Рахмет балалар,маған көмектестіңдер.Бауырсақ қасқырдың апанына қарай кетті.Сау болыңдар!









(Балалардың алдынан Қасқыр шығады)

-Сәлеметсіз бе,Қасқыр!Сен бауырсақтың қайда кеткенін көрдің бе?





Қасқыр:Көрдім,бірақ айтпаймын,ең алдымен мынаның не екенін тауып беріңдер.





Ойын:«Төлдерін тап»

Мақсаты: Үй жануарлары туралы білімдерін бекіту.





(Әуен қосылады)

















Қасқыр:Рахмет балалар,маған көп көмек тестіндер.Енді Бауырсақтың қайда кеткенін айтайын.Ол Аюдың апанына қарай кетті.

Сау болыңдар!





(Балалардың алдынан Аю шығады)

-Сәлеметсіз бе,Аю!Сен бауырсақтың қайда кеткенін білесің бе?

Аю:Білемін,бірақ сендер ең алдымен менің тапсырмамды орындандар,мынау қандай ертігілер?





Аю:Рахмет,балалар!Маған көп көмек бердіңдер.Бауырсақ Түлкінің ініне қарай кетті.Жол болсын!





(Балалардың алдынан Түлкі шығады).

-Сәлеметсіз бе,Түлкі!Сен бауырсақтың қайда екенін білесің бе?

Түлкі:Әрине, білемін!

Бірақ,оның қайда екенін

айтпаймын,ең алдымен менің тапсырмамды орындаңдар , сосын ойланып көремін.Мынау үзінді қандай ертегілерден алынған және немен аяқталғанын мазмұндап беріңдер?





Түлкі:Рахмет балалар,сендер менің тапсырмамды жақсы орындадыңдар,сол үшін мен сендерге бауырсақты қайтарып беремін. Сау болыңдар!

(Бауырсақты атасы мен әжесіне қайтарады).

Балалар топқа оралатын кез келд

Бауырсақтың қандай жолмен кетіп бара жатқанын мұқият қарайды.













Балалардың жауабы.

(Балалар қоянмен амандасады.)













Балалар қоянның тапсырмасын қызығушылықпен тыңдап,сәбіз бен алмаларын санайды

-Келіседі.









- Төрт сәбіз.(Барлығы төртеу).

-Үш алма.(Барлығы үшеу).









-Сәбіз алмадан қарағанда көп.

-Үш алмаға тағы бір алма қосу керек.Сонда төрт алма болады.Сәбіз бен алма тең болды.

-Бір сәбізді алып тастау керек.Сонда үш сәбіз болады.





(Балалар қоянға көмектескендеріне қуанады және ары қарай қарай бақылайды).

















(Балалар қасқырмен амандасады.)









Балалар Қасқырды мұқият тыңдайды.













Игровизордан үй жануалары атайды,игровизор арқылы төлдерін тауып,оның адамға пайдасы,қалай дыбыстайтыны туралы айтып,сызық арқылы белгілейді





(Балалар берілген тапсырманы өз беттерінше орындайды).

(Балалар Қасқырмен қоштасып,одан әрі бақылайды).













(Балалар Аюмен амандасады.)





Үйшік,Шалқан,Жеті лақпен қасқыр,Қызыл телпек,т.б





































(Балалар Түлкімен амандасады.)























































































Балалар қуанады.





























Сиқырлы музыка ойналады,балалар көздерін жұмады,топқа оралады).

Рефлексивті түзету

-Балалар бүгін біз не істедік?



-Қандай ертегі кейіпкерлерімен кездестік?

-Бірінші кімді кездестірдік?

-Онымен нені санадық?

-Қасқырға нені құрастырып бердіңдер?

-Ертегі үзінділері туралы тапсырманы кім берді?



Балалар бүгін сендер жарадыңдар,тапсырмаларды дұрыс және жақсы орындап шықтыңдар,ертегі кейіпкерлері сендерге риза болды.

-Бауырсақты атасы мен әжесіне қайтардық.

-Бауырсақ ертегісіндегі кейіпкерлерімен.

-Қоянды.

-Сәбіз бен алманы.

-Төлдерін ажырату



Түлкі.





Балалар қуанады.

Күтілетін нәтиже:



Ұғынады: Заттарды салыстыру дағдысын

Түсінеді: Геометриялық пішіндер жайлы

Қолданады: Ұқыпты жұмыс істей білуді

























Бірінші кіші тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.

Білім беру саласы: «Қатынас» «Таным»

Кіші сала: «Тіл дамыту» «Қатынас» Қоршаған орта «Таным»

Тақырыбы: «Ойыншықтар дүкені»

Мақсаты: Тәрбиешінің көмегімен қысқаша әңгіме құрастыру, «п,м,б» дыбыстарының айтылуын бекіту. Жануарлар мен оның балаларының іс әрекеті мен сапасын білдіретін сөздерді пайдалану.

Билингвалдық компоненті: Ойыншықтар - игрушки, дүкен -магазин.





Іс - әрекет кезені

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың іс әрекеті

Мотивациялық Қозғаушы

Таңғы шеңбер.

Балаларға көктем мезгілі жайында сұрақтар қою.

Балалар тәрбиешіні тыңдап, сұрақтарға жауап береді.

Ұйымдастырушылық ізденіс

-Балалар бүгін біз «Ойыншықтар дүкеніне» барып ойыншықтар сатып аламыз.

-Ойыншықтар дүкеніне барғанда бірінші не істиміз?

-Балалар дүкенде кім болады?

-Дүкенге немен баруға болады?

-Олай болса біз автобусқа мініп барайық.

Балалар міне ойыншықтар әлеміне келдік. Енді түсіп, сатушы апаймен амандасайық. Өздеріне ұнайтын ойыншықтарды атап таңдап, сұрайды.

Амина саған қандай ойыншық ұнайды?

-Қуыршақ туралы тақпақ білесіңбе?

Балалар тақпақтарын айтып, өздеріне ұнаған ойыншықтарды алады.

Балалардың қызығушылығы артады.





Амандасамыз.





Сатушы апай.





Автобуспен баруға болады.

















Сәлеметсізбе сатушы апай!





Машина, қуыршақ, аю, қоян, ыдыстар, доп, қайық ұнайды.

Біздерде бар қуыршақ

Бұзау, қозы, қуыршақ

Ойыншықтар тыңдайды

Әмір беріп бұйырсақ.

Балалар тақпақтарын қызығушылықпен айтады.

Алған ойыншықтарының түрін түсін сипаттап, әңгімелейді.

Рефлекстік - түзету

-Балалар біз енді балабақшаға қайтамыз.Тағыда келеміз. Енді автобусқа мініп, балабақшаға қайтамыз.



Балалар көңілді қоштасады.



Күтілетін нәтиже:

Ұғынады: Ойыншықтар неден жасалғанын.

Түсінеді: Оларды ұстап, айырмашылықтарын көру.

Қолданады: Көрсету, айту, атау, тусіндіру, қолмен ұстап көру.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал