7


  • Учителю
  • Сабақтың тақырыбы: 9 саны мен цифры Бұл сабақ мына мақсаттарды көздеді: а) 9 саны және цифрымен, оның құрамымен таныстыру, 9- ға дейінгі сандар бойынша есеп құрастырып шеше білуге, математикалық «үлкен, кең, кіші» таңбаларын дұрыс қол

Сабақтың тақырыбы: 9 саны мен цифры Бұл сабақ мына мақсаттарды көздеді: а) 9 саны және цифрымен, оның құрамымен таныстыру, 9- ға дейінгі сандар бойынша есеп құрастырып шеше білуге, математикалық «үлкен, кең, кіші» таңбаларын дұрыс қол

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: 9 саны мен цифры

Бұл сабақ мына мақсаттарды көздеді:

а) 9 саны және цифрымен, оның құрамымен таныстыру, 9- ға дейінгі сандар бойынша есеп құрастырып шеше білуге, математикалық «үлкен, кең, кіші» таңбаларын дұрыс қолдануға үйрету;

б) балаларды жылдамдыққа, шапшандыққа тәрбиелеу.

Әдіс- тәсілдер: көрнекілік, дидактикалық ойын көрсету, сұрақ - жауап, өлең.

Көрнекілігі: 1- 9 ға дейінгі сандар, үлестірмелі материалдар, дидактикалық ойындар, қасқырдың, Қызыл телпектің, үйдің суреті, дәптерлер.

Сабақ барысы: Кіріспе бөлім, ұйымдастыру.

Дидактикалық ойын: «Қай жануардың төлі?»

Мақсаты: ой - өрістерін дамытып, сөздік қоларын арттыру, сұрақтарға дұрыс және толық жауап беруге үйрету, жануарлар туралы түсінік беру.



Балаларға сұрақ:

  • Қандай үй жануарларын білесіңдер?

  • Қандай дала жануарларын білесіңдер?

  • Олардың қандай пайдасы бар?

Сабақты жалғастыру.

Тосын жағдай: Балаларға қасқырдың және Қызылтелпектің суретін көсете отырып қызықтыру.

  • Балалар, мынау не?

  • Дұрыс, қасқыр, Қызыл телпек.

  • Бұл қандай ертегінің кейіпкерлері екенін білесіңдер ме?

  • «Қызыл телпек» ертегісінің.

  • Қызыл телепек бізден көмек сұрау келіпті.

Қызыл телпек әжесінің үйіне бара жатқанда алдынан оған қасқыр кездесіпті

Қасқыр: Қызыл телпек, егер сен менің тапсырмамды орындасаң, мен сені жіберемін. Ал, егер тапсырманы орындай алмасаң, сені жеп қоямын. (Қасқырдың сөмкесін ашып ішіндегі тапсырмаларды оқиды).

1- тапсырма: 1-8 -ге дейін тура, кері санау.

Күрделірек тапсырма берейін.

2- тапсырма: «Шешімін тап». Мысалы, 3 + 3, 4 + 1, 5 + 4.

- Балалар, Қызыл телпек 5+ 4 тапсырмасын орындай алмады.

Сондықтан 9 санымен танысайық.







Негізгі бөлім.

  • Қазір сендерге өлең оқимын, мұқият тыңдаңдар.

  • Сегізден кейін тоғыз.

  • Алтыны төбесінен тұрғыз.

  • Сонда мен боламын,

Цифры тоғыз.

  • 8 санынан кейін 9 саны тұрады. 9 саны 9 бірліктен тұрады.

(1+1+1+1+1+1+1+1+1=9)

  • 9 цифрын тақтаға жазып көрсету.

  • 9 цифрын ауада жазу.

  • 9 цифрын дәптерге жазғызу.

Дидактикалық ойын: «Матеамтикалық таңбаларды қою».



Мақсаты: математикалық (үлкен, кіші, тең) таңбаларды дұрыс қолдана білуге, салыстыруға үйрету.



Ойын шарты: Тәрбиеші балаларға карточкалар таратып береді.

Балалар санап, салыстырып таңбаларды қою керек.



Сергіту сәті:

Қорбандаған аюдың,

Құлпынайы көп екен.

Теріп - теріп алайық,

Қалтамызға салайық.



Дидактикалық ойын: «Қанша сан болса, сонша нүкте сал».

Ойын шарты: Берілген карточкада, мысалы, 5 цифры болса оның қасына 5 нүкте салу керек, т.б.



Дидактикалық ойын: «Артық санды боя».



Ойын шарты: Карточкалар таратып беру. Орындау жолын түсіндіру.



Қорытынды бөлім.

  • Балалар, біз «9» санымен таныстық. Енді біз Қызыл телпекке жаңағы орындай алмаған тапсырманы орындауға көмектесейік.

  • Сондықтан 5- ке 4- ті қоссақ неше болады. Кәне, санайықшы!

  • Дұрыс, 9 болды.

  • Сонымен қасқырдың тапсырмаларын орындадық, енді Қызыл телпек әжесінің үйіне бара алады.

Сабаққа қатысқан балаларды мақтау, мадақтау.











 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал