- Учителю
- Ашық сабақ «Wild and domestic animals»
Ашық сабақ «Wild and domestic animals»
Бөлімі: |
Ағылшын тілі |
Білім беру саласы: |
Қатынас |
Тақырыбы: |
«Wild and domestic animals» |
Мақсаты: |
1.Үй жануарларымен жабайы аңдарды ажырата білуге үйрету. 2.Жануарларды, түстерді және 1 - 20 сандарын қайталау. 3. Эстетикалық тәрбие беру. 4.Үйренген сөздерді қолдана білу дағдыларын және тіл үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру. |
Оқу іс - әрекеттің өтілу барысы: |
Топқа бөлініп жарысу. |
Көрнекіліктер: |
Тақырыпқа байланысты слайдтар, орманның және ферманың суреті, үлестірмелі карточкалар, сандар жазылған жануарлардың түрлі-түсті іздері, жануарлардың суреттері жапсырылған төртбұрышты қораптар. |
Билингвалдық компонент: |
Wolf - қасқыр, fox - түлкі, bear - аю, rabbit - қоян, sheep - қой, cow - сиыр, horse - ат, dog - ит |
Hello, teacher!
I`m fine thanks.
Балалар екі топқа бөлінеді, топ басшысын сайлайды.
Шаттық шеңберіне тұрып «Good morning» тақпағын айтады.
Ұйымдастыру-іздестіру
- Балалар бізге бүгін қонаққа Rex келді.
Rex
- Hello children
- How are you?
- Балалар мен сендерге келе жатқанда орманға адасып кіріп кетіппін.
Орманда мен жылан көрдім. Жылан маған s - s - s - s - s деді.
Қорқып қашып келе жатсам, алдымда аралар dz - dz - dz - dz деп,
ұшып жүр екен. Кенеттен z - z - z - z деп мені маса шағып алды.
Қатты ауырғандықтан мен r - r - r - r дедім. Орманнан шығып едім
алдымды поезд t - d, t - d, t - d деп кесіп өтті. Осындай
қызықтарға тап болып мен сендерге қонаққа келдім.
Балалар мен сендерде жануарлар тақырыбында жарыс өтетінін естіп,
жануарлардың суреті бар екі қорап алып келдім.
Мұғалім:
- Жарайсың, Rex!
Біздің бүгінгі жарысымыз IV - кезеңнен тұрады.
I - кезең "Find and say» дидактикалық ойын.
Балаларға жануарлар тақырыбында слайд көрсетіледі.
Шарты: Балаларға жануарлардың суреттері беріледі.
Мұғалім:
- Балалар енді жапсырылған суреттерге қараңдаршы. Бізде қанша қой,
сиыр, жылқы, ит бар? Қане барлығымыз бірге санайық.
Балаларға ағылшын тілінде санап көмектеседі.
II - кезең «Find colors» ойыны.
Шарты: Жануарлардың іздері салынған түрлі түсті қағаздар жерге
қойылады.
Мұғалім:
- Балалар бұл ойынды бастамас бұрын біз аяқ қолдарымызды
жаттықтырып алайық.
Сергіту сәтін слайдқа қарап жасайды.
III - кезең. Жануарлар тақырыбында тақпақтар айтады.
Шарты: Екі топтан үш баладан шығып тақпақтар айтып жарысады.
IV - кезең «Help to the sheep» ойыны.
Шарты: Екі топқа жануарлардың суреті жапсырылған төртбұрышты қорап
беріледі.
Мұғалім:
- Жарайсыңдар балалар!
Well done!
Мұғалім жеңген топты жариялайды.
-
Hello, rex!
-
I`m fine, thanks!
Балалар жануарларды үй және жабайы жануарлар екенін ажыратып, тақтада алдын ала ілінген ферманың және орманның суреттеріне қолдарындағы жануарлардың суреттерін жапсырады.
Балалар санайды.
Балалар мұғалімнің айтқан түсін естіп, түсініп сол ізге тұрулары
керек.
Сергіту сәтін жасайды.
Тақпақтар айтады.
Балалар қорапты лақтырады және қандай жануардың суреті екенін айтады. Қай топ жаңылыспай жануарларды атаса, сол топ қойды қасқырдан құтқарады.
Рефлексивті - түзетушілік
Балалар, сендерге сабақ ұнады ма?
Good bye!
Иә.
Good bye!