7


  • Учителю
  • Жаңа жыл, келді! ертеңгілік сценари

Жаңа жыл, келді! ертеңгілік сценари

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Жаңа жылға арналған мерекелік ертеңгілік өткізілетін, әсем безендірілген, шамы өшірілген залға Ақшақар кіріп:

  • Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, ата -аналар және тәрбиешілер. Міне, көптен күткен жаңа жыл мерекесі келіп жетті. Бұл жаңа жыл мен үшін ерекше болмақ, себебі, біз жаңа жылды Мақта қыздың үйінде қарсы аламыз. Өйткені, Мақта қыз солай болуын тіледі. Бүгінгі кеш тілектердің орындалатын кеші емес пе?! Олай болса, бұл оқиға қалай басталғанын тамашалайық.

(Мақта қыз шыршанын қасында оянып...)

Мақта қыз: Мысығым, мысығым мұнда келші.....

Мысық: Мяу- мяу, неге шақырдың?

Мақта қыз: Мен ғажайып түс көрдім, соны саған айтайын деп шақырдым. Түсімде Аяз ата менің үйіме келді.(Мақта қыз сиқырлы таяқша тауып алады) Ой бұл менің түсім бе, әлде өңім бе? Сене алар емеспін. Бұл Аяз атаның таяғы ғой....

Мысық:Аяз атаның таяғы сиқырлы еді ғой....

Мақта қыз: Онда екеуміз тілек тілейік. Мен жаңа жыл кешінде Ханшайым сияқты сұлу болғым келеді.

Мысық: Мен тілек тілесем орындалар ме екен?

Мақта қыз: Әрине, орындалады!

Мысық:Мен Шопан атаны жақсы көрем, бірақ оларды өз көзіммен көрмеппін. Бүгінгі кешке солар келсе екен.

(Мысық пен Мақта қыз шыршаны артына кетіп, жарық жанады, сол кезде Мақта қыз - сұлу Ханшайымға айналады.)

Мысық:Мәссаған, Мақта қыз сен сол ертегідегі сұлу Ханшайымға айналдың гой.

Мақта қыз: Бұл сиқырдың күші, біздің тілегіміз орындалып жатыр. Әне біздің достарымызда келе жатыр.

(барлығы бірге билейді)

Мақта қыз: Достарым сендерді көргеніме өте қуаныштымын. Бәрің түгел келіпсіңдер ғой. Келіңдер жаңа жылды бәріміз бірге қарсы алайық.

Ән: « »

(орындықтарға отырады)

Шопан ата: Мақта қыз, біз бұл кешке құр қол келген жоқпыз. Біздің әніміз, біздің биіміз және жаңа жылға деген өлеңіміз бар. Келіңдер достарым, көрсетіңдер өнерлеріңді.

Балалар:

Жаңа жыл, жаңа жыл.

Жаңа жылда-жаңа жыр.

Жасыл шырша жанында

Жадырап бар бала жүр. (Меруерт)



Тамаша.тамаша!

Шыршамыз тұр жараса.

Басында әсем жұлдызы

Көз тоймайды қараса. (Айтуар)



Жылдың әнін бастайын,

Аяз- Ата кеп қалды.

Майысады жас қайың,

Көтере алмай көп қарды.



Бақша іші мереке,

Ойын күлкі асқақ ән.

Жақсы әпкелер жаңа кеп,

Мерекені бастаған.



Жаңа жылды қарсы алдың,

Мініп алып күймеге.

Мен де бүгін ән салдым,

Араластым биге де.



Оралдың өлкеме,

Жаңа жыл армысың.

Оранды ақ көрпеге,

Асқартау, қарлы шың.



Тілеймін бар әлемге,

Дос көп болсын жаңа жыл.

Ата әже, ата әже,

Құтты болсын жаңа жыл.



Келді тағы жаға жыл,

Қуантумен біздерді.

Құтты болсын қуаныш,

Құттықтаймыз сіздерді.



Жасыл желек жамылған,

Асыл моншақ тағылған,

Miнe, сұлу шыршамыз.

Көптен күтіт, сағынған,

Кел, балалар, келіндер,

Тамашаны көріңдер.

Қыз Ұлпақар: Достарым, бәріміз жиналдық, ал Аяз ата әлі келген жоқ, бәріміз бірге Аяз атаны шақырайық.

Ән: « Аяз ата»

Аяз ата, а-я-з а- т-а.....

(Аяз Ата! Аяз Ата! - деп айғайлап шақырады.Аяз ата Ақшақар және елфтермен кіреді)

Аяз ата: Аяулы аналарға,ардақты ұл-қыздарға

Бүлдіршін балаларға бip сәлем!

Қандай жарқын жүздерін,

Қандай әсем жырларың

Асаулармен алысқап,

Асау желмен жарысқан

Аталарың сендерге

Шаршап келді алыстан

Сәлеметсіңдер ме, балалар!

(балалар амандасады)

Аяз Ата: Рахмет,рахмет балаларым! Балаларым, Жаңа жылда орта келіп қолыпты ғой...

Ақшақар: Төрлет жаңа жыл.

Жаңа жыл:

Ұқсамайды бүгін,

Әр күнім айбынды көп.

Күлімдеп күн шығады,

Күшімнен түн шығады.

Сәлеметсіңдер ме, балалар!

(балалар амандасады)

Биыл менің жылым - қой жылы. Мен өзіммен бірге сіздерге денсаулық, бақыт, байлық әкелдім.

Ақшақар: Жаңа жыл кел төрлет, балалар сені асыға күтті. Балалардың саған арнаған билері бар екен.

Би: Шапан ата

Балалар: Аяз ата , біздіңде осы мерекеге арнаған өлең шумақтарымыз бар. Оны да тыңдай отырыңыздар.

Аяз ата: Қане, онда тыңдайық.

Балалар:

Ақ қырауға малынған

Сақалы да мұрты да.

Аяз ата сағынған,

Сәлем бepді жұртына.



Безендіріп шыршаны

Жыл қуантты баршаны.

Той-маскарад басталды,

Аяз оны басқарды.



Аппақ тонға оранып,

Базарлықты мол алып.

Келді алыс сапардан,

Аяз ата оралып.



Қалып едік сағынып,

Kүтіп алдъқ жабылып.

Жолын қойдық жарық қып,

Шыршаларға шам іліп



Аяз Ата ойды қырды

Аралап жүр түгел шолып.

Қарсы алғалы жаңа жылды,

Ол да көптің бірі болып.



Қайда қызық болса думан,

Аяз Ата сонда болды.

Күндіз үйде ойнап бізбен,

Балалармен бірге болды.



Жанадан тақпақ

Аламыз жаттап

Жаңа жыл келді

Жаңа жыл аппақ



Шыршаға бардық

Әсем ән салдық

Аяз атадан

Сыйлықтар алдық

Ақ таяғын таянып

Таңмен бірге оянып

Аяз ата келіп тұр

Ақ күпіге оранып



Аяз ата келді

Тамашаны көрді

Риза болып, қуанып

Бізге сыйлық берді

Көрдің бе Аяз атаны

Аппақ екен сақалы

Аппақ екен мұрты да

Аппақ екен шапаны

Сақалы аппақ күмістей

Тістері аппақ күріштей

Қызыл ала шапаны

Сағындым Аяз атаны

Аяз ата: Қане, тағы кімнің қандай өнері бар.

Б-р: Аяз ата біздің жаңа жыл туралы ағылшынша өлеңіміз бар.

Ән:

Қыз Ұлпақар:

Ауламызда ұшып жүрген,

Ақ мамықтай себелеп.

Ұлпа қарлар қайдасыңдар?

Көңіл көтер би-билеп.

Би: «Ұлпақарлар»

Аяз ата: Тамаша! Балалар, енді менің сендермен ән айтқым келеді. Ендеше бірге айтайық.

Ән: «Жаңа жыл»

Балалар: Аяз ата біздің жаңа жылға арнаған көңілді биіміз де бар еді.

Би: н.игрушки

Аяз ата: Ал балаларым, сендерге әкелген сыйлықтарым бар соны барып алайық, кеттік балалар соңымнан.(поезд.болып жүреді)













 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал