7


  • Учителю
  • Тәрбие сағаты Ұлы жеңіс жасасын!

Тәрбие сағаты Ұлы жеңіс жасасын!

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



Келісемін: Бекітемін:

Әдіскер м.а: Тайшикова А.Т Меңгеруші: Абдуллина Р.К

«___»____________2016 жыл «___»____________2016 жыл





Ұлы жеңіс жасасын!



Мақсаты: Балаларды адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Балаларды Ұлы Отан соғысымен, Қазақстандықтардың ерлік істерімен, таныстырып, ой өрісін дамыту. Балаларды үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Ұлы Отан соғысы туралы кітаптар, батырлар суреттері.

Тәрбиеші: Шаттық шеңбер:

Қане,қане тұрайық

Үлкен шеңбер құрайық

Он жақтағы көршіге

Сол жақтағы көршіге

Күлімсірей қарайық

Алақанда берейік

Амандасып алайық

Сәлеметсіңдерме, балалар!

- Балалар қазір қандай жыл мезгілі?

- Көктемде ауа райында қандай өзгерістер болады?

- Біз қандай елде тұрамыз?

- Президентіміздің аты кім?

- Бүгін қандай күн?



Тәрбиеші: 1941 жылы 22 маусымында ойламаған жерден немістер біздің елімізге шабуыл жасаған, яғни соғыс ашты.

Бұл соғыс Ұлы Отан соғысы деп аталды, әрі бұл соғыс 4 жылға созылды. Сөйтіп, 1945 жылы 9 - Мамыр күні біз фашистерді жеңіп шықтық.



Тәрбиеші: Соғыста Кеңес Одағының бірге біздің Қазақстан Республикасы да жан аямай шайқасты. Даңқты қарулы күштердің және еңбек армиясының құрамында млн қазақстандықтар болған. Ат ауыздығымен су ішкен, ер етегімен су кешкен сұрапыл соғыста ерлермен бірге қолдарына қару алып, Отанын қорғауға біздің батыр апаларымыз Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мамбетова ерлік көрсетіп, батырлықпен қаза тапты. Бауыржан Момышұлы екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, халық қаһарманы қазақтың көрнекі жазушысы.

- Балалар Отан - туған жер туралы тақпақтар.



Аружан

Отан үшін жанымызды береміз,

Отан үшін барлығына көнеміз.

Отаның да, ананың да алдында,

Осы өмірде парызды өтеп кетеміз.



Жанель

Туған жерде толамыз,

Ертең жігіт боламыз.

Отан ортақ үйіміз,

Көңілді ән мен күйіміз.



Рамазан

Отан - сенің, ата - анаң,

Отан - досың бауырың.

Отан - өлкең, астанаң,

Отан - аудан, ауылың.



Ельназар

Бақытты боп жүргенім,

Сенің арқан, Ұлы Отан.

Елім менің - тірегім,

Құшағынды гүл атам.



Вероника

Асыр салған таласып,

Біз туған ел - баласы.

Қандай байтақ - Отаным,

Жан - жағына қарашы.



Адильжан

Отаным - кең көсілген,

Төсінде ырыс өсірген.

Қаптаған шал, алып дән,

Бәрі менім несібем.



</ Ойын «Жұлдызды құрастыр»



Тәрбиеші:- Иә сұралып соғыс ешкімді аямады. Ана жарынан айырылды, бала әкесінен айырылды. Бірақ үміт оты еш өшкен жоқ. Бала әкесін күте күте берді.

Дүние жүзі халқы бостандық алды. Халық Отан ұғымың терең сезіне түсті. Қаһарман ерлік пен еңбек жеңіп шықты. Зұлымдық басқыншылық тізе бүкті. Бірлік, ерлік, халықтар достығы нығая түсті.

Арылтып жаудан жеріңді,

Табанға жаншып өлімді.

Жеңіспен желпіп өмірді,

Оралды ерлер көңілді,

Десеңдер бұл қай күні.

Тоғызыншы мамыр күні!

- Балалар жеңіс туралы кім тақпақ айтады.





Фариза

Әлия орыс қаласын

Азат етіп болды мерт

Ол жеңісті көрген жоқ

Келді кейін азат күн

Пулеметті сөйлетіп

Қорғады алтын бесігін

Ұмытпаймыз өрлетіп

Мәншүк апа есімін



Сагындык

Ернар Қызғанып, гүлін жасырып,

Қылтанақтар да көктеді.

Соғыстың соңғы көктемі.

Жап-жасыл шыбық, тал-дағы,



Акмаржан

Бұлт түнеріп аспаннан

Талай көзден жас тамды

Тұтқиылдан жау тиіп,

Қырғын соғыс басталды.

Ойын: «Жеңіс күніне арналған дұрыс суреттерді тап»



Жарас

Жерден , көлден. Аспаннан

Соқты жауды ел күнде

Отан үшін от кешіп

Жақындай түсті Берлинге!



Айша

Домбырада саусақтары жаралы,

Жеңіс, жеңіс атам әнге салады.

Шаршағанда аңсағанда жас шағым,

Жеңіс деген сөзден ләззат алады.



Дилнур

Ағайлардан, апайлардан, інімнен,

Жеңіс сөзін көп естідім мен бүгін.

Сәл күбірлеп жеңіс, жеңіс деп едім,

Жазылғандай әжем белі бүгілген.



Райхан

Жадыраңқы бүгін қабақ ашылған,

Жаса жеңіс мұң қайғыны қашырған.

Мен жеңістің көріп тұрмын алауын,

Жаңарладан алтын шуақ шашылған.

Асылхан

Жеңіс, жеңіс естіледі жалынды,

Жеңіс, жеңіс қоңыраулар қағылды.

Күн парақтар қып - қызыл боп ашылды.

Жеңіс келген тоғызыншы мамырды.



Тәрбиеші: Ұлы Отан соғысына қатысқан батырларымыз: Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Мәмбетова, Әлия Молдағұлова, Мәлік Ғабдуллин, Талғат Бигелдинов.

Ел алдындағы борыштарын өтеп, еліміздің амандығын, жеріміздің тұтастығын, қорғап қалған ерлерге тағзым етеміз. Олар еліміздің жарқын болашағын, жас ұрпақ өмірін, халықтың бақыты мен қуанышын сақтап қалды. Ардагерлер ерліктері арқасында біз осы күнге жеттік. Біздің өз қалауымызбен еркін өмір сүріп, шаттана күлгеніміз бәрі де сол Ұлы Отан соғысы жеңісінің жемісі. Әрине соғыс болмасын!

Біздер соғысқа қатысып батыр болмайық. Біз бейбіт күннің батырлары болуға тырысайық. Ел үшін аянбай еңбек етіп, білім, өз жеріміздің, патриоттары болайық.



Тәрбиеші: Балалар, біздің шекараны кім қорғайды?

Балалар: Солдаттар.

Жеңіс деген шат күлкісі баланың,

Тыныштығы жер мен жаһан даланың.

Жеңіс деген сылдыр күлкі, асқақ ән,

Тыныштығың сол Жеңістен басталған,- дегендей Әнімізді қабыл алыңыздар!

Ән: «Жауынгер сапқа тұр»



Тәрбиеші:

Осымен «Ұлы жеңіс - жасасын» атты тәрбие сағаты аяқталды.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал