7


  • Учителю
  • Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Құрастыру Тақырыбы: «Көбелектер»

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Құрастыру Тақырыбы: «Көбелектер»

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала





Білім беру саласы: Таным. Әлеуметтік орта.

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Құрастыру

Тақырыбы: «Көбелектер»

Мақсаты:

Балаларды көбелектермен, олардың қасиеттерімен таныстыру, білімдерін кеңейту; Балалардың өзіне және айналасындағыларға жақсы сезімін ояту, жәндіктерге сүйіспеншілігін арттыру, оларға деген қамқорлық сезімін ояту және жауапкершілікке, тірі табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс:Көбелектердің түрленуі, жұлдызқұрт, қуыршақ, жәндіктер.

Құрал-жабдықтар: Көбелектің суреттері, күріш, желім, сүлгі.





Жылулық шеңбер: «Сиқырлы гүл»

- Балалар, мен сендерге әдемі сиқырлы гүл алып келдім.

Балалар сиқырлы гүлді алып оздерінің тілектерін айтады.

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Құрастыру Тақырыбы: «Көбелектер»

- Балалар бұл сиқырлы гүл болғандықтан сендердің барлық тілектерін орындалады деп сенемін.

-Рахмет балалар. Осы жақсы көңіл күймен ашық оқу іс-әрекетімізді бастайық.

-Қане бәріміз орнымызға отырайық.

- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

- Көктем мезгілі

- Көктем мезгілінде неше ай бар?

- үш ай бар ( наурыз, сәуір, мамыр )

- Көктем мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?

Балалардың жауабы

- Жарайсыңдар, балалар!

- Қане балалар біз откен оқу іс-әрекетімізде нені құрастырдық.

- Машинаны

- Ал қандай машина түрлерін білесіңдер.

- Автобус, жүк көліктері, жеңіл машина.

- Дұрыс балалар.

- Балалар бүгінгі жаңа оқу іс-әрекетімізді бастамас бұрын мен сендерге жұмбақ жасырайын. Бәріміз бірге шешіп көрейік.

Қаны жоқ, жаны бар, гүл іздеп сабылар. (көбелек)

-Қане, бәріміз тақтаға қарайықшы, не көріп тұрмыз?

- Көбелектер

-Балалар көбелектер гүлдің шырынымен қоректенеді, көздерімен айналаны бағдарлайды. Олар қысқа өмір сүреді. Жапырақтарға жұмыртқалайды. Жұмыртқалардан жұлдызқұрт пайда болады, жіпке оранып, қуыршақ пайда болады, ол көбелектің үйі. Біраз уақыттан соң көбелек шығып, қанаттарын кептіріп, ұшады. Мұрттарымен иіс сезеді.

- Енді балалар мұнда қарайық көбелек түрлерін слайд арқылы тамашалайық.

Көбелекер гүлді шаңтозаңнан, күн ыссылығынан қорғайды екен. Олар түрлі-түсті болады екен балалар.

- Енді сендерге қызықты әңгіме айтып берейінші. Бір ертегі елінде көп әдемі гүлдер өсіп жатыр екен. Сол жерде көбелектер өмір сүреді екен.

- Балалар, көбелек әдемі, өте нәзік.

- Балалар, көбелекті шынымен ертегі еліндегідей шақырып көрейік. Мүмкін көбелек бізге ұшып келер.

- Қане, бәріміз бірге Көбелек, көбелек

Біздің баққа қона кет.

- Қараңдаршы көбелек бізге шынымен ұшып келген сияқты.

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Құрастыру Тақырыбы: «Көбелектер»

-Балалар көбелек қандай әдемі, қане бәріміз амандасайық.

- Сәлеметсіңдер ме балалар!

-Балалар, сендер білесіңдер ма мен сияқты көбелектер немен қоректенеді?

- Гүлдің шырынымен

- Ал жұлдызқұрттар немен қоректенеді?

- Жарайсыңдар балалар!

- Балалар сендер мен сияқты ұшу білесіңдерма?

- Қане бәріміз көбелектерше қанатымызды қағайықшы

Ал енді гүлге қонамыз.

  • Балалар сендер мен сияқты әдемі көбелектер құрастыра аласыңдар

ма?

  • Балалар көбелек еліне қуанышты, көңілді қайту үшін, біз әдемі етіп көбелектер құрастырып берейік.

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Құрастыру Тақырыбы: «Көбелектер»

  • Балалар біз көбелекті қағаздан немесе мозайкадан емес, ерекшелетіп боялған күріштен құрастырып көрейік.

Балалар жұмысын қадағалау, талдау жасау.

Көбелек жұмыстарына қарап балаларды мадақтайды.

  • Жарайсыңдар балалар! Барлықтарынның көбелектерін әдемі шықты.

  • Балалар біз бүгін нені білдік?

  • Олар қысқа өмір сүреме алде ұзақ өмір сүре ме?

  • Көбелектер қайда жұмыртқалайды?

  • Олар жәндіктерге жатады





Көбелек

  • Мен гүлдерімнен шырын жинап сендерге шырынды сыйлыққа алып келдім.

  • Рахмет сендерге балалар, сау болыңдар

  • Жарайсыңдар балалар бүгін барлығымыз жақсы жұмыс жасадық. Барлықтарынның көбелектерін әдемі шықты.

  • Балалар біз осы жәндік туралы көп білдік, осыны ойымызға сақтап жүрейік.

Келген апайларға көп рахмет!

Сау болыңыздар!











 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал