7


Ирга Біз шыныққан баламыз

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Мақсаты:балалардың өз бетінше дене шынықтыру жаттығуларымен айна-лысуын дағдыландыру,қимыл-қозғалысын арттыру,балалардың күшті, төз-імді,епті,дене бітімі түзу,әрі әдемі болып өсулеріне бағыт беру,спортқа деген қызығушылығын арттыру,алдарына мақсат қоя білуді,тез қимыл әрекеттерін істей алуға,зерек ойлануға үйретк.

Құралдар:шарлар,кольцо,секіру,жасау,құрастыру.

Жүргізуші:Құрметті қонақтар,ата-аналар,бүлдіршіндер,балабақша қызметкерлері!Денсаулық адам бақытының байлығы.Әрбір жасөспірімді сол бақытты уысынан шығармауға тәрбиелеуіміз керек.Дене тәрбиесі мен салауатты өмірді,денсаулықты,пайдалану жолында,балаларды жүректі, батылды,елжанды,парасатты,дені сау,бақытты азамат тәрбиелеудің бір шарасы «Біз шыныққан баламыз» атты спорттық сайысымызға қош келдіңіздер!Мұнда балалар өздерінің шапшаңдылықтарымен,жылдамдық-тарымен,ептілектерін көрсете отырып сайысқа түседі. Енді сайысқа түсетін командаларды қарсы алайық.

«Жүзден жүйрек» және Болашақ тобы.

Сайысты көріп әділ бағасын беретін әділ-қазылар алқасын сайлайық.

Әділ-қазылар төрайымы:

1.Балабақша меңгерушісі Бірмағанбетова И.Е.

2.Ата-ана Жолдасов Нұрбек

3.Ата-ана Сарманова Аймагүл апа

Енді сайыс түрлерімен таныс болайық. Сайыс он турдан тұрады:

1.Дене жаттығулары (музыкамен)

2.Топ аты,эмблемасы,ұраны және спорттық сурет.

3.Кольцомен жүру.

4.Кедергіден өту.

5.Шар жинау.

6. «Аққала» құрастыру.

7.Бір аяқпен секіру.

8.Шармен секіру.

9.Кім тез жеткізеді.

10.Сән үлгісі (спорттық киім)

«Болашақ»тобы: Босқа қарап тұрмайық.

Бағымыздың сынайық.

Намысты қолдан бермейік,

Жарыста озып шығайық!

«Жүйріктер» тобы : Жүлдеге қол созамыз,

Жүйрікпіз біз озамыз!

Жүргізуші: Жалқаулықты тастамаймыз,

Шынығамыз жастай біз.

Босқа тұрмай қанекей,

Жаттығуды бастаймыз!Ал енді сайысымыздың бастамас бұрын топтарымыздың жаттығу жасауға шақырайық.

Шарты:Жаттығу жасау (музыкамен).

Жүргізуші:Денсаулық-ол шыныққан.

Барлық денең мүшесі.

Денсаулық-ол тыныққан,

Жүйке-тамыр жүйесі-дей келе екінші бөлімімізге кезек берелік.2-ші бөліміміз «Топ аты,эмблемасы,ұраны және спорттық сурет».

Жүргізуші:Келіңіздер,келіңіздер,

Бұл жарысты көріңіздер!

Бізде бәрі жүйректер,

Күш сынасар алыптар. «Кольцомен жүру» сайысы.

Ойын шарты:Әр топ бүлдіршіндері кольцомен айналып,межеге дейін барып қайту керек.





Жүргізуші: Денсаулық-ол күлуің,

Көңіл-күйің жадырай.

Денсаулық-ол жүруің,

Ешбір жерің ауырмай. «Кедергіден өту» сайысы.

Ойын шарты:Балалар кедергілер арқылы,белгілі межеге дейін жүгіріп барып қайтады.

Жүргізуші:Қатар өскен құрдасқа,

Жарыс ұнап тұрмаспа?

Қуып жету жақсы ғой,

Озып шығу бір басқа. «Шар жинау»сайысы.

Ойын шарты:Әр топ,жерде жатқан шариктерді шелектеріне жинаулары тиіс.

Жүргізуші:Жарайсыңдар,балалар,ендігі сайысымыздың түрі «Аққала құрастыру».

Жүргізуші: Спорттық ойында,күш берер бойыңа.

Спортта ем болар,жаттықсаң ем қонар,-7-інші бөліміміз «Бір аяқпен секіру»

Ойын шарты:Бүлдіршіндер белгілі межеге дейін,бір аяқпен секіріп барып қайтады.

Жүргізуші:Кімдер жүйрік,өнерпаз білейікші,

Ептісі деп сайыстың жүрейіші. «Шармен секіру» сайысы.

Ойын шарты:Бүлдіршіндер белгілі межеге дейін шармен секіріп қайтады.

Жүргізуші: «Кім тез жеткізеді?» сайысы.

Ойын шарты:Межеге дейін жарысып,қос аяқтап секіріп барады да, қай-тарда жалаушаны алып жүгіріп қайтады.

Жүргізуші:Енді соңғы сайыстың түрі «Сән үлгісі».

Ойын шарты:Спорттық киім дайындау.

Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар,бүгінгі сайысымыз өте қызықты өтті.Екі топ бір-бірінен өткен қайсар,мықты,күшті,шымыр екен.Екі топқа алғысымызды айта отырып,жарыстарда тек сәттілік тілей отырып, бүгінгі көңілді жарысымызды аяқтаймыз.

Сыйлықтар,дипломдар табыстау.

Соңынан «Ән ұранды» хормен орындайды.











 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал