- Учителю
- Біріктірілген ашық сабақ Тақырыбы: ЖАБАЙЫ ЖАНУАРЛАР
Біріктірілген ашық сабақ Тақырыбы: ЖАБАЙЫ ЖАНУАРЛАР
Білім беру саласы: «Қатынас», «Денсаулық», «Шығармашылық»
Тақырыбы: Жануарлар
</ Мақсаты: Үй жануарлары және жабайы олардың төлдері туралы білімдерін бекіту, үй жануарларына байланысты сұрақ-жауап арқылы тіл байлығын дамыту. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру. Жабайы аңдар туралы мәлімет беру. Жабайы аң атауларымен сөз тіркесін құруға үйрету. Үй жануарлары мен жабайы аңдарды ажырата білуге үйрету. Жұмбақ шешу арқылы балалардың ой-өрісін кеңейту.Балалардың жабайы аңдар туралы білімдерін толықтырып, әңгімелей білу дағдыларын қалыптастыру. Сөздік қордың белсенділігін арттыру, тіл мәдениетін жетілдіру, қазақ тілін үйренуге ынталандырып қызықтыру, сөйлеу үлгілерін қалыптастыру.Танымдық белсенділігін қалыптастыру.
Қолданылатын көрнекі құралдар: суреттер, бейнесюжеттер
Қажетті құрал-жабдықтар: үлестірмелі карточкалар, плакаттар,
Әдіс-тәсілдер:сұрақ- жауап, түсіндіру,ойын, көрсету, сәйкестендіруІс-әрекет кезеңдері
мұғалімінің әрекеті
Балалардың іс- әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
Сәлемдесу, жылдың мезгілін, айын, аптаның күнін айту.
-Қазір жылдың қай мезгілі?
- Күз мезгілінде неше ай бар?
-Күз туралы қандай тақпақ білесіздер?
Тосын сый: «ДЫМБЫЛМЕС»
Дымбылмес келіп балалардан көмек сұрайды.
- Балалар, өткен сабақтардан білеміз, үй жануарлары туралы еске түсіріп, үй жануарлары туралы әңгімелейміз. Үй жануарларына не жатады?
Балалар амандасады, мұғалімнің сұрақтарына жауап береді.
- Күз.
- Күз мезгілінде 3 ай бар.
-Қыркүйек, қазан, қараша
- Жылқы, сиыр, түйе, қой ешкі.
Ұйымдастырушы-лық - ізденістік
- Үй жануарларының суреттерін көрсету.
- Мынау не?
- Ал енді мына бейнесюжетке қарайық.
Үй жануарларының дыбыстарын ажырату.(сюжет)
«Сәйкестендір» ойыны.
Жұмбақтар шешу.
Кішкентай ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар.
Өзі ширақ, өзі қу,
Жүрген жері айқай-шу.
Үстінен тоны түспеген,
Сонда да араз қыспенен.
Жабайы аңдар туралы баяндау.
Аю, қоян, түлкі, қасқыр туралы түсінік беру.
Дыбыстық жаттығулар:
Ян - ян - секендеген ақ қоян,
Ю - ю - ю - қорбандаған аю
Кі - кі - кі -айлакер түлкі
Қыр - қыр - қыр - көкжал қасқыр
Сергіту сәтін орындау.
Томпақтың сергіту сәтін орындау.
Ойын: «Суреттен жабайы аңдарды ажырату» .
Венн диаграммасы: Ит пен қасқырды салыстыру.
Суреттерге қарап, малдарды атайды.
- Мынау түйе.
Сұрақтарға жауап беруге тырысады.
Балалар сюжетте берілген тапсырманы айтады.
Балалар үй жануарларының төлін табады.
(қой).
(Түлкі)
(Аю)
Балалар тыңдайды.
Дыбыстық жаттығуларды орындап, тілдерін жаттықтырады.
Бейнежазба арқылы Томпақтың қимылын орындайды.
Балалар берілген суреттен аңдарды ажыратады.
Балалар тақтада тапсырманы орындайды.
Сурет бойынша артық затты айтады.
Рефлексиялық- түзетушілік
Ойын: «Не артық»
Ойын: «Жабайы аңдар немен қоретенеді?»(сәйкестендіру)
Сұрақ -жауап.
-Мынау не?
-Мынау не?
-Үй жануары мен жабайы жануарлардың айырмашылығы неде?
-Томпақ балаларға сыйлық беріп, қоштасады.
Бағалау.
Сәйкестендіру.
Балалар сұрақтарға жауап береді.
-Бұл- аю
-Ол- қоян.
Балалар жауаптарын айтады.
-Мұғаліммен қоштасады.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: жабайы аңдар туралы түсінік
Игереді: жабайы аңдардың түрлерін, «қ», «ә» әріптерін анық айтуға.