7


  • Учителю
  • «Наурыз- сүйікті мереке» ертеңгілік

«Наурыз- сүйікті мереке» ертеңгілік

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

«Наурыз- сүйікті мереке»

А.Орынбекова № 30 «Ұрпақ» балабақшасының тәрбиешісі.

Ақтөбе қаласы.

Шара қатысушылар: Жүргізуші,Алдар Көсе, Мырза-бай, Қыдыр ата, балалар.

Жүргізуші: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!

Босқа қарап тұрмаңыздар!

Наурыз тойы басталды

Көргендер де арманда,

Көрмегендер де арманда,

Қызықтан тыс қалманыздар!

Ән: «Наурыз»

Балалар! Бүгін ұлыстын ұлы күні. Ата-бабаларымыздың сөзімен айтсақ, ақ түйенің қарны жарылған күні. Наурыз мейрамы. Наурыз салтанаты.

Наурыз-жаңа күн, яғни жаңа жылдың алғашқы күні. Жыл басы. Бұл біздің халқымызда күн мен түн теңелер мезгіл-наурыз айының 22-ші жұлдызына сәйкес келеді. Бұл күні аталарымыз бен әжелеріміз үй-ұйді, ауыл-ауылды аралап, наурыз көжеден дәм тататын. Үлкен - кішіге ақ баталарын беріп ізгі тілек тілесетін.

«Ұлыс күні қазан толса, ол жылы ақ мол болар. Ұлы кісіден бата алса, сонда олжалы жол болар» деп нақыл айтып, ауыл арасын ауыз бірлікке, татулыққа, ынтымаққа шақыратын. Жыл басы- Наурыз күні айтылған бұл тілектер ақ болып, толық орындалады деп ырым ететін.

Ғасырлар бойына атадан балаға мұра болып жатқан дәстүрлі осы Наурыз тойы бүгін, міне тағы есігімізді ашып отыр. Наурыз тойында барша адамдар бір-біріне жылы тілектер айтып, жақсылық тілейді. Олар болса кезекті балаларға берейік.

Жанару: Уа, халайық, халайық!

Мұнда назар салайық,

Думандатып бақшамда,

Наурыз тойын тойлайық

Ақниет: Наурыз тойың, наурыз тойың,

Құтты болсын, халайық

Күй төгілсін, күй төгілсін,

Шырқап әнге салайық

Мади: Наурыз дәстүрім деп,

Адамдар ән салады.

Наурыз тойын еліміз,

Қуана қарсы алады.

Айсана: Құтты болсын мерекең,

Наурыз айы туыпты.

Әне, Наурыз келеді,

Әсемденер жер енді.





Нуриман: Ашық болсын күніміз

Ашылады нұрымыз.

Бай тұлғалы өңіде,

Айтылады жырымыз.

М.Даулет: Ал,халайық тұрмайық,

Әндетейік жырлайық.

Ырыс тілеп бұл жылға,

Жырдан шашу шашайық.

Айдын: Наурыз- көктем тойымыз,

Той дәмі мол тойыңыз.

Күн ұзарар жылынып,

Өсер біздің бойымыз.

Ән: «Наурыз мереке»

Би: « Қамажай»

Сахналық көрініс: «Алдар Көсенің су жаңа шапаны»

(Залдың әр тарапынан Алдар Көсе мен бай шығып төс қағысып амандаса бастайды)

Алдар Көсе: Бр-р-р! Суық! Бұл бай емес пе? Жаңа шапан киіп алған, бір тойдан келе жатқан болар! О-о, менің мына шақшадай басымда бір керемет жоспар пісіп қалды!

Ассалаумағайлейкум, байеке!

Мырза- бай: Алдар Көсе, сенбісің, амансың ба! Есіңнен адасқаннан саумысың.

Мынадай аязды күні жұқа шапан киіп әрі түймелерін ашып жүргенің не? Тоңған жоқсын ба?

Алдар Көсе: Несін сұрайсың, байеке! Бұл шапан сыйқырлы! Жел бір жағынан кіріп, екінші жағынан шығады, ал жылу бойында қалады.

Мырза- бай: Солай ма! Ендеше, мына менің шапаныма айырбастап алайын

Алдар Көсе: Жоқ! Бұндай шапан өзіме де керек.

Мырза-бай: Шапанға қоса атымды берейін!

Алдар Көсе: Жоқ-жоқ!

Мырза - бай: Тағы ақша берейін!

Алдар Көсе: Жарайды. Әйтеуір , қисынып тауып көндірдің ғой. (Алдар ақшаны, шапанды алып, байдың тұлпарына мініп алып , тайып тұрады. Бай Алдардың соңынан қуа жөнеледі. Алдар ортаға қайта оралады)

Алдар Көсе: Балалар, байды керемет алдап соқтым ба? Ендеше , сендерді ойынсауыққа шақырамын.

Ұлттық ойындар: Қол күрес, Арқан тарту.

Кезекті балаларға берейік.

Әділ: Күн мен түн теңелді,

Жер шуаққа кенелді,

Соны тойлар ел енді

Ақжол: Жарқырап тұр күніміз.

Жайқалсын жас гүліміз

Бақта бұлбұл сайрасын.

Нурдаулет: Сәнді көктем нұрымен

Наурыз тойы-жырымен

Көңіл гулдей жайнасын.





Нурислам: Жаңа жыл, жаңа жыл!

Бақыт жылы балғайсын!

Бізге беріп жаңа жыр,

Бізге алғыс алғайсын!

Каусар: Наурыз тойы салтымыз,

Аман болсын халқымыз,

Ұлыс оң болсын,

Ақ мол болсын!

Ансаған: Ұлыс бақты болсын,

Төрт түлік ақты болсын,

Ұлыс береке берсін,

Бәле-жала жерге енсін!

Жүргізуші: Бәйшешекпен білеміз,

Көктем келіп қалғанын.

Мәз боламыз , күлеміз,

Көрсек гүлдің жарғанын-дей келе, кезекті әнге берейік.

Ән: «Кәне қызық ойын бар»

Би: «Қара жорға»

Жүргізуші: Көктем келіп жер көгерді

Дала ғажап тұрды енді

Ауламыз да, алмамыз да

Құлпырды да гүлдеді

Ақ мол болсын!

Қайда барсаң, жол болсын!

(Ортаға Қыдыр ата кіреді, қонақтармен амандасып, батасын береді де, отырған қауыммен қоштасып шығып кетеді)

Қыдыр ата: Тыныш болсын даламыз,

Батыр болсын баламыз,

Уайым қайғы жоқ болсын,

Ақ дегенің көп болсын.

Ақ мол болсын!

Қайда барсаң ,жол болсын!

(Ортаға әже кіреді. Өзінің жылы тілектерін айтып шашу шашады)

Әже: Міне, мерекеміз де аяқталып қалды! Ұлыстың Ұлы күні баршаңызға зор денсаулық, ашық аспан, бақытты өмір тілеймін. Мерекелеріңіз құт- береке әкелсін!

Жүргізуші: Мінеки, қонақтар, біздің «Наурыз - сүйікті мереке» атты мерекелік ертеңгіліміз де аяқталды. Ел аман, жұрт тыныш болып, ашық аспан, отбасының қасында, шат - шадыман күн кешейік.























 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал