- Учителю
- Сенсорикадан ашық сабақ Көңілді ойындар
Сенсорикадан ашық сабақ Көңілді ойындар
КүніТаным
Бөлімі:
Сенсорика.
Тақырыбы:
Көңілді ойындар
Мақсаты:
Білімділігі: Балаларға сезім дамыту оқу іс - әрекеті бойынша өткен тақырыптарды еске түсіріп, білімдерін ойын арқылы жетілдіріп бекіту. Заттардың көлеміне, пішініне, түсіне қарай топтап ажыратып білуге үйрету.
Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер:
:Пішіндер, әр түрлі ойыншықтар, үлестірмелі құралдар
Мотивациялық -қозғаушы
Балалар, бүгінгі сабағымызға бізге қоян да қонаққа келемін деп, орманда адасып қалыпты. Қане, орманға барып оны тауып алайық
Ұйымдастыру
іс-әрекеті
- Балалар, орманға қандай көлікпен барайық?
- Олай болса, қане поезд болып тұра қалайық.
- Балалар, орманға келдік қане қарайықшы қоян қайда адасып жүр екен. Оңға қарайық, солға қарайық.
Балалар қоянды көріп тұрсындарма?
- Балалар, қоянмен амандасайықшы
- Өте жақсы, олай болса оны тобымызға алып кетейік. Қане, поезға отырайық.
Поезд қалай жүред?қала дыбыстайды?
(Пуф - чик - чик, пуууф - чик - чик)
.
- Жарайсыңдар, балалар бүгін біз жылдың басынан үйренген білімдерімізді ойын арқылы ортаға саламыз.
- Балалар, үстелдің үстіне қараңдаршы, қандай заттар тұр?
- Ендеше біздің бірінші ойынымыздың аты
Д/о. «Түсін ажырат» деп аталады.
- Балалар, қоянға мына шарлардың түсін ажыратуға көмектесейікші.
- Өте жақсы, түсін ажыраттық. Енді шарларға қарайықшы, шарларда суреттер бейнеленген екен. Бұл ненің суреттері?
- Дұрыс айтасыңдар олай болса, келесі
Д/о«Пішіндерді дұрыс орналастыр» деген ойын ойнаймыз.
- Өте жақсы, енді қоянның ойыншықтарына қарайықшы.
Келесі ойын
Д/о «Салыстыр» деп аталады.
- Балалар, мына ойыншық қалай аталады?
Мына машина қандай?
Ал мына машина қандай?
(Осылай барлық ойыншықтарды салыстырады)
- Мына доп қандай?
- Мұнда бір доп, ал мұнда қанша доп?
Олай болса, балалар сендермен осы доптар арқылы алақанымызға жаттығу жасап алайық.
Сиқырлы доптарды қолымызға алып доп туралы тақпағымызды айтайық.
Сергіту сәті
- көп доп.
Орындарынан тұрып, кішкентай доптарды қолдарына алып, тақпақтарын айтады. Жаттығуды тәрбиешінің қолына қарап жасайды.
Добым, добым домалақ
Қайда кеттің домалап
Үстел үстін бүлдірдің
Тәрелкені сындырдың.
- Өте жақсы балалар, келесі ойынымыз
Д/о «сәбіз теру». Қане, жылдам-жылдам қоянға сәбіз теріп берейік?
Музыка қосылғанда, балалар қоян сияқты секіріп сәбіз тереді.
- Балалар, менің қолымда неше сәбіз?
- Ал, сендер қанша сәбіз жинадыңдар?
- Өте жақсы
Мынау қояннан сендерге естелік сыйлық.
Машинамен,
ұшақпен, поезбен
әне ол ,қоян мен таптым
Ия
Сәлеметсінбе қоян
Ия алып кетейік
Чук-чук -чук-чук
Түс бойынша ажырату
- Біреу ғана.
- Көп
Рефлексивті-түзетуші
- Балалар, сабағымыз осымен аяқталды, айтыңдаршы, бүгінгі сабақ ұнады ма сендерге?
- Бүгін біз нені қайталадық?
- Қандай ойын ойнадық?
- Сендер сабаққа өте жақсы қатыстыңдар білімдеріңді көрсеттіңдер. Ал енді қоян орманға қайтам дейді. Оған «Сау бол» деп айтайық.
Күтілетін нәтиже:Пішіндерді. көлемді, санауды, салыстыруды.
Нені игереді:
Заттар көлемі бойынша үлкен және кіші болатынын, олардың түсі, саны болатынын
Нені біледі:
, есту, түсіну арқылы өз беттерімен іс - әрекет жасауды үйренді