7


  • Учителю
  • Утренник мини центра Золотая осень

Утренник мини центра Золотая осень

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Утренник мини центра Золотая осень





Тақырыбы: Алтын күз.

Мақсаты:Алтын күз меркесін өткізу.Күз туралы түсініктерін кеңейту.Балаларға меркелік көңіл күй сыйлау.

Көрнекіліктер: Залдың іші күз меркесіне сай безендірілген.Әдемі сазды әуен ойналып тұрады.

Жүргізуші:Армысыздар,халайық!

Бармысыздар,халайық!

Күзгі тойды жұп жазбай,

Бәріміз қарсы алайық!





Ортаға «Гүлдерай» тобын шақырайық.Залға балалар кіреді.Жарты шеңбер болып тұрады.

Би: «Жапырақтар»

Ән: «Алтын күз»

Жүргізуші: Құрмтті қонақтар,балалар! «Алтын күз» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!Балалар ,бүгін барлығымыз күз меркесіне жиналдық.Қонақтарда келді.Қарандршы айналамыз қандай әдемі.Айнала әр түрлі,әр түсті жапырақтар бар.Бірақ біздің мерекеге біреу жетеспейді.Сендер білесіңдер ме ол кім?

Балалар: Күз ханшайымы.

Жүргізуші:Ендеше Күз ханшайымын ортаға шақырайық.

Бірге:Берекелі күз келді,мерекелі күз келді.

Күз ханшайымы: Сәлеметсіңдер ме ,балалар!

Балалар:Сәлеметсіз бе,Күз ханшайымы!

Күз:Балалар мен өте көңілсізбің,жылағым келіп тұр. (жылайды)

Тәрбиеші: Саған не болды?Неге ренжіп тұрсын?

Күз:Қалай ренжімеймін,мені ешкім жақсы көрмейді.Құстардың барлығы жылы жаққа ұшып кетті.Көбелектер болса,қоңыздар болса барлығы жапырақтын астына тығылып қалды.Мен қатты ренжіп тұрмын.

Тәрбиеші:Күз ханшайымы сен ренжіме,қазір біздің балалар сізге тақпақтарын айтып береді.

Балалар тақпақтары:

1 Жемісі мол теретін

Күз дос екен бізбенен

Бәрін тауып беретін

Жомарт екен күз деген



2.Құстар қайтты ән салып

Бұлт шарлады аспанды

Қыс келді жар салып

Күзгі суық басталды



3.Жайдарлы жүз,жарық күз

Аяулы күз ,алтын күз

Дәнге толы ең далам

Дариядай шалқар күз



4.Құстар қайтты күз болып

Сұр бұлт жапты аспанды

Жапырақ түсіп ,гүл солып

Қыс ызғары басталды



5.Күзім -ау,күзім-ау

Мінезің бұзық-ау

Жаңбырың сіркіреп

Келгенің қызық -ау



6.Жетті желмен алтын күз

Жеміс жинау салтымыз

Жиын -терін болған соң

Той жасайды халқымыз



7.Сарғайды тоғай

Сап-сары маңай

Соңғы әнін айтып

Құс кетті қайтып



8.Алтын дәнді даласы бар

Ақ күмісті қаласы бар

Неткен сұлу ,неткен көркем

Осы менің туған өлкем





9.Алтын, сары,қызыл,көк

Алуан-алуан жапырақ

Күзгі бақтар күлімдеп

Көз тартады жалтырап





10. Көктемде егін егетін

Күзде жиып беретін

Біздің дала -бай дала

Алтын астық -айнала.



11.Берекесін сыйлауға

Өлкемізге күз келді

Жемістерін жинауға

Шақырады біздерді



12.Еңбек қызып қырларда

Бидай толды қырманға

Алтын таулар секілді

Сап-сары боп тұрғандай



13.Біреу астық түсіріп

Біреу бидай ұшырып

Жатқан мезгіл күз екен

Алдым соны түсініп



14.Қыстың жақын қалғаның

Жапырақтар білгендей

Желмен ұшып барады

Жерге қонып үлгермей.



15.Жапырақтар жамырап

Сайға барып бекінді

Анасынан ажырап

Қалған бала секілді



16.Ой,балалар,балалар.

Қоңырқай күз болыпты

Қурап жапырақ солыпты

Ел егін орыпты



17.Қамба толды астыққа

Алғыс саған алтын күз

Бір уыс дән шаштықта

Қап-қап қауын алдық біз



18.Мен шиемін,шиемін

Күннің көзін сүйемін

Қышқыл шырын менде бар

Төмен басты иемін







19.Е,балалар,балалар!

Аман болсың аналар!

Құстарда да ана бар

Құстарды да бала бар.



20.Қыры толы егіске

Бағы толы жеміске

Елді сыйға кенелтті

Қолы ашық періште.

Күз ханшайымы: Рахмет,балалар!Бірақ маған әдіде көңілсіз болып тұр.

Тәрбиеші:Ендеше балалар,Күз ханшайымын өзіміздің досымыз кірпімен таныстырайық.Кәнеки кірпіні ортаға шақырайқ.

Кірпі музыка әуенімен залға кіреді.

Кірпі: Сәлеметсіңдер ме,балалар! (қолында себет жемістермен)

Балалар:Сәлеметсізбе кірпі

Тәрбиеші:Кірпі біз сені бүгін Күз ханшайымымен таныстырамыз.

Кірпі:Сәлеметсіңбе Күз ханшайымы.

Күз ханшайымы:Сәлем , кірпі .Кірпі мен өте ренжіп тұрмын

Кірпі:Күз ханшайымы сен ренжіме,кәзір сенін көңілінді көтереміз.Біздің қыздардың орындауында

Ән: «Қуыршақ»

Күз ханшайымы: Балалар маған өте ұнады.Кірпі сен қандай әдемісің .Ой,ой,ой қолымды сен пісіп алдым гой. (жылайды)

Кірпі:Ой енді не істейміз балалар?Қалай жұбатамыз ханшайымды.Кәне балалар мүмкін ойын ойнап көреміз?Мен өзімен бірге ойын ала келдім.

Ойын: «Жапырақтар жинау»

Тәрбиеші: Күз, кірпі біздің балалар биді де жақсы билеіді.



Би: «Зонтик» қыздар.

Би: «Бағбаншылар» ұлдар.

Ән: «Отан»



Күз ханшайымы:Балалар, сендерге көп рахмет.Көңіл күйім көтерілді.Мен де бір ойын ала келдім.Ол ойын сендердің ата-аналарына арналған.

Ойын: «Кім жылдам?» (картоп аршу)

Күз ханшайымы: Балалар,менінде қайтатын уақытым келді.Көңіл күйім тамаша.Сендерге көп рахмет.Өте ақылды,талантты,өнерлі балалар екенсіңдер.Мен сендерге әкелген сыйымды кірпі екеуміз таратайық.(алма тарату)Келесі кездескенше сау болындар.

Күз ханшайымы мен Кірпі қайтады.

Тәрбиеші:Мектепке дейінгі білім беру бірлестігі арасында ұйымдастырылған

«Күз сыйы»тақырыбында өткізілген көрме байқауында қатысқан ата-аналар мен балаларға мадақтаманы тапсыруға директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Базаршина Жұлдыз Рамазановна ортаға шақырамыз.(марапаттау)

Бас жүлде: Смагулоава Айлин

1орын:Серікқазы Алижан , Рустамұлы Мейірбек

2 орын:Манат Еркебұлан , Базылхан Мейір

3 орын: Оразбек Қуаныш

Белсене қатысқан үшін:

Кәрімқызы Шұғыла

Жұлдыз Нұрдәулет

Кәкімғазы Аян

Кәдірбек Аружан

Серік Ажар

Нурахметова Фатима.

Тәрбиеші:

Келді міне алтын күз

Сары шашты жарқын жүз

Мол өнімді ісімен

Риза етіп халқын күз



Алтын күз мерекесі осымен аяқталды.Сау болыңыздар!

</



«Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының білім бөлімі»Мемлекеттік мекеме

« № 20 жалпы орта білім беретін дамыта оқыту мектебі»КММ





























«Алтын күз»

(ертеңгілік)





















Дайындаған: Кызаева А.М.

















2016-2017 оқу жылы



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал