7


  • Учителю
  • Сабак жоспары: І.Байжұманова «Күзде»

Сабак жоспары: І.Байжұманова «Күзде»

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Әлеуметтік орта

Көркем әдебиет: І.Байжұманова «Күзде»

Мақсаты:

А) Күз туралы түсініктерін бекіту.

Ә) Өлеңді тыңдап. Өз түсінігін жүйелі айтып беруге баулу.

Б) Табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру.



І. Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу: Балаларды шаттық шеңберіне тұрғызу.

- Балалар бүгін ерекше күн. Біздің оқу іс-әрекетімізге қатысу үшін қонақтар келіп отыр. Олай болса қонақтармен сәлемдесейік.

Арайлап таң атты

Алтын сауле таратты.

Жарқырайды қаламыз,

Жайнай түсті даламыз.

Қайырлы таң, достарым!

Кайырлы таң, апайлар!

- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

- Күз мезгілінің айларын кім маған айтып береді екен?

-Ал, осы күз мезгілінің ерекшеліктерін еске түсірейікші.

- Жақсы балалар, ал осы күз мезгіліне байланысты қандай мерекені өткіздік?

-Ендеше, осы мерекелерге байланысты немесе күз мезгіліне байланысты өлең-тақпақтарды кім айтып береді?

Нәзік:

Көбейді құт береке,

Астық толы қоймамыз.

Құтты болсын, мереке

Алтын күзді тойлаймыз!

Жеміс-жидек пісіп жатыр,

Түсіп жатыр бау-бақта,

Жапырақтар ұшып жатыр,

Ұшып жатыр жан-жаққа.

Ильяс:

Алтын, алтын сары алтын,

Алтын күнде нұр жатыр.

Ақ бидайды оратын,

Алақай-ау күн жақын.



Көктемде егін егетін,

Күзде жинап беретін,

Біздің дала бай дала,

Алтын астық айнала.

Ақерке:

Карашы күз келді, күз келді,

Сары алтын жауыпты іздерді.

Құс біткен керуен түзеді,

Көңілсіз неткен күз енді.

ІІ- жаңа сабақ

  • Өте жақсы балалар, Сонымен күз мезгілі бізге қандай сый береді екен?

  • Ендеше, балалар, бүгін біз І. Байжұманованың «Күзде» өлеңімен танысып, жаттаймыз.

«Күзде» өлеңін 2-3 рет оқу (слайд арқылы көрсете отырып)

Күзде

Алма пісіп, алмұрт түсіп,

Күзде бақтар жайнайды.

Құстар қайтып, қош айтысып,

Қимас үнмен сайрайды.

  • Балалар, өлеңде не туралы айтылған? (күз туралы)

  • Жемістер қайда өседі? (бақта өседі)

  • Құстар қай жаққа ұшып кетеді? (Жылы жаққа).

Сергіту сәті:

Жаңбыр, жаңбыр жауасың

Жанымызға дауасың,

Біз ойнайтын ауланың

Тазартасың ауасын.



ІІІ-Ғажайып сәт:

Топқа қолында қопыраған қағаздары бар, басы салбырап Дымбілмес кіреді.

  • Сәлеметсің бе, Дымбілмес, сен мұнда қайдан жүрсің?

  • Сәлеметсіз бе апай, сәлеметсіңдер ме балалар. Апай маған мұғалімім мына көкөністер мен жемістерді ажыратып алып кел деп тапсырма берген болатын. Ал мен болсам кайсысы көкөніс, қайсысы жеміс екенін айыра алар емеспін. Балалар, өтінемін, сендер маған көмектесесіңдер ме?

  • Қане, балалар Дымбілмеске көмектесейік.

  • Жемістер қайда өседі? (Ағашта)

  • Жемістерді бізге кім атап береді?

  • Көкөністер қайда өседі? (бақшада)

  • Енді көкөніске нелер жататынын кім айтып береді?

  • Міне, көрдің бе, Дымбілмес, біздің балалар айырып айтып берді. Енді сенің қалай түсінгеніңді тексеріп көрейік. Көкөністің суреттерін себетке саламыз, ал жемістерді шыны ыдысқа саламыз. Сен тақтаға шығып орындайсың, ал балалар орындарында отырып орындайды.

(Балалар алдарындағы карточканы алып айырып салады)

  • Кане, балалар, Дымбілмес тапсырманы дұрыс орындады ма, тексеріп көрейік. Қатесі болса түзетеміз.

  • Жақсы балалар тапсырманы жақсы орындап шықтыңдар, Дымбілмеске көмектестіңдер.Енді алдарыңдағы дәптердің бетін ашып, келесі тапсырманы орындайық.

  • Дымбілмес, сенде балалармен бірге келесі тапсырманы орындап көр.

Дәптермен жұмыс:

Берілген тапсырмадағы көкөністерді тауып, қоршап белгілеу.

Дымбілмес балаларға көрсеткен көмегі үшін рахмет айтып, шығып кетеді.

ІІІ-қорытынды:

  • Балалар, күзде пісетін көкөніс пен жемістер де, орылған егіндерде барлығы үлкен еңбектің арқасында келеді. Біз оларды күтіп-баптасақ, жемістер бізге мәуесін береді. «Еңбекпен келген жемістің дәмі тәтті» деген мәтел осыдан қалған.



































Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын.

№29 «Нұрсая» бөбекжай балабақшасы



















І - педогогикалық кеңес

«Күзде»

(ашық шара)

















№4 «Күншуақ» ортаңғы тобы

Тәрбиеші: Аманиязова З.С.



























Атырау 2015ж



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал