7


  • Учителю
  • Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Ашық сабақ.Тақырыбы: «Күзгі орманға саяхат» Бөлімі: Тіл дамыту, экология нездері, құрастыру.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Ашық сабақ.Тақырыбы: «Күзгі орманға саяхат» Бөлімі: Тіл дамыту, экология нездері, құрастыру.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Ашық сабақ Тақырыбы: «Күзгі орманға саяхат»

Бөлімі: Тіл дамыту, экология нездері, құрастыру.

  • 4-5 жастағы балалардың ұсақ қол моторикасын дамыту;

  • Тақпақтарды, саусақ ойындарын тәрбиешінің артынан қайталап айтып, есте сақтауды үйретуді жалғастыру. 4-5 жастағы балалардың белсенді сөйлеуін дамыту. Тақпақ мазмұнын түсініп эмоционалды қабылдап, мәнерлі сөйлеуін дамыту.

  • Күз мезгілі, күзгі құбылыстар туралы білімдерін бекіту, ормандағы аңдардың тіршілігі туралы білімдерін толықтыру, «күз» тақырыбына сөздік қорын байыту, зат есімдерге сын есімдерді дұрыс табу.

  • Қағазбен дәстүрден тыс жұмыс түрлеріне қызығушылықтарын дамыту - қағазды кішкентай кесегіне дейін саусақтарымен үзу, умаждау.

  • Қазаздан жасалған кішкентай кесектерін желімдегенде ұқыптылық таныту.

  • </<font face="Times New Roman, serif">Жасап жатқан ісінің процессіне және нәтижесіне қызығушылық арттыру, бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

Балалар залға кіреді (күзгі орман)

Т: Орман қандай керемет,

Сары түске боянды.

Қызыл- жасыл жапырақтар,

Бір ұшып, бір қонады





Дауысыңды қайталап жырақта,

Айнытпай жеткiзер құлаққа. (Жаңғырық)

Т: Балалар, орманда жаңғырықпен ойнайық па? Мұқият тыңдап, жаңғырық сияқты жауап беріңдер.





Т: Қандай көңілді жаңғырық бізбен ойнады. Ал енді жұмбақ жасырамын

Дала тегіс сарғайды,

Шаруа қысқа қамданды.

Күн қысқара бастады,

Тауға тұңғыш қар жауды.(Күз)

Т: Балалар, айналаға қарап, біздің орманда қай мезгілі екенін айтыңдаршы?

Т: Кім маған күз мезгілі туралы өлеңдер айтып береді?

Т:Жарайсыңдар, балалар, күз туралы өлеңдер әдемі екен. Ал енді күзгі картинаны жинайық. (әр бала орнында фланелеграфта ағаш оған жапырақтар, бұлт оған жаңбыр, тамшылар, ұшып бара жатқан құстарды кұрайды)

Т: Картиналарыңа қарап күз мезгілінің құбылыстарын есімізге түсірейік.

  • Күн суыта бастады.

  • Күн бұлтқа тығылып, жерді аз жылытады.

  • Аспандағы бұлттар қапқара.

  • Жиі-жиі жаңбыр жауады.

  • Ағаштағы жапырақтар түсі.

  • Ағаштар жапырақсыз.

  • Шөптер сарғайды, гүлдер солды.

  • Құстар жылы жаққа ұшып кетеді.

  • Аңдар қысқа дайындалады.

Т: Қандай әдемі ағаш құрастырыпсыңдар. Қазір біз біздің ормандағы ағаштар туралы айтып көрсетеміз.

Саусақ ойыны:

Орманда ағаштар өсіпті,

Желмен достасыпты олар.

Ақырын самал жел үрлесе,

Ағашта әрбір жапырақ қозғалар,

Ақырын-ақырын дірілдеп.

Нәзік әндерін орындар.

Ш-ш-ш

Т: Балалар, біз орманға келіп, бір аңды да кездестірген жоқпыз ғой. Олар қайда екен?

Б: Олар қысқа дайындалып жатыр.

Т: Мына тұмаршадан ненің құлағы көрініп тұр?

Балалар аюдың маскасын тауып алады.

Т: Мынау ненің құлағы? Аюдың құлағы қандай?

тәрбиеші бір балаға кигізеді.

Т: Аю қысқа қалай дайындалады?

Б: Өзіне апан дайындайды, жеміс-жидекпен, балмен қоректенеді, ал қыста ұйқыға жатады.

Тақпақ+саусақ жаттығуы

Қорбаң, қорбаң етеді

Тәтті жақсы көреді (Аю) саусақтарымен аюды көрсереді

Мен аюмын , аюмын,

Орманда мен тұрамын.

Қыс мезгілі келгенде,

Қар астында ұйықтаймын.

Т: Шыршаның астында не жыбырлайды? (Кірпінің маскасын алып шығады) кірпінің құлағы қандай? (кішкентай, қара)

Бір балаға кигізеді

Бала кірпі:

Жазда саңырауқұлақ жинаймын,

Тышқандарды аулаймын.

Демалмасам болмайды,

Менде қыста ұйықтаймын.

Т: Балалар, кірпі қысқа қалай дайындалады? (өзіне ін қазып, ұйықтайды)

Т: Бұтақтан бұтаққа секірген мынау ненің құлағы?

Б: Тиіннің

Т: Тиін қысқа қалай дайындалады?

Ол ағаш қуысында тұрады ,жаз бойы қуысына жаңғақтар, саңырауқұлақтар жинайды,қыс болғанда жинаған азығымен қоректенеді.

Тиін бала: Мен тиінмін , тиінмін

Қысқа жылы киіндім

Қоймам толы жаңғаққа

Іші жылы үйімнің

«Шыбынжұт» саусақ жаттығуы

Шыбынжұт - қып-қызыл түсті,(саусақ ұштарын бір-біріне түйістіріп, саңырауқұлақтың қалпағын бейнелейміз)

Ақ теңбіл дақтар қаптағак үсті. (бір қол «саңырауқұлақтың қалпағын» бейнелейді, сұқ саусақпен «дақтарды» көрсетеміз )

Әдемі өңі, жұлмаймыз бірақ. (сұқ саусақпен сес көрсетеміз)

Себетке жинап алмаймыз оны. (алақанды өзіне теріс қарата ұстау - кері итеру ишарасы)

Т: Балалар, мен сендерге біздің ормандағы достарымызға сый сыйапат көрсетуге ұсынамын. Бәріне шетен ағашының бұтақшасын сыйлайық. Үстелдерге отырыңдар сенде аю, сенде кірпі, сенде тиін.

Балалар майлықтарды үзіп алып саусақтарымен умаждап кішкентай домалақ кесектер жасайды, суреттегі шетен ағашының бұтақшасына желімдейді.











































































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал