- Учителю
- Жаратылыстану пәнінен сабақ жоспары Өсімдіктер қалай өсуді ұнатады
Жаратылыстану пәнінен сабақ жоспары Өсімдіктер қалай өсуді ұнатады
Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімдері: Жаратылыстану
Тақырыбы: Өсімдіктер қайда өсуді ұнатады?
Мақсаты: Балаларға өсімдіктер әлемі жайында түсінік беру. Бау -
бақшада өсетін жеміс - жидектерге тоқталу, жылдың қай мезгілінде
өсетінін балаларға түсіндіру. Балалардың көргендерін өз бетінше
айтуға үйрету.
І кезең
Дәлелдеу - ояту
Жылулық шеңбері:
Қуыр, қуыр қуырмаш,
Балапанға бидай шаш,
Бас бармақ, Сен тұр - қозыңа бар!
Балалы үйрек, Сен тұр - лағыңа бар!
Ортан терек, Сен тұр - құлыныңа бар!
Шылдыр шүмек, Сен тұр - бұзауыңа бар!
Кішкене бөбек, Сен тұр - ботаңа бар! Балалар бір - біріне қарама -
қарсы тұрып саусақ ойынын ойнайды.
II кезең
Іздену, ұйымдастырушы Өсімдіктер қайда өсетіні жайлы әңгімелесу.
Жемістермен көкөністердің қайда өсетінін айту.
Тәрбиеші: Балаларға бау - бақшада, ағашта өсетін өсімдіктердің қай
мезгілде отырғызып, қай мезгілде пісіп, қай мезгілде жинап
алынатынын көру үшін «өсімдіктер әлеміне» саяхатқа баратынын
хабарлайды. Саяхатқа барғанда балалар кедергілерден: судан,
көпірден, ұзын - қысқа ирек жолдардан өтеді. Көктем, жаз, күз
мезгілдеріне кездеседі.
Тәрбиеші: балалардың назарын горшокте енді өсіп келе жатқан жуаға,
бұрышқа аударады. Өсімдіктердің қалай өсетінін айту, оларға қандай
күтім керектігін әңгімелеу, су құю, дән дақылдарды көрсету.
Қатты желден, жаңбырдан сақтану үшін не істеу керектігін айту.
Бүршік жарып келе жатқан ағаштардың суретін көрсету, олардың
жапырақтары, көшеті, мұртшалары, сабағы арқылы көбейетінін, жарыққа
қарай жылжи алатыны, өрмелейтіні, жармаласатыны, бұрылатыны, кейбір
өсімдіктердің гүлдері кешке жабылып, таңертең қайтадан ашылатыны
туралы түсіндіру. Өсімдіктердің иісі болады, гүлдейді, жеміс
береді, өсуі мен жағдайының жақсы болуына жарық, ылғал, ауа,
қалыпты температура қажет екенін таныстыру. Адамдардың күтімінсіз
бөлме және бау - бақша өсімдіктері ауырады, солады, қурайды,
сарғаяды, өліп қалады. Бөлме және бау - бақша өсімдіктерін өсіруге,
оларды күтіп - баптауға талпындыру. Ағаштың діңін, жапырақтарын,
бұтақтарын, гүлдің сабағын, жапырақтарын, гүлдерін тауып айтуға
үйрету.
Өсімдіктердің суреттеріне қарап өзінің түсінгенін әңгімелеу.
Өсімдіктер қалай өседі екен?
Оларға қандай күтім жасауға болады?
Жылдың қай мезгілінде отырғызу керек?
Сұраққа жауап бергенде қиналған балаға жеке көмек көрсету.
Тәрбиеші:( Жаз мезгілі) (судан өтіп) балалардың назарын ағашта өсіп
тұрған жемістерге аударады.
Мынау не?
Сендер қалай ойлайсыңдар, неліктен оларды жемістер деп атайды?
Жемістер қай мезгілде піседі, қай мезгілде жинап алады?
Оларға қандай күтім керек?
Ағашта өсіп тұрған жемісті үзіп алып жеуге болама?
Жеміске құрт түспеу үшін бақшашылар не істейді?
Балаларға жемістерге қандай күтім керектігін, олардың пайдасын, қай
мезгілде жинап алатынын, қайда сақтайтынын, т. б. әңгімелеу.
Күннің пайдасын айту.
Жемістер туралы тақпақтар оқу.
Сергіту сәті: Орнымыздан тұрайық,
Гүлдерге су құяйық
Орнымыздан жылжиық
Басқа гүлге құяйық!
Тәрбиеші: ( Күз мезгілі) (ұзын ирек жолдан өтіп) балалардың назарын
егістікте өсіп жатқан көкөністерге аударады. Оларды қалай еккенін,
қалай күтім бергенін балалардың өз білгенінше әңгімелеп беруі.
Тәрбиешінің толықтыруы. Піскен көкөністерді теріп жатқан егіншілер
туралы айтып беру. Көкөністер туралы тақпақ оқу, суреттерін
пайдаланып жұмбақ құрастыру. Табиғат құбылыстары туралы айту.
Тәрбиеші: (қысқа ирек жолдан өтіп) балалардан «Өсімдіктер әлемінен»
алған әсерлерін сұрайды. Өсімдіктердің қалай өсетінін көргендерін
сұрау.
Көпірден өткеннен кейін не көрдіңдер?
Ол қай мезгіл?
Судан өткеннен кейін не көрдіңдер?
Ол қай мезгіл?
Ұзын ирек жолдан өткенде не көрдіңдер?
Ол қай мезгіл?
Жыл мезгілдері туралы жұмбақтар шешу. Әңгімені мұқият тыңдады.
Балалар қуана келісті.
Топырағын қопсытып, уақытында суғару.
Сұрақтарға толығымен жауап бере білді.
Тақпақтарды мәнерлеп оқи білді.
Өсімдіктер туралы білгендерін айта білді.
ІІІ кезең
Рефлексивті - түзету Балалар біз бүгін қандай жыл мезгілдерімен
кездестік. Не туралы әңгімелестік. Өсімдіктер қайда өседі екен?
Оларға күннің қандай пайдасы бар, тағы не үйрендіңдер? Балаларға
мадақтаулар айтып келген қонақтармен қоштасу.
Қол ұстасып тұрайық,
Шеңберді біз құрайық.
Көріскенше күн жарық,
Сау - саламат, болайық! Өсімдіктер туралы өз ойларын айтуы.
Күтілетін нәтиже:
Білді: Балалар өсімдіктер әлемі жайында
Игерді: Бау - бақшада өсетін жеміс - жидектердің түрін, қалай
өсетінін, қандай күтім керектігін
Меңгерді: Өсімдіктердің қайда өсетінін, қандай күтім керектігін өз
бетінше айтуды