- Учителю
- Конспекты по казахскому языку на тему Әжелер сайысы
Конспекты по казахскому языку на тему Әжелер сайысы
Тақырыбы: «Қарты бардың қазынасы бар » әжелер сайысы
Мақсаты: Бүлдіршіндерге ата-баба дәстүрін насихаттап,
әжелерден тәлім-тәрбие алып, олардың көрсеткен ұлттық рәсімдерін
естеріне сақтап тәлім-тәрбие алу.
Кіріспе сөз.
Құрметті
келген қонақтар, асыл әжелер, кішкентай бөбектер сіздерді ұлыстың
ұлы күні Наурыз мерекесімен құттықтаймыз. Осы Наурыз мерекесіне
арналған «Әже мен немере» сайысына қош келдіңіздер. Сайысымызға 5
әже немерелерімен келіп отыр, қошеметтеп қарс алып отырайық.
Армысыздар,жамағат!
Ару көктем,әз Наурызым,ақ күнім,
Ала келген бар әлемнің шаттығын.
Қазан-қазан көже жасап,
Азан-қазан көңілменен күй кешу.
Біздер үшін бақ бүгін - дей келе әдемі әуенмен, қошеметпен
әжелерді немерелерімен ортаға шақырайық.
1. Айдархан Айзере - Шарипа әжесімен
2. Әбдразақ Мерей - Шарипа әжесімен.
3. Аділбек Айдын - Ұлман әжесімен.
4. Айару - Ләззат әжесімен.
5. Кәрібай Диас - Қалдыгүл әжесімен
Өткізу барысы.
І. Таныстыру.
ІІ. Сыр сандық (ұлттық рәсімдерді көрсету.)
ІІІ. Өнер көрсету.
V. Ұлттық тағамдар.
Байқауымызды бастамас бұрын төрелік етуші әділ- қазылар
алқасын(сайлап)таныстырып өтейік.
1. Балабақша әдіскері- Гаухар Адырбекова
2.«Балапан» тобының тәрбиешісі Жансая Асанқызы
3. Ата-аналар атынан - Ақпанбет Салтанат.
І. бөлім. Таныстыру.
Әжелер мен немерем келіп жетті танысуға,
Сыпырды толмағасын осы дұға.
Қызып келген қырандай керілтеді.
Әдеппенен, ізетпен танысуға-дей келе әжелер, немерелермен бірге
өздерін таныстырып өтсін.
ІІ. бөлім Сыр сандық (ұлттық рәсімдерді көрсету.)
Бұл сыр сандықшада ұлттық салт-дәстүріміздің өткізу
рәсімдері жазылған осы сандықшадан алып соны көрсетіп,айтып
жеткізу.
1.Бесікке салу.
2.Шілдехана.
3.Той бастар.
4.Тұсау кесу.
5.Ат қою.
Әжелерім асыл менен ақылды.
Ажыратар алыс пенен жақынды.
Үйретеді салт-дәстүрді әжелер-дей отырып өздерінің ойға түйгенін
көрсету.
ІІІ бөлім Өнер көрсету.
Қазақ жұрты киелі,
Өнерліні сүйеді.
Сізді сонша аңсап ел,
Би билеп,ән салып
Ортаға салып береді
V бөлім Ұлттық тағамдар
«Ас-адамның арқау» -демекші әжелеріміздің үйлерінен дайындап
әкелген тағамдарын таныстырып өту.
Әділ- қазылар алқасы өз шешімдерін талқылап шешкенше ортаға
«Көгершін» тобының орындауында «Бау бақша белдер» әнін
тамашалаңыздар.
Әр әжелер мен немерелердің өнерлерімен, шеберліктерін,
тапқырлықтарын бағалай келе, «Сабырлы әже» , «Шебер әже»,
«Өнерлі әже», «Тапқыр әже», «Парасатты әже» номинациясы бойынша
барлық әжелер мен немерелер марапатталды.
«Көп жасағанан емес,көп көргеннен сұра» , демекші осы
әжелеріміздің көрсеткенін үлгі тұтып, есімізде сақтап жүрейік.
Осыменен сайысымыз аяқталды. Көріскенше күн жақсы болсын.
Сау болыңыздар!