- Учителю
- Е дыбысы және әрпі
Е дыбысы және әрпі
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Тәрбиеші: Сундетова Н.Д
Мерзімі:
Білім беру саласы: « Қатынас»
Бөлімі:Сауат ашу және жазу негіздері.
Тақырыбы: «Е» дыбысы және әрпімен таныстыру.
Мақсаты: «е» дыбысы және оның әрпі таңбасымен таныстыру; балалардың сөзге дыбыстық талдау жасауын одан әрі дамыту; ұғымталдыққа тәрбиелеу.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыс:«Е» дыбысы туралы түсіндіру.
Әдіс-тәсілдері:түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап.
Қажетті көрнекі құралдар: әріптер, суреттер, жұмыс дәптері.
Қостілдік құрам: дыбыс-звук, сөз-слова, түйе-верблюд, елік-олень.
Іс-әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Баланың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
-Қай ай?
-Аптаның қай күні?
-Балалар, біз қандай дыбыстармен таныстық?
-Дыбыстар нешеге бөлінеді?
-Дауыссыз дыбыстарға нелер кедергі жасайды?
-Дауысты дыбыстарға қандай түспен белгілейді?
-Ал дауыссыз дыбыстарды ше?
-Ал біз әріптерді көреміз бе?
-Дыбысты ше?
-қыс.
-ақпан.
-жұман.
-ж,ң,о,қ т.б.
-екі.
-қызыл.
-көк.
-Ия.
-Естиміз.
Ұйымдастырушылық- ізденістік
-Адамдардың айтатын сөздері әртүрлі болады. Кейбір дыбыстар ауыз қуысынан еркін шықса, ал кебіреуі кедергіге ұшырайды. Айнаны алып қарандаршы, дыбысты айтуға не көмектеседі?
-Әрине, ауыз. Қараңдаршы, ауыз қуысында нелер бар?
Бұлар дыбысты айтуға көмектеседі.
-Мен сендерге дыбыс айтамын, ал сендер дыбысты айнаға қарап қайталайсыңдар. Тәрбиеші «е» дыбысын айтады.
-«Е» дыбысын ауыз қуысында кедергіге ұшырады ма?
-«Е» дыбысын әндетіп айтсақ болады.
-Е-е-е. Өйткені «е» дыбысы дауысты, оны қызыл түспен белгілейміз.
«Е» дыбысының әріп таңбасын кассаға апарып салады.
-«Е» дыбысын ауада жазып көрейікші. Алдымен мен жазайын, содан кейін сендер ауада жазып қайталайсыңдар.
Қостілдік құрам: дыбыс-звук, сөз-слова, түйе-верблюд, елік-олень.
-«Е» әрпі ешкі, елік, ерін, етік, есек, ел сөздерінің басында кездеседі.
Кесе, күрек, бел сөзінің қай жерінде кездеседі?
-Бие, шие, түйе сөздерінің қай жерінде кездеседі?
Сергіту сәті:
Мен өркешті түйемін,
Басымды жерге иеміе.
Маң-маң басып далада,
Жантық жеуді сүйемін.
Дидактикалық ойын:
Бастаушы допты бір балаға лақтырып, жануардың атын айтады, бала допты кері лақтырып, төлінің атын айтады.
Мысылы: сиыр-бұзау, бие-құлын, түйе-бота, есек-қодық, мысық-марғау.
Тәрбиеші артынан қайталайды:
Е-е-е ат үстінде ер,
Ең-ең-ең үлкені мен,
Ең-ең-ең екі жағы тең.
-Балалар, енді біз тең сөзіне талдау жасаймыз.
-Бірінші дыбысты қаттырақ оқимын, т-т-тең.
-Сөздегі бірінші дыбыс қандай дыбыс?
-Дауыссыз дыбыты қандай түспен белгілейміз?
-Бәріміз көк түсті қоямыз.
Тәрбиеші екінші дыбысты қаттырақ созып оқып, қандай дыбыс қандай түспен белгілейміз?
-Енді тағы бір дыбыс қалды, тең-ң-ң.
-«Ң» дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба?
-Оны қандай белгімен белгілейміз?
-«Тең»сөзінде барлығы қанша дыбыс бар?
-Нешеуі дауысты, нешеуі дауыссыз?
Тақтаға кеспе әріптермен ер сөзін жазып, балаларға оқытады.
Ер сөзіне өз беттерімен дыбыстық талдау жасатады.
Көмек керек балаларға тәрбиеші көмектесіп, қатесін түзейді, үйретеді.
Дәптермен жұмыс: дәптердегі №25 тапсырма бойынша орындалады.
Жеке жұмыс жүргізеді.
Айнамен жұмыс.
-Ауыз.
-Тіл, тіс, ерін.
Балалар айнаға қарап қайталайды.
-Жоқ.
Балалар әндетіп айтады.
Балалар естеріне сақтайды.
Қайталайды.
-Ортасында.
-Аяғында.
Іс-қимылмен жасап көрсетеді.
Балалар ойынды қызыға ойнайды.
Балалар естеріне сақтап қайталайды.
2-3 рет «т» дыбысын қайталап, дауыссыз дыбыс екенін айтады.
-Көк түстітекшемен.
2-3 рет «е» дыбысын қайталайды.
-«Е» дауысты дыбыс.
-Қызыл текшемен.
-«Ң» дыбысын қайталап айтады.
-Дауыссыз.
-Көк түсті текшемен белгілейміз.
-Үш дыбыс.
-Екеуі дауыссыз, біреуідауысты.
Тақтадағы сөзді оқиды.
Ер сөзіне дыбыстық талдау жасайды.
Берілген тапсырмаларды орындайды..
Рефлексиялық- түзетушілік
-Қандай сөздерге дыбыстық талдау жасадық?
-Қандай дауысты дыбыспен таныстық?
-Тең жене ер.
-«Е» дыбысымен.
Күтілетін нәтиже:
Біледі:сөздерге дыбыстық талдау жасауды, дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажыратуды.
Игереді: «е» дыбысының дауысты дыбыс екенін.
Меңгереді: кеспе әріптермен сөз жазай білу дағдыларын.