7


Жеміс бағы (0 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тіл дамыту -ұйымдастырылған оқу іс -әрекетінің технологиялық картасы

Тәрбиеші: Рамазан.А.

Білім саласы: Денсаулық

Бөлімі:Тіл дамыту

Тақырыбы: «Жеміс бағы»

Мақсаты: «Жемістер бағында» Бау-бақша тіршілігімен таныстырып дидактикалық ойындар арқылы ойларын толықтыру. Жеміс-жидектердің атауларын айта білу.

Жемістердің пішіні мен түстерін ажырата білуді меңгеріп айта алу.

Билингвальды компонент: бау-сад, жемістер, -фрукты ,алма - яблоко ,өрік - абрикос .

Сөздік жұмыс: нартай ,уылжығанМотивациялық -қозғаушы



-Балалар бүгінгі қызықты сабағымызды бастамас бұрын шаттық шеңберін құрайық.

Біздің топта балалар.

Тату -тәтті ойнайды.

Дос көңілі әрқшана,

тек жақсылық ойлайды.

Біздің топта балалар.

Тату -тәтті ойнайды.

Дос көңілі әрқшана,

тек жақсылық ойлайды.

Балалар қимыл іс-әркеттермен жұмыс жасайды.

Ұйымдастыру іздену -кезеңі

-Балалар көкөністер жемістер қайда өседі?

-Бүгін біздер бау -бақшаға саяхатқа шығамыз.

-Алдымен мен сендерге жұмбақтар жасырамын сендер осы жұмбақтың жауабын тауып айту керекпіз.

Аспай піскен , қайнамай түскен.

Ол не?

-Жемістерге нелер жатады?

-Балалар жемістер қайда өседі?

-Олардың қандай пайдасы бар?

-Жемістер қайда өседі?

«Кім тапқыр» ойыны. Көздерімізді жұмып ,мен жемістер беремін, қолдарыңызбен сезу арқылы жемістерді ажыратасыздар.

Ойын: «Жемістер әлемі»

Жемістерге бөлініп саханалау.

Алма:

Нарттай қызыл алмам бар,

Мәз болады алғандар,

Жазда әдемі киінем,

Тілді балдай үйірем.

Өрік:

Көктемде ерте гүлдеймін,

Кешігуді білмеймін.

Піспей тұрған кезімде,

«Менен аулақ жүр!» -деймін.

Уылжыған өрікпін,

мен бау -баққа көрікпін.

Сұрақтар мен жуаптар:

-Балалар ,аманың ,ріктңи, алмұрттың дәмі қандай?

-Ал шиенің түсі , пішіні қандай?

Билингвальды компонент: бау-сад, жемістер, -фрукты ,алма - яблоко ,өрік - абрикос .

Сөздік жұмыс:

Нартай - қызыл алманың піскен кезін айтады.

Уылжыған - жұмсақ болып піскен алманы айтады.

Дидактикалық ойын: «Алдар көсенің сыйқыры» ойынның шарты мынандай.

-Балалар Алдаркөсе сендерге арнап жемістермен көкөністер дайындап қойды. Сендер берілген көкөністермен жемістерді ажыратып, айтасыңдар.

Жаңылпаштар жаттау.

Не деген таңғажайып бақша бұл,

төбеден алма қарша жауып тұр.

-Бау бақшада.

-Жемістер.

-Алма,өрік,алмұрт, алша,шие.

-Бау бақшада.

-Адамдарға көптеген дәрумендер береді.

-Ағашта өседі.



Балалар жемістерді, көкөністерді, сезу арқылы ажыратады.























Балалар өлеңдегі жемістерді рөлге бөлініп ойнайды.









-Тәтті.



Балалар жауаптары айтылады.

Балалар қайталап айтады

Сөздік жұмысты қайталап айтады.









Балалар ойынға қызығушылықпен қатысып ойнайды.





Балалар жаңылпаштарды жатқа айтады.

Рефлексивті -түзету

-Балалар бүгінгі сабақ не туралы болды?

-Қандай тапсырмалар орындалды?

Балалар бүгінгі сабақ үшін мадақталады.



Балалар жауаптары тыңдалады.

Күтілетін нәтижелер:

Білу керек: жемістер туралы жаттаған тақпақтарын еске түсіреді.

Игеру керек: жемістерді ажырата алады, адам денсаулығына пайдасы бар екендігін игерді.

Меңгеру керек: әр жемістің түсі мен ,пішінін ажыртып айтып меңгерді.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал