7


  • Учителю
  • Сценарий мероприятия в детском саду 16 декабря -день Независимости

Сценарий мероприятия в детском саду 16 декабря -день Независимости

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тәуелсіздік тұғыры биік болсын

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар! Тәуелсіз еліміз болашаққа айқын бағдар түзеп, өркениеттер қатарына қосылуға аяқ басты аспанымыз ашық, еліміз аман болса бұл мақсатқа жетеміз деген сенімдеміз.

Елім менің тәуелсіз жерім менің

Күннен алған шуақты өмір демін.

Рухым ұлттық өсіпті өлместей болып

Көк байрағың төбемнен көрінген күн

Құрметті қонақтар,бүгінгі салтанатты мерекемізді еліміздің ән ұранымен бастайық

Жүргізуші:Балалар бүгін тәуелсіздік мерекесін қызықты тойлау үшін сендер би билеп ән айтып ұлттық ойындар ойнап өнерлерімізді ортаға салайық

Ендеше келесі кезек тақпақтарға береміз

Батыр, Асел ,Амир,Аягул,

Келесі кезек

Әнге береміз «Отан»

Біздің мерекеге қонақтарда асығып келеді Алдымен қонақтарды қарсы алайық.

«Жеті алып» ертегісінен Желаяқ келе жатыр.

Желаяқ:Аяғым жүгіргісі келіп , тыным таппайды. Бір жерде тұра алмаған соң, аяғыма қазандай екі тас байлап алдым , соған қарамастан араларыңа жылдам жеттім.

Жүргізуші;Желаяқ жүгіре, жүгіре шаршаған боларсыз ,отырыңыз төрлетіңіз дем алыңыз ,Көрмейсіз бе ,бізде балалардың жүздері жарқын неге десеңіз бізде бүгін мереке тәуелсіздік күні Ұлттық ойындарды есімізге алып «тақия тастамақ» ойынын ойнайық аяғыңыздағы тасыңызды шешіңіз

Ойын» тақйя тастамақ»

Желаяқ : Ой-Ой ,тастарды бекер шештім ,аяқтарым бір жерде тұра алмайды,жүгіре береді ( жүгіріп залдан шығып кетеді(

Әнге кезек береміз:

«Достық»

Келесі кезек тақпақтарға береміз:

Толғанай,Лия,Нурсұлтан,Ахмедияр, Асель.

Жүргізуші:

Біздің бүгінгі мерекемізге тағы бір қонағымыз келе жатыр, қарсы алайық(қарыны қампиған көлтаусар келеді. Ол аузына су толтырып алған)

Балалар, қараңдаршы қарынынан басқа мүше байқалмайды.

Өзінің омыртқасы қайқаңдаған .Жалпақ бас,жайын ауыз,көнтек ерін,

Сөзімді түсіндіріп айта алмаған

-Бұл- Көлтаусар деген ағамыз қарынын қараңдаршы ,іші толған су

(Басып көреді)

-Сіз қайдан келе жатырсыз ?

(Көлтаусар қолын сілтейді,)

Жүргізуші: Таудың ар жағынан ба?

(Көлтаусар басын изейді)

Жүргізуші: неше көлдің суын тауыстыңыз?

(Көлтаусар иығын көтереді)

Жүргізуші: Саны жоқ десеңізші ,қолыңыздағы не?Балық па?(Көлтаусар басын изеиді)

Жүргізуші:Балалар,Көлтаусар көлдің суын тауысып ,балықтарын бізге ала келіпті. Біз енді осы балықтармен ойын ойнайық.

Ойын: «Бір көлден екінші көлге балықты қармақпен ұстап ,басқа көлге тасу»

(Көлтаусар аузындағы суын шашады )

Жүргізуші:Көлтаусар суыңызды төге бермеңіз, отырған жерімізді су алып кетер. Тобымыздың кадірлі қонағы болыңыз.Балалардың өнерін тамашалаңыз.

Келесі кезек Әнге береміз

Ән «

Жүргізуші:

Көйлектері тал бойына жарасқан,

Сымбаттары Ай мен Күнге таласқан.

Бүлдіршіндер ортада би билейді

Қимылы мен әуені үйлес тапқан.

Келесі кезек .

Би «қара жорға»

(Ортаға садақтың жебесі түседі)

Жүргізуші: Балалар бұл кімнің жебесі болды екен?

Бұл мергеннің садағының жебесі ғой

(Мерген кіреді)

Мерген: Салеметсіздер ме балалар ?Менің жебем сіздерге қарай ұшып кетті. Бұл не думан?

Жүргізуші: Біздің балабақшамызда тәуелсіздік мерекесі өтіп жатыр, төрлет Мерген, қонақ бол. Сен қалай Мерген атандың соны айтшы.

Мерген; Мен кішкене кезімненасық атып жүріп,мерген атандым. Келіңдер балалар, сендерге де үйретейін.

Ойын «Асық ату»

Келесі кезекті әнге береміз

«Біз өмірдің гүліміз»

Келесі кезек тақпақтарға береміз.

Айша,Анел,Жансая

Жүргізуші; өте жақсы балалар, біздің мерекемізге тағыда бір қонағымыз келе жатыр

Келе жатса тау біткен бүлкілдейді,

Төбесі түндіктердің желпілдейді,

Тауларды соғыстырған Таусоғарды,

Көруге көп халайық елпілдейді.

Таусоғар;(иығына тау және сандық көтеріп әкеледі)

Уф, жеттік-ау, мұнда не болып жатыр?

Жүргізуші: Той болып жатыр, дәл келдіңіз ғой.

Таусоғар:Бұларыңыз дұрыс екен. Тойларыңыз тойға ұлассын!

Жүргізуші:Таусоғар сандығыңызда не бар?

Таусоғар:Сандықта, сыйлық бар мен балаларға базарлық әкелдім.

Және балалармен бір ойын ойнағым келді .

Ойын «Арқан тартыс»

Келесі кезекті тағыда әнге береміз.

Ән «

Таусоғар сыйлығын береді.

Жүргізуші:Тәуелсіздікке қол жеткізген күніміз,баршамызға құтты болсын!Еңсесін,асқақтатқан Қазақстанымыз жайнап,гүлдене берсін дей отырып, «Тәуелсіздік тұғыры биік болсын »атты ертеңгілігімізді «Отан ортақ үйіміз» әнімен аяқтаймыз.

Келесі сөзді Қонақтарға береміз.





































































Ключевой орта мектебі ММ

Шағын орталық





Ашық сабақ





Тақырыбы: Тәуелсіздік тұғыры биік болсын.

.

Сценарий мероприятия в детском саду 16 декабря -день Независимости





Дайындаған: Тәрбиеші. Кайнешова. Б.

Нурпейсова.Б.И.



Ключевой 2013 Жыл.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал