- Учителю
- ҚМҰҚ ашық оқу іс-әрекеті 7 саны және цифры
ҚМҰҚ ашық оқу іс-әрекеті 7 саны және цифры
Тогузбаева Гүлмира Жақсылыққызы
№30 «Ұрпақ» мектепке дейінгі ұйымының тәрбиешісі
Ұйымдастырылған іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:ҚМҰҚ
Тақырыбы: 7 саны және цифры. 7 санының жасалуы, 1-ді қосу.
Мақсаты:7 саны және цифрын еңгізу; цифрмен заттың санын сәйкестендіруді үйрету; санды және реттік санау дағдысын жетілдіру; 9 цифрын табу және бейнелеуді үйрету; Балалардың зейіні мен логикалық ойлау қабілетін дамыту; жинақылыққа тәрбиелеу.
Керекті құралдар:Кеспе цифрлар,санауға керекті таяқшалар,суреттер,жұмыс дәптері,үйшіктің сызбасы.
Әрекеткезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардыңіс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы
Балалар,бүгін біздің оқу іс-әрекетімізге «Бауырсақ» ертегісінің кейіпкерлері келді.
Ертегінің 6 кейіпкерін санайды.
Бір кейіпкер жетіспейді, түлкіні орналастырады.
- Енді олар нешеу болды?
Олар қалайша 7-еу болып кетті? (7 дегеніміз -6 және1).
1). Бүгінгі сабақтың тақырыбын кім айтады?
-Кейіпкерлерді санайды.
Сабақтың тақырыбын табады.
Ұйымдастыру-іздену
Содан соң дәптерді ашып
1-тапсырмадағы кемпірқосақты мұқият қарап шығуға шақырады. Кемпірқосақтың неше жолақтан тұратынын білу үшін жолақтарды санаймыз. Түстерді атап көрсетіңдер.
Дәптерді ашып ондағы заттарды санаймыз. Санды 7 цифрымен белгілейді. 7 цифрын табамыз.
Педагог 7 цифры және саны туралы тақпақ оқиды.
Жазда шөпті шабар
Қыста тыным табар,
Шалғы бар әр үйде
«7» ге ұқсас бәріде.
Оны ауаға содан соң аяқтың ұшымен еденге жазамыз. Енді қарындашты алып дәптердегі 7 санын бастырып саламыз:
Алдымен көлдегең сызықты солдан оңға қарай, сосын қисық сызықты жоғарыдан төмен қарай сызамыз.
Сергіту минутын.(7 рет секірту, оң аяқпен 7 рет, сол аяқпен 7 рет жерді тебу, 7 рет қол шапалақтау, парталас досыңмен 7 рет алақан соғу және т.б) өткізгеннен кейін, тапсырманы орындайды:
1-ден 7-ге дейін, 7-ден 1-ге тура және кері санау. Содан соң балалардан көзді жұмып, сандар тізбегіне қарамай санауды сұрайды.
№2 тапсырманы орындайды. Тиісті цифрды көрсетілген орынға жапсырады.
-Заттарды санайды 7 цифрын табады және талдайды. Цифрды ауаға содан соң аяқтың ұшымен еденге жазады.
Содан соң қарындашты алып, дәптердегі 7
санын бастырып салады.
-Математикалық сергіту минутын жасайды. Тура және кері санайды.
-Дәптердегі 2-тапсырманы орындайды.
Рефлексифті түзету
Балалардың 7 санын қаншалықты түсініп, меңгергенін түсіну үшін №3 тапсырманы орындаймыз. Ондағы шарларды кемпірқосақтың түсімен бояу керек.
Шар жетті ме? Неге? Өйткені кемпірқосақтың түсі 7-еу, ал шар 6-ау.
Тағы 1 шардың суретін салыңдар
Сабақты қорытады және белсенділік танытқаны үшін мадақтайды.
-Бауырсақ ертегісінің кейіпкерлерін шығарып салады және оларды кері қарай санайды.
-№3 тапсырманы орындайды.
-Балалар 7 цифры және санымен танысқандарын айтады.
Кейіпкерлерді кері тәртіппен санап шығарып салады.
Күтілетін нәтиже:
Білу:7 цифры және санын;
Игеру:7 цифрының жазылуы туралы түсінікті;
Меңгеру: 7 саны көлемінде тура және кері санауды, заттан тұратын топ құрауды, 7 цифрын тануды