7


  • Учителю
  • Дидактикалық ойындар арқылы оқушылардың таным қызығушылығын арттыру

Дидактикалық ойындар арқылы оқушылардың таным қызығушылығын арттыру

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Дидактикалық ойындар арқылы оқушылардың таным қызығушылығын арттыру



Оқу танымдық әрекет-шәкірттің білімге деген өте белсенді ақыл-ой әрекеті.Танымдық қажеттіліктен, таным әрекетінің негізінде оқушыларда танымдық белсенділік, ізденімпаздық қалыптасады.Оқушының қызығушылын ояту оларды білім алуға уәж қалыптастырады. Оқушының білімге деген қызығушылығы болмаса білім алуға талпыныс та болмайды. Күштеп оқытып берген білім ұмытылып қалады. Сондықтан оқу баланың өзінің білім алу қажеттілігінен туындау керек деп ойлаймын. Оқушыны білім алуға қызықтыра отырып, оның барлық мүмкіндіктерін оқу әрекетіне бағыттау керек. .Сабақтың бірсарынды болуы баланы жалықтырып жібереді , қызығушылықты төмендетіп, зейінін шашыратып, баланың танымын төмендетеді.Оқыту оқушылардың оқуға қабілетін жақсартуға мүмкіндік беретін үдеріс. Ол үшін мұғалім оқудың қалай жүретінін түсінуі, оқытудудың тиімді стилдерін таңдай отырып, оқушыларды ойлануға жүйелі үйрете отырып, олардың шығармашылық қабілеттерін анықтауы және оны барынша жақсы пайдалану жолдарын анықтау міндеттерін шешуі қажет. Ең бастысы оқушылар қалай оқу керектігін білулері керек. Сабақта оқушының оқуын қалай белсендіруге болады? Оқытудың қандай әдістері мен тәсілдерін қолдануға болады?

Сабақты құрылымдауда басты назарды оқу мақсатын оқушылардың өздері айқындауына тапсырмалар дайындаймын , оқушының басқа оқушылармен өзара әрекеттестікте болуына , ең бастысы , оқушының мәселені талқылай отырып, ой елегінен өткізуі, проблеманы анықтап, оны шешудің жолдарын іздестіруі, дәлелдерді талдау , салыстыру, жинақтау, жалпылау және бағалауына, бірін -бірі оқытуына, бірін -бірі және өздерін бағалау дағдыларын игеруіне ықпал жасауға тырысамын.

Танымдық әрекет оқушылардың логикалық ойлауын, жадысын, тілдік қорын дамыта отырып олардың оқуға қызығушылығын қолдайды.Таным әрекетін сабақта ойын әдістерін қолдану белсендіреді. Дидактикалық ойындар балалардың ойын дамытады, олардың психикалық әрекетерін жандандырады. Ойын арқылы оқушының қабілеттері мен біліктілігі дамиды, білімді меңгеруі жеңілдейді, оқу әрекеті жеңіл , әрі қызықты өтеді. Ойын арқылы бала сабақта «жаңалық» ашудың қуанышын сезінуі керек ,сонда ғана одарда өздеріне деген сенім пайда болады. Сабақ баланың мүмкіндігін ескергенде ғана қызықты өтеді. Егер тапсырма оқушы орындай алмайтындай деңгейде берілсе, оқушының қызығушылығы басылып қалады.Сондықтан да мұғалімнің міндеті әрбір оқушының жеке және жас ерекшеліктерін ескере отырып тапсырмалар дайындау.

Шығармашылық , танымдық әрекеттерді белсендіру оқытудың әдістеріне байланысты. Оқу ойлау әрекеттерімен тығыз байланысты. Мен сабақтарда оқушының танымдық әрекеттерін дамыту мақсатында шығармашылық тапсырмалар, логикалық ойлауға тапсырмалар, дидактикалық ойындар, диалогтік оқыту әдістерін, топтық жұмыс формаларын, бақылау жасау,проблемалық сұрақтар, ішінара зертеу әдістерін,

тәжірибе қою ,табиғатқа топсеруен,бақылау күнделіктерін жүргізу, графикалық сызбалар мен суреттерді қолданамын.

Ойын әдістерінің мазмұны баланың даму ерекшелігіне сәйкес және тақырып мазмұнына байланыста болуы маңызды.

Дидактикалық тапсырмалар

Қазақ тілі сабағында Біріккен сөздер тақырыбында «Екі сөзден бір сөз» дидактикалық ойыны

Мақсаты:

оқушыларда қызығушылық тудырады;

таным әрекеті белсенеді;

логикалық ойлау әрекеті дамиды

1.Тақтадағы суреттерге қарап екі суретті біріктіріп, бір жануарды шығаруға болады ма?

Слайдта түйе мен құстың суреттері беріледі.

Осы екі суретті бейнелейтін сөздерді біріктіріп айтсақ ненің аты шығады?

Түйе + құс = Түйеқұс.

Кейбір сөздердің түбірі бірігіп біріккен сөздерді құрайды.

-Тағы да қандай мысалдарды өздерің келтіре аласыңдар?

Осындай кіріспе сұрақтар арқылы оқушылардың жаңа сабақты игеруіне ахуал қалыптастырады.

Біріккен сөздерді бекіту мақсатында сәйкестендіру ойынын пайдалану

Суреттерді сәйкестендіріп біріккен сөзді білдіретін заттарды табыңдар

Слайд арқылы бал, мұздақ, балық, тай, тас, қазан, бақа, ит суреттерін сәйкестендіріп біріккен сөздер ойластырыңдар




Жауабы: Тайқазан, итбалық , тасбақа, балмұздақ


«Бес сөз» ойыны

Мақсаты: Сөздерді буынға бөлуді үйрену;

Сөздік қорларын дамыту

1 Нұсқа.

Бес сөзді таңдаңдар:

Бірінші сөзде - бір буын,

Екінші сөзде - екі буын,

Үшінші сөзде - үш буын ,

Төртінші сөзде - төрт буын ,

Бесінші сөзде - бес буын.

2 Нұсқа.

Сызықшалар - бұл буындар. Бес сөзден тұратын баспалдақ құрыңдар

_ _ _

_ _ _ _ _ _

_ _ _ _ _ _ _ _

_ _ _ _ _ _ __ _ _ _ _ _ _ _

_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _

3 нұсқа

Сызықшалар - бұл сөздердегі әріптер.Сызықша орнына әріптерді қойып,сөз құрастырыңдар

А -

- А-

- - А-

- - - А -

- - - - А-

Сабақты бекіту кезеңінде кестелерді толтыру жұмыстары арқылы оқушылар талдау, салыстыру, жіктеу, білімін жинақтауға үйренеді.

Мысалы:

Өсімдіктердің экологиялық ерекшеліктеріне қарай орнын табыңдар


Өсімдіктер

Су өсімдіктері

Құрғақшылыққа төзімді

Жылу сүйгіш

Суыққа

төзімді

Жарық сүйгіш

Көлеңке

өсімдіктері

Мақта

Қырлышөп

Саумалдық

Күріш

Бидай

Сарғалдақ

Сүттіген

Қазтабан

Жүгері

Арпа

Бақбақ


Суретпен жұмыс.

Суреттер арқылы табиғат аймақтарын анықтау.

Сол аймақтарға тән өсімдіктер мен жануарлар дүниесін сипаттауға тапсырмалар дайындау

Осындай дидактикалық ойындар оқу материалдарын бекітуге , тереңдетуге, табиғаттағы байланыстарды анықтауға ықпал етеді

Оқушылардың зейінін жинақтауға, байқағыштығын дамытуға арналған тапсырмалар


Суреттегі жетіспей тұрған бөліктерді табыңдар.

Ойынның шарты: Сурет беріледі. Мысалы :

Аспанда бұлт көрінбейді. Жаңбыр жауып тұр. Аспанда көбелектер ұшып жүр. Гүлдердің күлте жапырақтары жайқалып тұр.

« Суретте барлығы дұрыс па? Не дұрыс? Егер дұрыс болмаса суретті аяқта »


« Ия - жоқ » ойыны.

Мұғалім белгілі бір затты , обьектіні жасырады. Оқушылар сұрақ қою арқылы табуға тырысады. Бұл сұрақтарға мұғалім « ия » , « жоқ » арқылы жауап береді.

Оқушылар сұрақ қоюды үйренеді. Сұрақ қою оқушылардан ойлануды қажет етеді.

Дидактикалық ойындар оқытудағы танымдық мақсаттарды іске асырудың тиімді құралы . Ойын - бала үшін өзін қоршаған орта туралы ақпарат көзі. Ойында баланың ой әрекеті көрініс табады, бала бақылайды , салыстырады, белгілеріне қарай заттарды жіктейді, жадыны жаттықтырады, тапқырлықты дамытады. Оқу әрекеті «ойын» әрекетінен туындауы керек. Сондықтан да оқу кезінде ойын элементтеріне белгілі бір орын берілуі керек. В.А.Сухомлинский табиғаттың, ойынның, ертегілердің, ән-әуездің керемет дүниесі балалардың алдында есігін жаппауын ескерткен. Баланың мектепке дейінгі кезеңіндегі қажеттіліктерін мұғалім ескерген жағдайда ғана баланың оқуға, мектепке, сыныбына деген қызығушылығын дамыта алады. Сондықтан да танымдық ойындар баланың оқу әрекетінде оның дамуына ықпал етеді. Ойын арқылы баланың әрекеті белсене түседі, таным қызығушылығы артады, шығармашылық қабілеттерін шыңдайды.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал