7


  • Учителю
  • Тәрбие сағаты: «Көктемгі орманға саяхат»

Тәрбие сағаты: «Көктемгі орманға саяхат»

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



</<font face="Times New Roman, serif">«Көктемгі орманға саяхат»



2 - ші сәбилер тобына арналған ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы.

Білім салалары: қатынас, таным, шығармашылық.



Мақсаты: 1. Байланыстырып сөйлеу: тәрбиешімен бірге қысқа әңгіме құрастыра білуге, дыбыстарды анық айтуға үйрету; Сөздік қорларын молайту;

2. Көлем: заттарды ұзындығы және еніне қарай салыстыра білуге үйрету;

Кеңістікті бағдарлау: бағытты анықтауға үйрету: артқа, алға, оңға, солға, жоғары, төмен;

Геометриялық фигуралар: оларды атай білуге, тани білуге, салыстыруға, ажыратуға, ұқсастығы мен айырмашылығын таба білуге үйрету.

3. Бейнелеу өнері: сурет салудың дәстүрлі емес әдісін қолданып, жармаға саусақпен көктемнің ең басты белгісі - күннің суретін салғызу;

4. Белсенділікке тәрбиелеу, психикалық процестер мен жағымды эмоцияларды дамытуға мүмкіндік туғызу.

Технологиялық қамтамасыз ету:

Ойыншықтар: қарға, тиін, түлкі, аю, екі жолақша -«өзен»: жіңішке, қысқа, жалпақ, ұзын, үлкен шаршы, «кемені» құрастырудың сызбасы, суреттер: ағаштар, гүлдер, жәндіктер, жануарлар, күн.

Музыка: «Орманның дыбысы» (« Звуки леса»).

Жүру барысы:

Педагог:- Балалар, біздің топқа не ұшып келгенін қараңдаршы. Қарға бізге көктемгі орманға шақыру қағазын алып келіпті.

- Балалар, орман қашықта, біз онда қалай жетеміз? ( автобуспен, кемемен, ұшақпен, поезбен). Тіпті қарға бізге поезға билет те әкеліпті. Рахмет, саған қарға! (балаларға пішіндер түріндегі билеттер таратылады.)

- Балалар, билеттеріңді мұқият қарап, поездің вагондарындағы орындарыңа отырыңдар. Дұрыс отырдыңыздар, жарайсыңдар, енді көктемгі орманға қарай саяхатқа аттанайық. Біздер көп тұрғыны бар үлкен қаланың жанынан өтіп барамыз, кәне олармен қолымызды бұлғап сәлемдесейік. Міне көктемгі орманға да келдік.

- Балалар, міне орманның шетіне де жеттік. Біздерді орман тұрғындары қарсылап жатыр.

Балалар тиінді, түлкіні, аюды танып жатыр.

- Түлкінің сыртқы түрі қандай?

- Оның сарғыш түсті мамық жүні, үлкен құйрығы бар. Ол орманда тіршілік етеді.

- Түлкі қалай жүреді?

- Ол былай жүреді: ол олжа іздеп жүргенін ешкім білмесін деп құйрығымен ізін кетіріп жүреді.(балалар түлкінің жүрісін салып көрсетеді.)

- Аюдың сыртқы түрі қандай?

- Оның түсі қоңыр, өзі үлкен әрі қолапайсыз, аяғы қисық болады. Ол былай жүреді.(балалар аюдың жүрісін салады.)

- Аю қандай дыбыс шығарады?

- Ол ұр - ыр, ыр.... деп дыбыс шығарады.

- Ал тиін қандай болады?

- Тиін кішкентай мамық жүнді, оның ұзындау әрі мамық құйрығы болады. Ол жаңғақ шағып, бұтадан бұтаға секіріп жүреді.

- Балалар, қараңдаршы өзендер біздің жолымызды жауып тұр. Өзі нешеу? (2)

Олар қандай? (жіңішке - қысқа, жалпақ - ұзын). Жіңішке, өзеннен қалай арғы бетке өтуге болады?(аттап, секіріп). Ал жалпақ өзеннен ше? (жүзіп өту керек). Немен жүзіп өтеміз? (қайықпен, салмен).

- Мен сендерге шаршыдан кеме құрастырып өтуді ұсынамын. Мен сендерге айтып тұрам, ал сендер ромбыдан жасайсыңдар. Жоғары және төменгі бұрыштарын өзіңе қарай бүктесеңдер, кәмпит шығады. Ал қазір тең етіп екіге бүктейміз. Міне біздің кемеміз де дайын болды. Енді өзеннің келесі жағасына шығатын болдық. Жарайсыңдар!

- Балалар, біздер көңілді алаңқайға келіп жеттік. Керемет әдемі екен! Әдемі гүлдер өсіп тұр, жәндіктер ұшып жүр.

- Аралар ұшып жүр. Ызылдап ұшып, тозаң жинап жүр. Ж - ж - ж - ж.

Тәрбиеші жәндіктердің суреттерін көрсетіп тұрады, ал балалар оларды бейнелейді.

- Бір мезетте қайдан екені белгісіз масалар ұшып келді. Алыстан ызыңдары естіледі: з - з - з - з. Жақындаған сайын қаттырақ естіледі: з - з - з - з - з. Кішкентай масалар: з - з - з - з.

- Бұтаның астынан кірпіні көріп қалдық. Ол тікендерін күжірейтіп, «фыр - фыр - фыр»- деп қояды, кішкентай кірпі де « фыр - фыр» деп өзінше қорқытады.

- Ой, ой мынау не? Жылан ғой ысылдап жылжып келе жатқан: с - с - с - с.

- Кейде ағаштардан жапырақ үзіліп түседі: ш - ш - ш - ш - ш деп сусылдайды.

- Тоқылдақтың «тоқ - тоқ» - деп ағашты соғып жатқаны естіледі.

Мынау пыр - пыр етіп ұшып жүргендер нелер екен: бұлар - шегірткелер екен. Олардан қоңыздар да қалмай ж - ж - ж - ж деп ұшады. Құйрығын бұлғаңдатып тиін бұтаққа секіріп кетті. Көбелектерді айтсаңшы керемет, сансыз!

Қанаттары әдемі,

Қызыл - жасыл көбелек.

Гүлге қонып қалыпты

Бір ғажайып керемет.



Бар даланы жайнатып,

Гүлден - гүлге қонады.

Көбелектің қанаты

Гүлдей әсем болады.



Металофонның даусы естілді. Тәрбиеші күннің суретін шығарып іледі.

Балалар өлең жолдарын тәрбиешімен бірге қайталайды:



Алтын күн, жарқыра, жарқыра!

Аспанда құс болып қалықта!

Жердің бетін нұрландыр!

Теңізде жүз балық боп.

Жер бетіне тіршілік сеуіп!

Балаларды сауықтыр!



- Күн сәулесін төгіп тұр ма? Сендер күннің суретін неден бастап салар едіңдер?

- Дұрыс, ең әуелі шеңбер сызып аласыңдар. Содан кейін күннің сәулелерін саламыз. Қанша сәуле саласыңдар? Қараңдар, менде күн бар, ал сендерде әзірге жоқ. Сендер әрқайсың күннің суретін салыңдаршы, көктемгі орманның іші жарқырай түссін!( Балалар жарма салынған ыдыстарға келіп, саусақтарымен күннің суретін салады.

- Қандай керемет сурет салғансыңдар! Көктемде таза ауаға шығып сергігің келіп, бетіңді күн шапағына тосып, алақандарыңды күнге созып, жылытып алып, бетеріңді сипайсыңдар. Осылайша сіздер күннің жылуын сезінесіңдер. Дәл осылай күн жер бетін жылытатынын түсінесіңдер.

- Балалар, сендерге көктемгі орманға жасаған саяхат ұнады ма? Естеріңде ерекше не қалды? Сендер жарайсыңдар, тапсырмаларды орындадыңдар. Енді балабақшамызға қайтатын кез келді. Біз кері ұшақпен қайтамыз.

- Қане моторды қыздырамыз! Р - р - р - р.

- Алақай, біз аспанда ұшып барамыз!



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал