- Учителю
- Занятие по математике на тему Ознокомление с цифрой 1
Занятие по математике на тему Ознокомление с цифрой 1
4-жастан 5 жасқа дейінгі №5 «Бәйшешек» тобы
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы №7
Өткізілетін күні,айы,жылы:
</ Білім беру саласы: «Таным»
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Қарапайым математикалық ұғымдарды
қалыптастыру.
Тақырыбы: 1цифры мен саны туралы танысу.
Мақсаты: 1цифры және үшбұрыш пішіні туралы түсіндіру.
Білімділік міндеті: 1цифры және үшбұрыш пішіні туралы білімін нығайту. Өзге пішіндердің арасынан үшбұрышты табуды үйрету.Цифрды заттың санымен сәйкестендіруге үйрету.
Дамытушылық міндеті: есте сақтау қабілетін дамыту,
Тәрбиелік міндеті:достыққа,алғырлыққа тәрбиелеу.
Әдіс тәсілдер:Көрсету,түсіндіру,сұрақ-жауаптар,әңгімелесу.
Көрнекі құралдар:түрлі суреттер,геометриалық пішін,бір саны.
Сөздік жұмыс: Үшбұрыш
Қостілділік компоненті : бір-один,үшбұрыш-триугольник.
Мотивациялық -
қозғаушылық
Педагог балалармен жылы шыраймен амандаса бастайды.
Шаттық шеңбер:
Балапандай тең басқан,
Дос құшағын елге ашқан.
Тілегіміз тыныштық,
Ашық болсын кең аспан.
Мықты болсын іргеиіз,
Бәрімізде біргеміз!
Балалар тыңдап отырып,қимылын қайталайды.
Ұйымдастыру-іздестіру
Мына жерде 1санын белгі санын белгілейтін суреттер бар.Сәбіз нешеу? Саңырауқұлақ нешеу? 1санымен танысайық.
Мені білгің келсе
Мен таяқша бірмін.
Барлық санға жол бастап,
Ең басында тұрасын.
Ғажайып сәт:
-Балалар қараңдаршы есік қағылғандай.Бізге кім келді екен? Барып көрейінші.Балалар ғажайып математика әлемінен сиқырлы қорап келіпті. Бұл жай қорап емес кілтеулі екен, бізге арнайы тапсырма беріпті. Тапсырманы орындасаңдар ашылады екен.Бұл тапсырманы жұмбақ арқылы орындайды екенбіз.
Жұмбақ жасыру:
Дұрыс үш жақ,
Атын ойлап тап!
-Дұрыс балалар!
-Түсі қандай екен?
-Үшбұрыш екенін қайдан білеміз?
Сергіту сәті:
Бойды сергек тік ұста,
Емін-еркін тыныста.
Оң қолынды соз алға,
Қол ұшына қара да,
Үшбұрыш сыз ауада.
Дидактикалық ойын:
«Үшбұрышты тап!»
Мақсаты:Пішіндердің арасынан үшбұрышты табу.
-Ал енді балалар стол үстіндегі қандай пішіндер бар екен?
- Осы пішіндердің арасынан бүгінгі өткен пішінді табамыз.
Сұрақ-жауап:
-Балалар айтыңдаршы үшбұрышқа не ұқсайды?
Балалар таңдана қарайды.
Балалар, 1 саны туралы тақпақты қайталайды.
Балалар мұқият тыңдайды.
Тапсырманы орындайды.
Жұмбақтың жауабы:
-Үшбұрыш.
-Көк
- Бұрыштарын санау арқылы
Сергіту сәтін
қимыл қозғалыспен жасайды.
Дидактикалық ойын арқылы тапсырманы орындайды.
Пішіндерді атайды.
-Шаршы,шеңбер.
Сұраққа жауап береді.
-Шкаф
-Үйдің шатыры
Рефлексивті-түзетушілік
Өзін-өзі бақылау өзі атқарған жұмысқа баға беру.Балалардың ойын білу үшін,сұрақ қойып, жауап күтеді.
1. -Балалар біз бүгін неше санмен таныстық?
-Қандай пішінмен таныс болдық.
-1 саны сандардың басында тұрама?
Балалар өз ойларын айтады.
Сұраққа жауап береді.
Күтілген нәтиже:
Нені біледі: 1саннын реттік орнын,пішіндерді біледі;
Қандай түсініктерді игерді:санды заттың санымен сәйкестендіруді,көптеген
пішіндердің ішінен үшбұрышты таба білуді;
Меңгерген дағдылар мен іскерліктері: Өзіне таныс заттарды көлеміне қарай
салыстыруды.
Тәрбиеші: Кенжебекова Р.Т.
Қолы _______________