7


Біз құстарды жақсы көреміз.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Ата-аналармен бірлесіп өткізілетін

оқу іс-әрекеті













(ортаңғы топ)









Тәрбиеші: Жанкулиева Н. Х.







Біз құстарды жақсы көреміз.



















































Мақсаты: Балалардың құстар туралы түсініктерін кеңейту. Құстарға

қамқор болуға үйрету .Оларға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту.

Баланың ой-өрісін дамытып, сөздік қорын молайту.Ана мен бала және

ата-анамен балабақша арасындағы қарым- қатынасты нығайту.

Сөздік жұмыс: Қанатты құстар, қыстап қалатын құстар.

Көрнекілік: слайд, жаңғақ, бояу, түрлі-түсті қағаздар, желім, қылқалам.

Алдын ала жұмыс: Құсты бақылау, кітаптардан суретін қарау, қыстап

қалатын жыл құстарының суреті.

Оқу іс-әрекет барысы:

Балалар ата-аналармен бірге ән-саз әуенімен залға кіріп жарты шеңберге тұрады. (шеңбердің ішінде балалар, сыртқы шеңберде үлкендер).

Тәрбиеші:

Сәлеметсіздерме құрметті ата-аналар!

Бүгінгі біздің оқу іс- әрекетімізге келгендеріңізге ризашылығымды білдіремін. Әрине сіздер бізде бірінші рет емессіздер. Сіздер біздің сайыстарда, сабақтарда, мерекелерде жиі кездесетін қонақтарсыңыздар.

Балалар біздің бүгінгі оқу іс әрекетімізге қонақтар келіпті.Қонақтармен амандасайық.

Балалар: Біздер жақсы баламыз Өсті ақыл санамыз Қонақтармен ең алғаш Амандасып аламыз.

Жарқырасын күніміз!

Аман болсын еліміз!

Жақсы ниет тілекпен,

Бастайық сабақ бүгін біз.

Тәрбиеші:

Оқу іс-әрекетімізді бастамастан бұрын аналар мен балалар шаттық шеңберіне

тұрып ,бір-бірімізге «қауырсынды» бере отырып жақсы тілектер тілейік.

(«қауырсынды» бір-біріне бере отырып тілектер тілейді). Тәрбиеші : Орындарымызға отырып, оқу іс-әрекетін бастайық. Балалар отырады.Аналар қастарына отырады.

Тәрбиеші:

Балалар мен қазір сендерге жұмбақ жасырамын,ал сендер шешуін табыңдар:

«Тал басында тамаша үй бар» ( ұя)

Балалардың жауабы.

Тәрбиеші: Балалар жауаптарың дұрыс. Жұмбақтың шешуі «Ұя». Ұяны нелер мекендейді? Құстар туралы сендер не білесіңдер?

Ата-аналармен балалардың жауабы: Құстар адамға дос, олар ағаштарды құрт-құмырсқадан қорғайды. Құстар табиғатқа сән береді. Олардың әуені табиғатты құлпыртып ,адамдардың көңіл-күйін көтереді. (слайд көрсету).

Слайд көрсетіп болғаннан кеиін тағыда жұмбақ жасырамын.

Тәрбиеші: Балалар келесі жұмбақтың шешуін табыңыздаршы.

«Судың бетін сүзіп,Ақ құман жүр жүзіп». (Аққу).

Балалардың жауабы.

Тәрбиеші: Аққу 30-40 жыл өмір сүреді. Оны көрсеңдер көз тоймайтын сұлу құс. Адамдар аққуды атпаған. Жұмыртқасына тиіспеген. Ол киелі құс.

Ән-саз үнімен «Аққу» келеді.

Аққу:Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен сендердің мен туралы айтып жатқандарыңды естіп, сіздердің құстар туралы білімдеріңізді тексерейін деп келдім. Егер сендер менің сұрақтарыма дұрыс жауап берсеңіздер сыйлыққа мына қауырсындарды беремін. Қауырсындарды сұраққа дұрыс жауап берген балаларға ұсынуды Несібелі апайға тапсырамын. Сонымен дайыңсыңдар ма?

Балалар мен ата-аналардың жауабы.

Аққу:Қандай құстарды білесіңдер?

Құстар немен қоректенеді?

Адам қандай құсты аң аулауға пайдаланған?

Қыстап қалатын құстарды атаңдаршы?

Тәрбиеші:Ең үлкен құс пен ең кіші құсты атап беріңдер?

Барлық құстардың ұқсастығы неде?

Маңғыстау облысында қандай құстар мекендейді?

Өз үйін өзі салатын құсты қалай атаймыз?

Аққу: Жарайсыңдар, балалар!Сендер құстар туралы көп біледі екенсіңдер.Ал енді, кім қанша қауырсын жинағанын анықтап, кім құстар туралы көп мағлұмат білетінін анықтайық.

Тәрбиеші: - Қәне, кім қауырсынды көп жинады?Қауырсынды көп жинағандар қолдарын көтереді.(Тәрбиеші санайды. Жеңімпаздарды атайды,мадақтайды.)

Аққу: Балалар орнымыздан тұрып «Торғайды ұстап ал» деген ойынды ойнайық.

Аққу: - Мына торғайымыз ұстатпайтын шапшаң құс екен!

Тәрбиеші: - Енді тағы бір ойын ойнаймыз:

«Адамда барды, құста не деп атаймыз?» деген ойын.

1.Адамда мұрын, құста не? (тұмсық)

2.Адамда қол, құста не? (қанат)

3.Адамда шаш құста не? (қауырсын)

4. Адамның балалары болады, құстың нелері болады? (балапандары)

5. Адам үйде тұрады, құс қайда тұрады? (ұяда)

Аққу:Балалар сендер құс пен адамның арасындағы айырмашылықты ажырата біледі екенсіңдер.Ата-аналар балаларың өте білгір екен. Рахмет сендерге.Ал енді мен достарыма ұшып кетуім керек. Теңіз жағалауында кездескенше сау болыңдар!

Балалар мен ата-аналар аққумен қоштасады.

Тәрбиеші: Біздер құстар туралы көп айтық, көп білдік. Ал енді «Құстар» тақырыбына қатысты оқу іс-әрекетімізді құрметті ата-аналар, балалар барлығымыз мыны үстелге келіп әрі қарай қол-өнер бұйымдарын жасаумен жалғастырайық.

Ән-саз әуенімен ата- аналар балаларымен бірге жұмыстар жасайды. Тәрбиеші жасаған жұмыстарын көрсетулерін сұрайды.

Тәрбиеші:Рахмет сендерге! Қане қошемет көрсетеміз! Құрметті қонақтар және ата-аналар қазір біздің балалар сендерге құстар туралы тақпақтарын айтып береді.

Балалар тақпақ айтады

Тәрбиеші:Ата-аналар! Балалар!Мен сендерді мына ортаға шақырамын.Біз қол ұстасып «Бақыт» құсын жасайық.

Тәрбиеші: Қанаттарымызды қағайық

Жерден жәйлап ұшайық.

Терең -терең дем алып

Аспанға біз ұшайық.

Балапандарымызды құшақтап,

Жайлап жерге қонайық.

Орнымыздан тұрайық,

Қонақтарға қарайық.

Тәрбиеші: Құрметті ата-аналар!Балалар! Сіздерді бүгінгі оқу іс-әрекетімізге жақсы қатысқандарыңызға,белсенділік танытқандарыңызға үлкен ризашылығымды білдіремін!

Құрметті қонақтар ! Бүгін біздің ата-аналар мен балалардың сіздерге арнап жасаған сыйлықтары бар. Соны табыс етуге рұқсат етіңдер!

Біз құстарды жақсы көреміз.Біз құстарды жақсы көреміз.



















Біз құстарды жақсы көреміз.

Біз құстарды жақсы көреміз.



















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал