- Учителю
- Ашық сабақ тақырыбы: Менің отбасым
Ашық сабақ тақырыбы: Менің отбасым
«Балбөбек» II кіші тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
</ Күні: 29.03.2016
Тәрбиеші:Бакышева Света Мирамқызы
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Тіл дамыту
Тақырыбы:Менің отбасым
Мақсаты:Отбасы туралы түсініктерін кеңейту.Балаларға отбасымен сыйластықта,татулықта,бірлікте болуды үйрету.Баланың үйдегі орны түсініктерін қалыптастыру,үлкенді сыйлау,кішіге қомқор болу,жауапкершілік сезімдерін дамыту,тәрбиелеу.
Әдістер:Көрсету,түсіндіру,сұрақ - жауап,мақтау,ойын,мадақтау,қортындылау.
Қолданылатын көрнекі құралдар, құрал-жабдықтар:Үлгі суреттер,отбасы мүшелері туралы көркем сөздер,слайд көрсету.
Қостілділік компонент(билингвальный):ата-дедушка,әке-отец,ана-мать,әже-бабушка,аға-брат,іні-братишка,әпке-сестра.Іс-әрекет
кезеңдері
Тәрбиешінің әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Себепті қызығушылығын ояту кезеңі
Шаттық шеңбері:
-Біз кішкентай баламыз,
Өсіп-өнім толамыз.
Күнге қарай талпынып,
Көкке қанат қағамыз.
Жабырқауды білмейміз,
Жалқаулықты сүймейміз.
Біз талантты жас,ұлан,
Үлгі аламыз жақсыдан.
Балалар шаттық шеңберінде тілектерін білдірді.
.
Ұйымдастыру-шылық ізденіс кезеңі
-Балалар ,көңіл күйлеріңіз қалай?
-Ойын ойнағыларыңыз келе ме?
Олай болса,мен сендермен «Мақалды жалғастыр» деген ойын ойнағым келіп тұр.
Ойын шартты:Мына қолымдағы допты кез келген балаға мақалдың бір жолын айтып лақтырамын,қағып алған бала мақалдың жалғасын айтып,допты кері қайтарады.Мұндағы мақсат Балалар сендердің білімдеріңді сынап,үлкендерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Атаның сөзі.
Ананың көңілі балада,
Атаның баласы болма,
Әдепті бала-арлы бала,
Жақсыдан үйрен,
Ағасы бардың,
Інісі бардың,
-Жарайсыңдар балалар.
-Балалар,бүгін бізде Тіл дамыту ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті.Енді,бүгін оқу іс-әрекетінде «Менің отбасым» тақырыбында әңгімелесеміз.
Слайдтан көрініс
Балалар Мынау отбасы мүшелерінің суреті.Әркімнің өз үйі бар.Әркім өз үйін жақсы көреді,себебі ол сендердің туған үйлерің.Ол Ол үйсендер үшін жайлы да жылы.Онда сендерді жақсы көретін,сендер жақсы көретін адамдар тұрады.
-Балалар отбасы мүшелері кімдер?
-Бір сөзбен қалай атауға болады?
-Кім өз отбасы туралы әңгімелеп береді?
-Аналарың сендерді қалай еркелетеді?
Отбасы мүшелеріне арналған көркем сөзді кім біледі?
Сергіту сәті.»Тату тәтті отбасы»
Балаларға әр отбасында әр түрлі болатының айттым.Яғни «отбасында 3адам,4адам,5адам болады» деген нұсқауын бойынша айтылған санға сәйкес балалар топ болып, бір бірімен құшақтасады.
Слайдтан көрініс.
-Балалар мынау қандай отбасы?
-Отбасы мүшелеріне байланысты қандай тақпақ білесіңдер?
-Балалар маған кім отбасын жақсы қасиеттерін әңгімелейді.
-Бәріміз де осындай ата-анамыздың қуанышы болып,әдепті болуға үйренейік.
-Ата болып ақыл айтып көріңдер,
Әже болып,ертегі айтып беріңдер,
Әке болып еркелетіп көріңдер,
Ана болып,мейірімділік төгіндер.
Аға болып үлгі көрсет кішіге,
Іні болып,көмектес сен ісіне,
Әпке болып,мейіріммен аяла,
Қарындас боп,бауырынды саяла!
Дидактикалық ойын.
«Әр заттың өз орны бар».
Балаларды үш топқа бөлдім,қалташаның ішіндегі заттарды қарастырдым,әр затты өз қызметіне қарай топтастырып,бөліп алып,тиісті өз орындарына қораптарға салады.
-Жақсы
-Иә
Ойын шарттын зейін қойып тыңдайды.
Ойынды алғастырады.
-баланың көңілі далада.
-адамның баласы бол.
-Әдепсіз бала -сорлы бала.
-жаманнан жирен.
-Жағасы бар.
-тынысы бар.
Ата,әже,әке,ана,аға,іні,әпке,қарындас.
-Отбасы.
Менің отбасым бақытты. Отбасымдағы әрбір сәтім қуаныш сыйлайды.Менің отбасым тату.
-аппағым,томпағым,еркем,құлыным.
Атамнан басталар,
Әжемнен қосталар.
Ең жақын адамдар-
Әкем мен Анам бар,
Бір туған ағам бар,
Бір туған апам бар,
Бәрін жақсы көремін,
Еркелеймін еремін.
Балалар орындады
«Бақытты отбасы»
Қомқор дәйім,
Күн мен Айым-Әпкетайым!
Балалар қайталады.
Балалар қайталады.
Балалар орындады.
Іс-әрекеттің бағалау кезеңі
-Кімдерге арналған көркем сөздер айттық?
-Қандай ойын ойнадыңдар?
Оқу іс әрекетіне жақсы қатысқан балаларды мадақтадым.
Балалар бәріміз шеңбер жасап тұрайық.Балалар ойыншық жүрекшені бір-біріне ұсына отырып өз отбасына,оның мүшелеріне сүйіспеншіліктері мен тілектерін білдірді.
-Мен барлық отбасына амандық,дендеріне саулық тілеймін!Балалармен қоштастым.
-Ата-әже,әдептілікке баулитын.
-Өз орнын тап!
-Елімізге тыныштық тілейміз!
-Күніміз жарық болсын!
-Аспанымыз ашық болсын!
-Деніміз сау болсын!
-Нанымыз коп болсын!
-Бәріміз тату болайық!
-Ата-анамыз аман болсын!
Балалар қоштасты.
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек:Балалар ата-ананы қадірлеуді,жеке басның тазалығын сақтауды біледі.
Нені игереді:Балаларды өз-өзіне деген сенімділігін тудырып,өз ойларын жинақтап,әңгімелеуді меңгереді.
Нені біледі:ойын кезінде ойыншықтарды дұрыс қолдана алды.