7


Математика 6 саны және цифры

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: 6 саны және цифрі

Сабақтың мақсаты:

1. 6 санымен және цифрімен, алтыбұрыш фигурасымен таныстыру

2. Математикалық тілін, ойлауын дамыту

3. Өз бетімен жұмыс істеуге, тазалыққа тәрбиелеу

Өткізу әдісі: түсіндіру, көрсету, өздік жұмыс

Көрнекілігі: суреттер, сандар

Сабақтың мазмұны

I. Ұйымдастыру

- Оқушылардың партада дұрыс отыруларына назар аудару

- Сабаққа зейіндерін аудару

- Сергіту сәті

II. Өткен сабақты еске түсіру

- 1 мен 10 аралығындағы сандарды өсу ретімен санау

- Кему ретімен санау

- 3 санының құрамын пысықтау

- 5 санының құрамын пысықтау

- 4 санының көршілерін атау

III. Жаңа сабақ

Мұғалім қолына 5 жұлдыз ұстап тұрып, оларды санатады. Сол 5 жұлдызға тағы 1 жұлдызды қосып, енді жұлдыздардың саны 6 - ға тең болғанын дәлелдейді. Қолына алтыбұрыш фигурасын ұстап тұрып, оның алты бұрышы және 6 қабырғасы бар екенін көрсетеді. Бұл фигураның бүгінгі сабаққа қатысы бар немесе жоқ екенін оқушыларға анықтатады.

1 - тапсырма. Теңдіктер қалай құрылғанын түсіндір.

1 - сурет. Шкафта 5 көйлек бар, оған тағы 1 көйлекті әкеп қоссақ қанша көйлек болады?

6 көйлек болады.

2 - сурет. 6 тігінші қыз көйлек тігіп отырды. Оның біреуі көйлегін тігіп бітірді. Көйлек тігіп бітірмеген әлі қанша қыз бар?

5 қыз қалды.

5 + 1 = 6 6 - 1 =5 екенін оқушылар 1 және 2 - суретке қарап тапсырма орындаған кезде өздері қорытындылайды.

6 > 5

5 көк түсті алтыбұрышқа 1 қызыл түсті алтыбұрыш қосылды. Барлық фигура қанша болды?

Барлық фигура 6 болды.

5 + 1 = 6; 6 - 1 = 5 екенін оқушылар өздері қорытындылайды

3 - тапсырма. Салыстыр.

1 - сөреде 5 жіп бар. 2 - сөреде 6 жіп бар. Қай сөредегі жіп көп?

5? 6

6? 5

IV. Өздік жұмыс

4 - тапсырма. Тиісті сандарды таңда.

?? 5 =?

? +? = 5 5 -? =?

5 - тапсырма. Жауабын ата.

2 ханқыз және 5 көбелек ұшып жүр. Барлығы қанша жәндік ұшып жүр?

3 + 2 =?

</<font face="Times New Roman, serif">2 + 3 =?

5 - 3 =?

5 - 2 =?

1 қоңыр түсті саңырауқұлақ және 2 қызыл түсті саңырауқұлақ өсіп тұр. Барлығы қанша саңырауқұлақ өсіп тұр?

1 + 2 =?

? +? =?

3 - 1 =?

? -? =?

Жерде 3 қарағай бүрі және 1 шырша бүрі жатыр. Барлығы неше бүр жатыр?

3 +? =?

? +? =?

4 -? =?

? -? =?

6 - тапсырма. Салыстыр. Ұқсастығы неде? Айырмашылығы неде?

V. Сабақты қорытындылау

Біз бүгін 6 саны және цифрімен таныстық







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал