- Учителю
- Сценарий утренника Ко Дню Независимости
Сценарий утренника Ко Дню Независимости
</<font face="Times New Roman, serif">Тәуелсіздік күні.
Жүргізуш: Құрметті қонақтар! Егеменді еліміздің тәуелсіздік күні құтты болсын. Сіздерге тілеріміз тәуелсіз мемлекетімізде желбіреген көк тудың астында бейбіт өмір сүрулеріңізге тілектеспіз! Сол болашақтың тірегі мына бүгінгі бүлдіршіндерімізді қарсы алыңыздар.
Балалар кіреді 3-қатарға тұрады
Барлығы бірге:
Гүлдене бер Қазақстан
Астанамыз жас қала
Жасай берсін кең дала
Астанамыз жас қала
Жүргізуші: ҚР әнұраны орындалсын
«Әнұран» хормен.
(Балалар орындарына отырады)
Жүргізуші :Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік өлең шумақтарды қабыл алыңыздар.
Тақпақ:
Ән «Ағайынбыз бәріміз»
( Бүлдіргіш кіреді)
Бүлдіргіш: Сәлеметсіздерме балалар, менің атым Бүлдіргіш. Мені бұлай атайтын себебі мен оқығанды жек көремін. Мен керісінше жүгіргенді, бұзықтық жасағанды, үлкендерді тыңдамағанды жақсы көрем.
Жүргізуші: Сенің оның дұрыс емес Бүлдіргіш . Біздің балалар ондай емес
Бүлдіргіш: Канекей не отырыс? Оданда тұрып ойнамаймыз ба? Менің ішім пысты . Мен бір қызық ойын білемін.«Күйші» деген.
Жүргізуші: Ал ойнасақ ойнайық.
Ойын «Күйші»
(Әже кіреді балалардан сұрайды)
Әже:Балалар сендер менің немерем Бүлдіргішті көрген жоқсыңдар ма?Қашан ақылы кіреді екен?
Асық ойнаған озар,
Доп ойнаған тозар,
Ал кітап оқып,білім алған озар.
Бүлдіргіш: Кітапты қайтем, мен әлі кішкентаймын.
Әже: Жүр мен сені Гүлмира апайға алып барайын,ән үйрен , тақпақ жатта.
Бүлдіргіш:Өзің барып жаттай берші, мен кішкене ойнай тұрайын.
Әже: Гүлмира апай осы баланы тәрбиелеуге көмектесіңізші
Жүргізуші: Әрине көмектесеміз! Мерекеге қош келдіңіздер төрлетініздер.
Ал Бүлдіргіш сен зейін салып тыңда
Слаид: (Қазақстан, Астана, елбасы, рәміздер)
-Біз қай елде тұрамыз?
-Қай қалада тұрамыз?
-Қ.Р- президенті кім?
-Қ.Р рәміздерін атап беріңдер?
Слайд:1
Тақпақ:
Бүлдіргіш: Әже мен еліміз жайлы рәміздер жайлы көп нәрсе білдім.
Әже: Жарайсың балам, ылғи осындай ақылды бол. Мен осы қуанышты хабарды сенің анаңа айтайын (кетеді)
Жүргізуші : Біз болсақ мерекемізді ары қарай жалғастырайық
Тақпақ :
Би «Қамажай»
Домбыра үнімен:
Жүргізуші: Балалар бізге қонақтар келді
1 бала Камила: Берекелі мерекелі Атыраудан келіп тұрмыз
Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын!
Шын жүректен баршаңызды құттықтаймыз!
2 бала Айсұлтан: Ағызып теңіз мұнайдан
Елімізді байытқан
Тұлпарын қосқан бәйгеге
Күнде озып жүлде алған
Ойын «Орамал алу»
Ән « Қазақстан туған жерім»
Жүргізуші: Балалар бізге тағы қонақтар келе жатыр
1 бала : Мен келдім Алматыдан
Бейне бір гүл бағынан
Жолдаймын ыстық сәлем
Оңтүстік Астанадан
Жүргізуші : Балалар Алишер бізге Тәуелсіздік мерекесіне сыйлық ретінде «Қара жорға» биін ала келіпті
Би «Қара жорға»
(Келіншек кіреді)
Келіншек : Сәлеметсіздер ме! Тәуелсіздік мерекесімен сіздерді құттықтаймын. Менің ұлым бүлдіргішті көрген жоқсыздар ма?
Жүргізуші : Сіздің ұлыңыз енді Бүлдіргіш емес ол Қолқанат - көмекші
Келіншек: Ия әжесі бұл жақсы хабарды маған айтты . Сіздерге көп рахмет балалар . Енді менің баламда ақылды болады. Мен бүгінгі мерекеге құр қол келген жоқпын.
(түйе кіреді)
Мінекей мына жемістен дәм татыңыздар .
Жүргізуші: Бүгін, міне, Егеменді тәуелсіз еліміздің ұлы мерекесін тойладық. Жүзіміз жарқын болып, аспанымыз ашық болсындеп тілейміз. Егеменді елдің болашағы - сендерсіңдер! Сендерге зор денсаулық, көңілдеріңе шаттық тілей отырып, атар әрбір таңдарың арайлы да шуақты болсын, күннің нұры сәулесін мол төксін деп ертеңгілігімізді Атамекен әнімен аяқтағым келіп отыр
Ән «Атамекен»
4
1
3
2
4
1
4
2
3
1
3
2
4
1
4
2
4
1
3
2
4
1
4
2
3
1
3
2
4
1
4
2
4
1
3